КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

21 қараша күні Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференцияда «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауының  жеңімпаздары марапатталды.

Байқаудың мақсаты – қазақ тілін заманауи талаптарға сай оқытатын кәсіби мамандардың еңбегін дәріптеу, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оқыту үдерісіндегі үздік тәжірибелерді кеңінен тарату.

Байқауға барлық білім беру деңгейлері бойынша қазақ тілінің оқытушылары мен мұғалімдері қатысты. Барлығы 44 өтінім қабылданып, оның ішінде талаптарға толық сәйкес келген 23 жұмыс таңдалды. Байқау үш кезеңнен тұрды. 30 қыркүйекте аяқталған алғашқы кезеңде педагогтер қазақ тілі пәнінен таңдаған тақырыптары негізінде қысқа видеоролик, reels, инфографика, анимация, сторителлинг, lifehack, mini-sketch сияқты заманауи форматтағы материалдарын ұсынып, өздерінің креативті оқыту тәсілдерін көрсетті. Барлық жұмыс TikTok және Instagram желілерінде #ҚТҮОАлматы2025 хэштегімен жарияланды.

Екінші кезеңде мұғалімдер қазақ тілін оқытуға арналған авторлық әдістемелік өнімдерін – оқу құралдарын, нұсқаулықтарын, жұмыс дәптерлерін және өзге де материалдарын ұсынды.

Үшінші кезеңде қатысушыларға арнайы педагогикалық ситуациялар мен кейс-сұрақтар ұсынылды. Бұл кезеңде оқытушының мәселені шешу шеберлігі, педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдай алу қабілеті, кәсіби рефлексиясы мен құндылықтық бағдарлары бағаланды. Осы кезеңдердің қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталып, жүлдеге лайық деп танылды.



Қазылар алқасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ермекова Тыныштық, педагог-шебер Шатемірқызы Ақмарал, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Ибраева Жанар, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Қалымбет Бақыт және Мемлекеттік тілді дамыту институтының әдіскері Қамбарова Бекзат мүшелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары:

Бас жүлде ¬– №55 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сексенбаева Арайлым Алпысбайқызы;

І орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, педагогика магистрі  Сәтбекова Айгүл Ахметқызы;

ІІ орын – №92 мектеп-лицейдің мұғалімі Айман Арайлым Икрамқызына;

ІІІ орын – «Живая Вселенная» эко мектебінің мұғалімі Абу Ақбота Біржанқызы.

№140 гимназияның мұғалімі Әбдіманап Дана Қанатқызы, №22 мектептің мұғалімі Қадирова Айгүл Байбөріқызы және №178 мамандандырылған лицейдің мұғалімі Жеңсікбаева Назигүл Бақытқызы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Сонымен қатар байқау жеңімпаздарынан бөлек мұғалімдерге арнайы номинациялар да берілді. ALT педагогикалық колледжінің мұғалімі Шамшадинқызы Ақнұр – «Креативті ұстаз» номинациясы, №206 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қайназарова Жұлдыз Есімханқызы – «Шығармашыл ұстаз» номинациясы, №45 мектеп-гимназиясының мұғалімі Амангелдиева Арайлым Тілеубайқызы – «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




















05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 6257 0



15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 6032 1







14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 5639 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика