КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

05/11/2018 15:18

Ақпан әліпбиінің басты кемшілігі
Әліпбидің көпшілік талқысына ұсынылуы адамдардың өз пікірін айтуына қозғау салып, соңғы 2018 жылғы ақпан нұсқасының алдыңғыларға қарағанда жақсырақ болып шығуына жеткізді. Алайда әліпбидің бұл нұсқасы да мінсіз емес. Солардың бірнешеуін атап өтейік. 1. Ақпан әліпбиінің басты кемшілігі – онда қолданылатын диакритикалық таңбалар қолмен жазғанда қиындық келтіреді, жазу жылдамдығын азайтады және мәтіннің көркін бұзады. Мысалы, бұл әліпбимен өңіңіз, уәж, өң, куәға деген сөздерді жазатын болсақ, óńińiz, úýáj, óń, kúýáǵa түрінде жазылып, сөздің үсті жыпырлаған ноқатқа толып кетеді. 2. И мен і дыбыстарының бас әріптері бірдей (I). Соған байланысты кейбір сөздер екі түрлі оқылады. Мысалы, Ile сөзі Иле не Іле деп оқылады. 3. Ұ, і дыбыстарының латынның u, i әріптерімен белгіленуі тиімді емес. Өйткені u, i әріптері формулалар мен халықаралық атауларда у, и деп оқылатындықтан, бұлардың екі түрлі оқылуы орын алады. Мысалы, uran – ұран, уран; bit – біт, бит; тағы сол сияқты. Бұл арада 1929 жылғы әліпбиде де осылай қолданылған ғой деушілер табылар. Бірақ ол кезде шетелдермен аралас көп болмағандықтан u, i әріптерін ұ, і деп оқу қиыншылық туғызған жоқ. Ал бүгінгі күнде бұл әріптер басқаны былай қойғанда күнделікті тұтыну тауарларының әрқайсысында дерлік кездеседі және у, и деп оқылады. 4. Ш дыбысының sh түрінде қосар таңбамен белгіленуі де сөзді екі түрлі оқуға соқтырады және сөзді ұзартады. Мысалы, Ishan сөзі Ишан, Исхан деп екі түрлі оқылса, 3 дыбыстан тұратын шаш сөзі shash деп 5 әріппен жазылады. Олай болса, әліпбидің ақпан нұсқасын ұсынылған күйінде қолдану қиыншылық туғызады. Зерттеуші Қуантқан Ванов
12777 0



12/03/2020 20:06 16681 0




05/11/2018 13:33 13866 0


h




Яндекс.Метрика