THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Текті сөздің төресі – терме» атты қалалық байқаудың БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Авторы: MTDI
10/09/2018 09:54 0 7131 0
Өтетін орны: Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы
Өтетін уақыты: 2018 жылы 7 қыркүйек күні сағат 15.00
Алматы қаласы Тілдерді дамыту
басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2016 -
2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру
мақсатында және Басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі – терме» қалалық
байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсат-міндеттері: мемлекеттік тілдің қолданылу
аясын кеңейту, талантты жастарды жан-жақты қолдау, «жыр-терме» ұлттық жанрын
жастардың арасында кеңінен насихаттау, ұлттық жанрды жаңғырту және дамыту,
қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін дамыту, халық арасында ұлттық мұрамызға және рухани құндылықтарымызға
деген қызығушылықты арттыру.
Байқаудың шарттары. Байқауға қатысушы үміткерлерге келесі тақырыптық
бағыттар ұсынылады:
-
Ел бірлігі мен қазақ жеріндегі халықтар достастығы туралы;
- Қазақстан халқын топтастырудағы
тілдің маңызды рөлі туралы;
- Қазақ халқының тілі, дәстүрі,
рухани құндылықтары туралы;
- Дәстүрлі өнер туралы.
Байқауға қатысушылардың
өнерін бағалау кезінде олардың терме орындаушылық шеберлігіне, дауыс мәнеріне
және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім
сәніне баса назар аударылады.
Байқаудың
жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады және бас жүлдені иеленген
қатысушы Алматы қаласының атынан республикалық «Текті сөздің төресі –
терме» конкурсына қатысады.
Байланыс телефондары: 2631527
ПІКІР АЛМАСУ
22/04/2024 12:18
МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
18/03/2024 14:07
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРГЕ ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУІНЕ ТАЛДАУ
|
ТЕКСТ