THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


"Тіл сақшысы" қоғамдық қозғалысының жұмысы жандана түсуде. Алматы қаласын ғана шарпып жатқан толқын республикамызға таралып үлгерді. Мәселен, мына бір аударманы мұнайлы қала Ақтаудан Смағұлов Нұрбол атты патриот азаматымыз жіберіпті. Ол әжесінің туған күніне сыйлық алуға "Технодом" сауда үйіне барған. Сыйлық көріп жүріп, мына бір кір жуу машинасындағы шала аударманы ұялытелефонына түсіріп алыпты. Алайда, кір жуу машинаның қандай кәсіпорынға тиесілі екеніне мән бермегендіктен, бұл шала аударманы аударғандарды таба алмай отырмыз (Егер, білсеңіздер хабарласыңыздар). Ақтаудағы тілжанашырымыз түсірілген бұл фотоны бірнеше БАҚ-қа жариялатуға берген көрінеді. Бірақ, ешқандай сайт, ешқандай газет мұны жарияламаған. Бұл дегеніміз, қазақ тілінің мәселесіне БАҚ-тардың әлі де болса жауапсыздықпен қарайтынын көреміз. Игілікті істі жұмыла атқармасақ, нәтиже шығару қиын.