КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Алматы. 20 тамыз күні «Фэмили» саябағында Әуезов ауданының әкімдігі мен аудан мешіттері (Ақсай, Таугүл, Қалқаман, Мүзәммил мешіттері) бірлесе отырып, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
    Алла үйлерінің ұжымдары аудандағы аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылардың балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 100 балаға мектеп формасын табыстады.
(Өз тілшімізден)
* * *

    Атырау. «Иманғали» орталық мешіті мен ҚМДБ «Зекет» қорының Атырау филиалы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияға өтініш білдіре келген отбасылар түгелдей шақырылды.
    Алдымен мектеп жасындағы балаларға 35 дана оқу құралы табыс етілді. Ал, ата-аналардың әрқайсысына 10 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
    Жабырқай келіп, жадырап қайтқан жандар осындай қайырымдылық көмегін көрсетіп, мейірімділік сыйлаған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы А. Садиев пен ҚМДБ «Зекет» қоры Атырау филиалының директоры С. Жолдасовқа шексіз ризашылықтарын жеткізді.
Кенже БАҚЫТ,
Атырау
* * *

    Семей. Достық үйінде Семей қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Жастар орталығы және «Жанұя» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.
    Бұл акция еліміз бойынша 1 тамыздан бастап қарқынды жүргізілуде. Қалалық әкімдік жанындағы қоғамдық кеңес төрайымы Ж. Жибраева жиынды ашқан соң, Семей орталық мешітінің наиб имамы С. Бейсенұлы осынау игілікті шараның маңыздылығына тоқталып, оның төл дінімізде де сауапты амал екендігін айтып өтті.
    Қаламыздағы мешіттер де бұл акциядан тыс қалған емес. Оқушыларға арналған мектеп формасы, сөмкелер, оқу құралдары, киім-кешектер және ақшалай да көмек берілді.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
* * *

    Атырау облысы. Жылыой аудандық мешіті «Мектепке жол» акциясы аясында қайрымдылық шарасын ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасылардың балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30-ға жуық балаға мектеп құралдарын табыстады.
    Шараға ата-аналар, ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.
    Мешіттің бас имамы А. Исаев мұндай сауапты істердің қоғамға пайдасы туралы уағыз айтты.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
* * *

    Шымкент. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Е. Орынның қала имамдарымен өткізген кезекті жиналысында имамдарға «Мектепке жол» атты акцияға атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған жасөспірімдер мен жетім балаларға қол ұшын созу тапсырылған болатын.
    Соған сәйкес Шымкент қаласы имамдарының демеушілігімен 50 шақты жасөспірім балалар мен жетім балаларға мектепке қажетті киім-кешегіне, оқулықтары мен қажетті құрал-жабдықтарын алулары үшін қаржылай және материалдық көмек көрсетілуде. Бұл шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасын таппақ.
Шымкент қалалық
«Абдулхамид Қаттани»
мешітінің баспасөз қызметі
* * *

    Көкшетау. Науан хазрет атындағы орталық мешіт пен «Зекет» қоры облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына оқу құралдары мен мектеп сөмкелері таратылды.
    Жиналған көпшілік алдында мешіттің наиб имамы С. Халықов құттықтау сөз сөйлеп, Исламдағы білім алу жайына тоқталды.
Бұл күні Көкшетау орталық мешіті және «Зекет» қорының өкілдігі барлығы 110 балаға оқу құралдары мен мектеп сөмкелерін тегін таратып, қуанышқа бөледі.
Науан хазрет мешітінің баспасөз кызметі
* * *

    Ақтөбе. Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Мейірімділік жасауға асығыңыз» ұраны бойынша өтіп жатыр. Асыл дінімізде мұқтаждарға, жағдайы төмендерге, жетімдерге қол ұшын беру сауап, әрі Алланың мейіріміне бөлейтін амалдардан.
    ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің және «Зекет» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен 27 тамызда Ақжар-2 тұрғындар алабындағы №45 орта мектепте «Мейірімділік жасауға асығыңыз» акциясы өтіп, 300 мың теңгеге 50 бала оқу құралдарымен, сөмке және мектеп формасымен қамтамасыз етілді.
    28 тамызда «Нұр-Ғасыр» мешіті жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан көп балалы аналарға, балаларын оқуға дайындауға ақшалай көмек көрсетіп, бүлдіршіндерге оқу құралдарын сыйға тартты.
«Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
* * *

    Астана. 30 тамыз – Конституция күніне орай, № 52 мектеп-гимназиясында Балалардың құқын қорғау департаментінің және Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы болып өтті. Оған «Нұр Астана» орталық мешіті демеушілік көрсетті.
    Қайырымдылық шарада сөз алған қалалық Балалар-дың құқын қорғау департаментінің өкілі Рима Әсімқызы және Дін істері жөніндегі басқармасының директоры Жорабек Дәуренов шараға қатысушыларды алдағы мерекемен құттықтай келе игі шараға қолдау танытқан «Нұр Астана» орталық мешітіне ризашылықтарын білдірді.
    Сондай-ақ, сөз тізгінін алған «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан Астана қаласы бойынша 600 оқушының мешіт тарапынан мектепке қажетті форма және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, бүгінгі шара соның жалғасы екенін және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сай осы акцияға үлес қосу мақсатында жер-жерлерде сауапты істердің жалғасын тауып жатқанын ерекше атады.
    Мұнан соң әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 24 оқушының әрқайсысына 15 000 теңгенің көлемінде мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
    Шара соңында № 52 мектеп-гимназиясының директоры Ұлболсын Байтасова игі іске ұйытқы болып, сауапты шараны ұйымдастырған қалалық Балалардың құқын қорғау департаменті мен Дін істері жөніндегі басқармасына және демеушілігін жасап, қайырымдылық көрсеткен «Нұр Астана» орталық мешітіне алғысын білдірді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
* * *

    Павлодар. Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылы қарсаңында қаладағы аз қамтылған 50 отбасы балаларына мектеп сөмкелері таратылды. Әлбетте әрбір сөмкеде оқу құралдары (дәптерлер, қалың дәптер, оқушы күнделігі, қаламсап, әртүрлі қарындаштар, ұштағыш, өшіргіш, т.б.) толтырылған.
    Балаларын жетектеп келген ата-аналар алдында мешіттің бас имамы Н. Исенов құттықтау сөз сөйлеп, барша қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ислам дініндегі оқу, білім алу турасында айтылған өсиеттерге, дана бабаларымыздың сөздеріне тоқталып, тұщымды уағыз айтты.
    «Мәшһүр Жүсіп» мешіті бұдан бөлек, жуырда ғана тұрмысы төмен 100 отбасына ұн, күріш, макарон, ас майы, сүт және ұн өнімдері бар 5000 (бес мың) теңгелік азық-түліктер және одан бөлек 50 отбасына 5 келіден ет үлестірген болатын.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз хатшысы
* * *

    Талдықорған. 29 тамыз күні өңірдің бас имамы Ж. Амановтың ұйытқы болуымен жүзеге асқан шара барысында Талдықорған қаласындағы тұрмысы төмен, көп балалы жанұялардың мектепке баратын оқушы балаларына көмек берілді.
    Атап айтқанда, киім-кешек, күзгі, қысқы сырт киімдер, сөмке мен оқу құралдары (дәптер, қаламсап, кітап, ұштағыш, өшіргіш, т.б.) жағдайы төмен отбасылар үшін үлкен көмек болды. Олар игі шараға ұйытқы болған азаматтарға ізгі тілектерін білдірді.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
* * *

    Алматы облысы. Қарасай ауданына қарасты «Тау самалы» ауылдық «Әбу Бәкір» мешіті (Бас имамы Абдулхамит Мұсаев) демеушілерді ұйымдастырып, сондағы Бердібек Соқпақбаев және Герман Титов атындағы мектептің тұрмысы төмен отбасынан шыққан жиырма оқушысына жаңа оқу жылына он мың теңгеге спорттық форма, қалам-қағаз, дәптер, түрлі бояулар салынған сөмкені көмек ретінде тарту етті.
(Өз тілшімізден)

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 374 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 735 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика