КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасында 15 мамыр күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері" атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Аталмыш жиын тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және басқарманың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.  Конференцияға қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, тілші ғалымдар, білім, ғылым мекемелерінің мамандары, докторанттар, магистранттар, мемлекеттік органдардың тіл мәселесіне жауапты қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды. Конференцияда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі және қазақ дыбыстарының латын таңбасымен таңбалануы, жазудың қызметі және қазақ қоғамында қолданылған жазу түрлері, латын қарпіне бұрынырақ өткен түркі халықтарының тәжірибесі, латын қарпіне өту бойынша құрылған ресми жұмыс топтарының жұмыс туралы кеңінен сөз болды.

Конференцияны Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Шимашева Рахат Сейдахметқызы кіріспе сөз сөйлеп ашты. Алғашқы баяндаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әлімхан Жүнісбек жасады.


                                                                                                                       


Әрі қарай қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы жұмыс топтарының мүшелері Зейнеп Базарбаева, Фаузия Оразбаева, Бағдан Момынова, Мұхамбедия Ахметов, Бижомарт Қапалбек, Біләл Қуаныш сынды ғалымдар бағдарламада көрсетілген ретімен сөз сөйлеп, жұмыс топтарының алдағы жоспарлары туралы баяндады.


                                                                                                                


Конференцияның материалдарымен ұсынылған баяндамалардан құрастырылған «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» атты жинақтан толық танысуға болады.  

 

                                                                                                     



                                                                                                          



                                                                                         Ұйымдастыру комитеті



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 566 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 819 0















31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 48398 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46341 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44101 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика