КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Бауыржан Момышұлы «Мыңқыз күйеуге тисе, мың әйел болады. Бірақ ішінен он-ақ қатын шығады» деген болатын. Байқасам, соның үшеуі қасымда жүрген сияқты. Алғышқысы марқұм Өскен досымның қосағы - Гүлбану. Өсекең КазГу-дің қыз жайлаған филфагында бес жыл оқып, ешкімге шалдырмай, өзінің Қызылордасына барып Гүлбанумен бас құрып, арттарынан бір ұл, бір қыз ертті. Қорқыт ата атындағы университетке үлгілі ұстаз болды. Оралхан Бөкейдің поэтикасынан мазмұны терең ғылыми еңбек жазып, кандидаттық қорғады. Үлкен үй алып, астына машина мінді. Бейнетінен зейнеті көбейе бастаған қырықтың бел ортасында сұм ажал оны арамыздан жұлып кетті.

Өсекеңді сағынып жолдастары бас қосып отырған бір сәттерде Гүлбану: «Денсаулығымның кесірінен Өсекеңе екі түйір-ақ бала сыйладым. Еркек деген ұрғашыға көз салмай тұрмайды. Өсекең кеткеннен соң басқа жерде артында бірдеңе қалдыма екен деп құлағымды түріп жүрдім. Ерсұлтаны мен Қарлығашының артынан ерген іні-қарындастары бар шығар деп үміттендім. Бірақ әлі ондай қуанышты бір хабар ести алмай жүрмін» - деді. Біз еркектер жағы 21 ғасырда да бәрінен ұрпақты жоғары қойған кешегі әжелеріміздің сарқыншағы бар екен-ау деп сүйсініп қалдық. Ал әйелдеріміз, тіпті ішіндегі кезкелген әңгімеге сөз жарыстырып қалатындары да бір-біріне қарасып үнсіз қалды. Кім біледі, олар ішінен Өсекең жайраңдап қасында тірі отырса, қалай қызған басын, жоқ болған соң сағынып айтқаны болар – деп ойлаған шығар. Бірақ Гүлбанудың әрі қарайғы әңгімесі олардың бұл ойларының быт шытын шығарды.

Қызылорда да Өсекеңнің қандай да бір себептермен жасы келсе де серігін таба алмай жүрген келісті сыныптасы болыпты. Талай қызықты бас қосуларда әлгі қыз Гүлбануға мына томпақтың қызығын өзің көре бергенше біздің үйге де жіберіп тұрсаңшы - деп қалжыңдайтын көрінеді. Және ол бұл әңгімесін бірнеше рет қайталапты. Содан Гүлбану қалжыңның астарында бір сырдың жатқанын аңдап, бір күні, анна қыздың жасы келіп қалды, серігін таба алмады, ең болмаса бала сүйсін, байғұс, маған білдіртпеген болып барып қайтсаңшы, обал тіпті - деп, Өсекеңді есінен тандыра жаздапты. Ондай «көмекке» елпілдеп тұратын Өсекең Аспандияр емес қой, салмақты.

- Тәйт, не деп отырсың! Осы көзге көрінгенін жеткізіп алайық - депті де қойыпты.

Қалған екі досымның әйелдері жайлы келесі жолы айтайын. Олардың қатын екендеріне әлі көз жеткізе түсу қажет...

Abai.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 491 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 774 0








08/06/2017 11:00

Ойыншық ат
0 35310 6

05/05/2017 14:45

ҮШ ҚАТЫН
0 27089 0

01/02/2024 16:08

ЛАТЫН ЖАЙЫ
0 924 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика