КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі тағы бір мәрте сынға түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты дәстүрлі облыстық байқауда биыл 6 команда бақ сынады. Бұрынғы жылдары оннан астам команда қатысатын байқаудан биыл кейбір аудандардың қызметкерлері белгісіз себептермен бас тартқан. Бір қуанарлығы, өзге ұлт өкілдері көбірек шоғырланған Өскемен, Зырян, Курчатов қалалары мен Бородулиха, Ұлан аудандарының өкілдері сайысқа үлкен белсенділікпен қатысты.
Ал жол шалғайлығына қарамай жеткен Тарбағатай ауданының қызметкерлеріне деген көрермендердің алғысы ерекше.
Сайыс бес кезеңге бөлінді. Алғашқы кезеңде сайыскерлер өздерін өлең-жырмен, ұтқыр сөздермен таныстырды.
Бұл сайыс бөлігінде «Қаражорғаға» билеп тұрып өздерін таныстырған курчатовтықтардың өнері жоғары болды.
Бұдан кейінгі «Іс жүргізудегі сөз қолдану», «Қазақ тілі жаңа технологиялар әлемінде», «Терминдер әлемі» сынды кезеңдерде әр қатысушы өзінің қазақ тіліне деген қарым-қабілетін әйгіледі. Ал берілген тақырыпты іліп әкетіп, сол мазмұнда мүдірмей сөйлеуді талап ететін «Қазақ сөзі» атты сайыстың соңғы бөлімі бірталай қатысушыларды састырып тастады. Бұл сыннан сүрінбей өткен облыстық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Медет Жайдарбеков пен Курчатов қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айнұр Ахметованың атын айрықша атай кеткен ләзім.
Сайыс қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданының намысын қорғап келген Тұғыл ауылдық әкімдігінің қызметкерлерінен құралған «Айдын» командасы бірінші орынды, курчатовтық «Рух пен тіл» командасы екінші орынды, Бородулихадан келген «Қарағайлы» командасы үшінші орынды қанжығаға байлады. Өкінішке қарай, республикалық байқауға бірде-бір команда жолдама алған жоқ. Өйткені, ұйымдастырушылар дүбірлі додада облыс намысын қорғай алатын бірде-бір команда болмады деген тұжырым жасады. Осыдан-ақ, «Мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге дайынбыз ба?» деген сұрақтың алдымызда әлі көлденеңдеп тұрғанын түсіне беріңіз.

Мұратхан Кенжеханұлы
Аltaynews.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 582 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 828 0















31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 48415 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46355 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44115 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика