КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Соңғы екі жыл мен соңғы екі айдың аралығында Еуразиялық жаңа интеграциялық одақ – Түркі Одағын құру туралы идея төңірегінде көп мәселе көтеріліп жүр. Туыстас әрі мүдделес, дүниетанымы ортақ елдер үшін бұл заңды да! Шынын айту қажет, бұл идея бір ғасыр бойы өзектілігін жоймаған еді. Тіпті, тарихтың өзінен түркілердің бірлігі еш бас қоспағанын көруге болады, сол түркілердің түгенделетін кезі жеткен тәрізді. Бұл халықтардың бірлігі болғанда бүкіл әлемдегі ең қуатты күшке айналатынын талай зерттеушілер айтқан да, сол себепті де кешегі патшалы Ресей мен КСРО осынау түрік тектестерді ыдыратумен болды, геноцид ұйымдастырумен болды. ХХ ғасырдың басында басталған пантюркизм идеологиясын бірден-бір қолдамаған, құртқысы келген де Ресей еді. Алайда бұл пантюркизм парадигмасы бүгінгі күнге дейін еш прагматикасын жоғалтпады. Тәуелсіздік алған жылдары да, өткен ғасырдың 90-жылдарында да, ХХІ ғасырда да көтеріліп келеді. Қарасаңыз, ЕуроОдақтың өзінің ЕуроПарламенті, ЕуроКомиссиясы бар, сол тәрізді түркі тектестерде ТүркіПарламенті (ТүркіПа Ассамблеясы, Бакуде), ТүркіКеңесі (Түркі Консейі) бар, енді ЕО сияқты ТО құру қалды. Аталған құрылымдардың барлығы белгілі бір мақсат пен жүйеге негізделген. Түркі тілдес халықтар мен мемлекеттердің рухани-мәдени өмірін байланыстырып отырған Түріксой үлкен халықаралық ұйымы бар. Бұл ұйым «түркі дүниесін» әлемге таныту мен өзара байланыстыру қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар түркі тектестердің мәдени, рухани құндылықтармен, түркі тілдері мен әдебиетін зерттейтін әрі ортақ түркі тілін жасау тәрізді ғылыми маштабпен айналысатын Түркі Академиясы (Астанада) да құрылған. Түркі тектес мемлекеттер арасында өзара рухани-мәдени контакт пен прогресс бар. Жоғарыда аталған институттардың барлығы бірте-бірте құрылған, сол тәрізді бұл құрылымдар ертеңгі уақытта одақ құруға үлкен резонанс жасап беретіні белгілі. Сонымен қатар түркітес одақтардың арасында қарулы күштер бірлестігі де бар екенін ұмытпау керек (ТАКМ). Алайда қазіргі заманда әлемдік аренада өз арсеналыңды көрсету үшін геосаяси жағдайдың жоғары болғаны маңызды, дәл осы тұс, түркі әлемінде геосаяси мақсат пен экономикалық, саяси прагматика өзара бір ритмге түспей отыр. Әрине, түркі тектестер кеңістігінде негізгі манипуляцияға ие мемлекет – Түркия. Түркия ТО құру арқылы әлемдік державаға айналары сөзсіз. Түркияның өзі бұрында батысқа еліктегенімен, қазіргі кезде шығыстың да әлемдік сахнада сайысқа түсе алатынын түсінгендіктен бұл мемлекет өз векторын осы бағытқа бұра бастады. Исламдық интеграциядан ат-тонын ала қашып отырған ЕО Түркияға аса қамқорлық көрсете қоймады. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Түркияның Орталық Азияға ориентациясын өзгерткен негізгі себеп – Түркияның ЕО-қа кіруге деген бастамасы еді. Бұл бастама қанағаттанбады. Ендігі Түркиялық компас белгісі Орталық Азияға қарай бағытталды. Түркияның ендігі мақсаттарының бірі – Ресей, Қазақстан, Беларусь үштаған Кедендік Одаққа кіріп жаңа саяси ойынға ие болу, не бүкіл Еуропа мен АҚШ-қа қарсы тұра алатын, онсыз да әлемде өз орны бар түркі әлемін біріктіретін ТО-ны түзу. Түркі Одағы құрылса әлемдегі ең мықты коалицияның болатыны айдан анық. Бұл Одаққа бірігудің алғышарттары мен факторлары қаншалықты пісіп-жетілгені белгісіз. Бұған біздің кейбір зиялы өкілдер мен саясаткерлердің, мемлекет қайраткерлерінің күмәнмен қарау жағдайы көрсетіп отыр. Алайда біздің зиялы қауым бұл процесті толық қолдап отырса да, саяси элита дайындалып отырған жоқ, нақтысы, бір төбесі қолдап отырған жоқ. Әрине, бұл одақты құруға деген ниет болғанымен, нақты іс-әрекеттер сипат алып жатқан жоқ.

Түркі тектестердің арасында мәдени-рухани байланыс дамып келеді, мәдени және білім беру бағыты орнаған және бұл сала да өз деңгейінде дамып келеді, алайда геосаяси вектор өзара ұштаспай отыр. Қазақстан мен Түркия арасында саяси және мәдени ықпалдастықтан хабар беріп отыратын Turkiya.kz сайты жұмыс жасайды. Қарасаңыз, бұндай сайт Ресей мен Түркия арасында жоқ. Түркі тектес мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың өзара интервенцияға ұласып кетуі мүмкін емес, себебі бұл мемлекеттердің (Түркиядан басқа) дамуы мен потенциалдық жағдайы салыстырмалы түрде өте жақын. Мәселен, Қазақстан мен Қытайдың өзара одақтастығы білдей ассимилияцияға алып келуі мүмкін, ал Қытаймен бұндай одақ құрылмайды деп үміт етеміз, себебі Қытайдың негізгі бағыты бұл Шығыс Азия мемлекеттеріне қарай бағытталған. Түркі кеңістігінде үлкен рөл атқаратын Түркияның өзі доминанттылыққа ұмтылып отырған жоқ, егер бұл одақ құрыла қалса басшылықты стратегиялық жағынан тиімді деп табылатын Қазақстан мен Әзірбайжанның қолына бермек ниетте. Ресей мен Қазақстанның өзара одақтастығынан не шығып отырғанын байқап отырмыз, бұл елмен экономикалық одақ құрсақ та, олар мұны барынша геосаяси, саяси, әскери мақсатта қолданып қалуға пиғыл танытып отыр. Ал түркі тектестер арасындағы одаққа негіз болып отырған сипат – бұл, Айдос Сарым айтқандай үлкен рухани негіз, ықыластың болуы.

Қазір әлемнің өзінде аймақтану процесі қарқынды жүріп жатыр. Әрі географиялық сипатымен, әрі геосаяси мақсатымен әр жерлерде топтану, аймақтану арқылы қорғану құбылысы етек алды. Әрине, бұл – стратегиялық кепіл. Сол себепті түркі кеңістігінің бірігуі әрі экономикалық генератор мен үлкен саяси күшке айналуы салмақты стратегия болатын еді. Барлығы уақыттың еншісінде. Алайда бір ғасыр бойы өзінің өзектілігін жоғалта қоймаған, есесіне заман мен уақыт өткен сайын құндылығы арта түскен бұл мақсат түптің түбінде орындалады деп сенеміз. Қаншама саяси кедергілер болса да әр уақытта көтеріле беретін бұл мәселе кейбіреулердің “талайдан бері көтеріліп келе жатыр, мұның өзі оның орындалмайтындығына дәлел” деп айтқан пікіріндей емес, керсінше, уақыт дүмпуімен көтеріле беруінің өзі бұл мақсаттың идеялық күші жоғарылып келе жатқанына дәлел.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 621 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 875 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика