КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

14 қараша күні Қызылорда қаласында Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектепте қалалық білім басқармасының 2025–2026 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылатын «Тілге бойлау: Тіл білімі мектебі» жобасы бойынша ерекше маңызы бар республикалық деңгейдегі конференция өтті. Конференция «А. Байтұрсынұлы және қазақ тілінің пән ретінде оқытылуы мен ғылым тілі болып қалыптасуы» тақырыбына арналды



Конференцияға Алматыдан арнайы келген қонақтар қатысты. Атап айтқанда, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Бижомарт Сейсенбекұлы Қапалбек, «Ахмет.Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдап, көрермен сүйіспеншілігіне ие болған актер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парасат орденінің иегері Байғали Мақұлбекұлы Есенәлиев, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аскар Әбдуәлиұлы Турғанбаев болды.

Оған қоса, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры Аман Мәделханұлы Абасилов, Қызылорда облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Сырым Құрманғазыұлы Асқаров, «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры Марат Жайылханұлы Аралбаев, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Мартана Қонысбекқызы Дәулетбаева,  Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы Мұхтар Мәуленұлы Ниязов, Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ғалия Ермағанбетқызы  Ибрагимова, әдіскер Жанна Ержанқызы Омарова және білім саласының мамандары, ұстаздар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Сондай-ақ зум арқылы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті профессоры Бекен Сағындықұлы, А.Байтұрсынұлы музей үйінің аға ғылыми қызметкері Әділет Ахметұлы қатысты.



Конференция барысында бірнеше маңызды баяндамалар ұсынылды. Бижомарт Сейсенбекұлы «Жаңартылған бағдарламадағы қазақ тілі пәнінің мақсаты және білім мазмұны» жөнінде сөз сөйлесе, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлы «А. Байтұрсынұлының сөйлем жүйесіне қатысты ғибраты» тақырыбын талдады. Профессор Аман Абасилов «Ақымет Байтұрсынұлының қоғамдық-шығармашылық және ғылыми қызметінің Қызылорда кезеңі» баяндамасында Ахаңның Қызылорда кезеңіндегі қоғамдық және ғылыми қызметіне тоқталды. Ал ақын, түркітанушы Әділет Ахметұлы «А.Байтұрсынұлы «Әліппесіндегі» ұлттық құндылықтар» туралы баяндама жасап, тың деректермен бөлісті.

Конференция барысында қонақтар мектепте ашылған ғылыми зерттеу орталықтарының жұмысымен танысып, оқушылармен еркін форматта пікір алмасты. Оқушылар «Ахмет үні» атты монологты орындап, Ахмет бейнесін сомдаған Байғали Мақұлбековке өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сонымен бірге Бижомарт Қапалбектің «Адамдық диқаншысы» пьесасы негізінде шағын көрініс көрсетіп, Байғали Есенәлиевтің өлеңдерінен үзінді оқыды.

Конференцияға онлайн және офлайн форматта қатысқан мектеп оқушылары, мұғалімдер мен өзге де тыңдаушылар Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы туралы мол ақпарат алып, конференцияның сценариін тыңғылықты әрі қызықты ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры Алимова Айжанға ризашылығын білдірді.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




















05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 6271 0



15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 6047 1







14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 5653 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика