КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік тапсырысымен «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС «Сәбилерді сөйлетейік» атты балалардың тілін дамытуға арналған бейнероликтер  байқауын  өткізеді.

Мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік желілерде балаларға арналған қазақ тіліндегі видеоконтенттің саны мен сапасын арттыру және арнайы түсірілген бейнероликтер арқылы 3-6 жастағы балалардың қазақша еркін сөйлеуін дамыту.

Қатысушылар. Еліміздің барлық өңірінің кез-келген жастағы тұрғыны
(
әке-шеше, ата-әже, аға-әпке, тәрбиеші және т.б.) қатыса алады.

Тақырыбы мен мазмұны. Балаларға сандардың, заттардың (азық-түлік, жеміс-жидек, ыдыс-аяқ, киім-кешек, үй жиһазы және т.б. тұрмыстық заттардың), дене мүшелерінің, отбасы мүшелерінің, түстердің, үй жануарларының, аңдардың, құстардың, қимыл-әрекеттердің, жыл мезгілдерінің, ауа райының, мамандық иелерінің және т.б. атауларын атап, ажырата және салыстыра білуді үйрету.

Талаптары мен шарттары: 

1) жоғарыда берілген тақырыптардың ең кемі біреуі бойынша ұзақтығы 3 минуттан аспайтын бейнеролик түсіру;

2) бейнероликті #сәбилердісөйлетейік хэштегімен өзінің Instagram, TikTok, Facebook парақшаларында немесе YouTube сервисіндегі «Shorts» функциясына жүктеу. Бейнеролик салынған әлеуметтік парақшалар ашық болуы тиіс;

3) бейнероликті жүктеу барысында міндетті түрде Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің (Instagram: «almaty_til», Facebook: «Almaty Til») және «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС  (Instagram: «@_mtdi_», TikTok: «@mtdi.kz», Facebook: «Мемлекеттік тілді дамыту институты», YouTube: «@mtdivideo») ресми парақшаларына жазылу және бейнероликке көрсетілген аккаунттарды белгілеу;

4) жүктелген бейнеролик 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін көп қаралым, лүпіл және пікір жинауы тиіс.

Қорытынды. Байқаудың талаптары мен шарттарына сәйкес Instagram, TikTok, Facebook әлеуметтік желілерінің және YouTube сервисінің әрқайсысы бойынша жеке-жеке үздік шыққан бейнероликтер іріктеледі.

Марапаттау. Үздік деп танылған бейнеролик авторлары Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хатымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады. Марапаттау рәсімі 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін өтеді.


Байланыс телефондары: 7079040068, 7759083633, 7077810231, 7012789878.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 905 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2103 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2846 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2619 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика