КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Baq.kz порталының жазуынша, «Алматыда қазақ тілінде сөйлеңіз» дегені үшін «Жұлдыздар отбасы – Аңыз Адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай сотталыпты. Журнал редакторы жазасын 3 қыркүйектен бастап өтейтін болыпты» – дегенді естігенде өз көзімізге өзіміз сенбей қалдық…
Жарылқап Қалыбайдың ұсталғаны туралы хабар саясаттанушы Расул Жұмалының Facebook парақшасында жарияланыпты. Расул рас айтса: «Жарылқап Қалыбай Қазақстанның ұлттық әуе компаниясының жолаушысы ретінде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұрайды!» – дейді. Иә. Онда тұрған не бар. Тәуелсіз Қазақстан аумағында Атазаңымыз бойынша кез-келген елдің азаматы да шетел Ресейдің тілінде, не өзге тілде емес… Қазақстанның мемлекеттік тілінде сөйлеуі тиіс!
Ал сол үшін, Атазаңымызды талап еткені үшін Қазақстан азаматы сотталып жатса… онда Қазақ мемлекеті бар ма өзі ?!. –  деген сұрақтың да туындауы сөзсіз! Иә, басы бар, миы бар, қазақы қаны бар кез-келген Қазақстан азаматы осылай ойлайды! Ал басы болғанмен мемлекеттік тілге жететін миы жоқ, жаны болғанмен… қазақы қаны жоқ, мол табысы болғанмен… ұлттық рухы мен намысы жоқ… сауатсыздар болса, онда амал жоқ!…
Атазаңды талап еткен Қазақстан азаматы Жарылқап Қалыбайдың тез арада босатылып, кінәліліердің жауапқа тартылуын талап етеміз… Әйтпесе, нағыз қазақтар қандай болатынын көрсетуіміз де қиын емес…
Соңғы мәліметтер бойынша, Скат компаниясы тарапынан “Жарылқап Қалыбай қызуқандылық жасады” деген тура кінәдан жалтару да болып жатқан сияқты… Егер Жарылқап Қалыбай: ”Алматыда орыс тілінде, шүршіт тілінде немесе өзбек, т.б. кез-келген тілдерде сөйлеңіз” десе, қанша қызуқандылық көрсетсе де, ешқандай да соттау, жауапқа тарту болмас еді… Жалпы, біздің қазақтарға жетіспейтіні осы қызуқандылық емес пе?
Соншалықты неге бейшара ел болдық екен… Ел қай кезде бейшара болады? Ел басшылары бейшара болған кезде…

Қазыбек ИСА.
www.qazaquni.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 348 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 604 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45309 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42820 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика