КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту  және ономастика бөлімі Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты көпшілікке көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау.

Сондай-ақ жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.

Көрермен және құрметті қонақ ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, зиялы қауым, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері, әдебиет сүйер қауым, студент жастар мен оқушылар және т.б. қатысты.

Байқауға Алматы қаласының әр ауданынан 15-30 жас аралығындағы 2 талапкерден қатысып, 3 кезең бойынша өнер көрсетті.

«Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауының кезеңдері:

1-кезең: прозалық шығармадан үзінді оқу;

2-кезең: драмалық шығармадан үзінді оқу;

3-кезең: поэзиялық шығарма (өлең) оқу.

Қазылар алқасы құрамында белгілі әдебиетші ғалымдар, ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері,  қоғамдық ұйымдардың өкілдері болады.

Байқаудың нәтижесінде: 1 орынды Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының ұстазы Мажит Нұртуған, 2 орынды №13 мектеп-гимназиясының ұстазы Досанов Рамазан және 3 орынды №206 мектеп-гимназиясынан Оңғарбай Фариза иеленді. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика