КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі таңда елімізде латын графикасына негізделген қазақ жазуын жасау күн тәртібіндегі өткір мәселелердің бірі. Болашақ ұрпақтың ақпарат алмасу, білім алу, шығармашылықпен айналысу факторы ретінде бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарау заман талабы. Әлем елдерінің 70 пайызға жуығы латын әріптерін қолданады. Қалай болғанда да латын қарпіне көшу түркі халықтарына ортақ жазу қалыптастыруға, шетелдегі қандас бауырларымыздың шығармаларымен емін-еркін танысуға оң ықпалын тигізетіні анық. 
Ұлт алдындағы осындай ұлы мақсаттарды түсінген Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректоратының бастамасымен «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор, тілші-ғалым Жеңіс Сәдуақасұлы. Арнайы құрылған топтың ғалымдары жаңа әліпбидің дыбысталу таңбаларының жеткілікті, жазуға жеңіл, баспаға, компьютерге қолайлы, көркемдігі көзге жайлы болу мақсатында ой-пікірлерін білдіріп, ғылыми тұжырымдарын мемлекеттік комиссияға ұсынатын болады. 
«Қазір жаңа қаріп жүйесінің бірнеше нұсқалары ұсынылып жатыр. Солардың ішінде қазақ тілімізге тән дыбыстарды әліпбиде екі таңбадан немесе төбесіне белгі қою арқылы жасағанымыз абзал. Мысалы, ағылшындарда немесе француздарда бір дыбыс 3-4 таңбадан құралады. Бұл дұрыс емес. Жалпы, латын әліпбиін үйрену жеке адамдар үшін қиындық тудырмайды. Мысалы, адамдар біршама уақыт аралығында үйреніп алуына болады. Бүгінгі күні әліпбиді ауыстырғанда үкіметке көп қаражат керек болуы мүмкін. Себебі, мектеп оқулықтарының барлығын латын қаріпіне аудару керек. Сонымен қатар, жаңа әліпбиді үйретуге арналған оқулықтарды, кітапшаларды жасап шығару жұмыстары бар. Біршама уақыт бойы екі әліпби қатар жүруі мүмкін. Ал, осы уақытқа дейін кирил қаріпінде жазылған туындыларды жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, компьютерлік бағдарламалар арқылы аударылуы қажет. Латын әліпбиіне көшкенде біз төл жазуымызды реттеп аламыз» – дейді университеттің тіл мамандары. 
Латын қарпі – өркениеттің жазу, оқу құралы. Болашақта қолға алмақ болып отырған латын қарпі қазақ елін әлем мемлекеттерімен жақындастырып, жарқын болашаққа апарады деген сенімдеміз.

Abai.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 347 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 604 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика