КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Қазақ ұлтшылдығы соңғы жылдары қоғамдық-саяси ортада айқын көрініс таба бастады. Бұл туралы 15 сәуірде Саяси шешімдер инситутымен «Бүгінгі саясаттағы қазақ ұлтшылдығының феномені: жоққа шығарудан түсініктікпен қарауға дейін» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелде әлеуметтанушы Серік Бейсембаев мәлім етті деп хабарлайды «Алаш айнасы».

Бұл талқыда сарапшылар Қазақстандағы ұлтшылдықтың екі түріне баса тоқталды. 

Біріншісі – мемлекетті үлгі етіп ұсынатыны. 

«Ол еліміздегі көпэтностың басын бірлік пен берекеге ұйыстырушы мағынаға ие идеяны мемлекеттік бағдарламалармен, нормативтік құжаттармен бекітіп берілуінде алға тартылады. Ол идея насихаты ретінде, ең алымен, президенттің кітаптарын мысалға келтіруге болады. Мұндай ұлтшылдық түрінің этникалық компоненті жоқ. Дегенмен бұл арада қазақтың мемлекет құраушы ұлт екендігі баса айтылады» дейді Серік Бейсембаев. Сондай-ақ оның пікірінше, бұл ұлтшылдық түрінде этникалықтан гөрі азаматтық сипат басым.

Қоғамдағы ұлтшыл топтарды либералдар, дәстүрді ұстанушылар және исламға арқа сүйейтін ұлтшылдар деп бөліп қарастыруға болады.

«Либералды ұлтшылдықты саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білімді жастар танытады. Олардың басты идеалы – елімізді батыстың үлгісіне сай жаңғыртып, демократияландыру. Олар өздерін таза ұлттық сипаттағы сөздерден аулақ ұстайды, сөйтіп ұлтшылдықты азаматтық етіп көрсетуге тырысады» дейді Бейсембаев.

Екінші топ – дәстүрлі ұлтшылдықты ұстанушылар. Бұл - негізінен шығармашылық зиялы қауым өкілдері. Сонымен қатар бұл лекке ауыл жастары мен оралман ағайындарды қосуға болады.

«Олардың бар күші мемлекеттік тілді қорғап, тарихты насихаттап, дәстүрді жаңғыртуға жұмылдырылып отырады. Олар ұлтшылдардың басым бөлігін қамтиды. Көп көзқарастары мен пікірлері негізінен қазақтілді басылымдарда жарық көреді. Басты мақсаттары – қоғамды қазақтың дәстүрлі құндылықтарына сай түзу» дейді әлеуметтанушы.

Дінге қатысты ұлтшылдығын айқындаушылар қоғамымызда соңғы кездері жиі көрініс бере бастаған. Оларды әлеуметтің әр табынан кездестіруге болады, әсіресе жастар арасында бұл ұлтшылдық түрі кеңінен тараған. «Олардың да потенциалы ауыз толтырып айтарлықтай» дейді Бейсембаев.

Бәрінен бұрын ұлтшыл осы аталған топтардың арасында бүгіндері шиеленістен гөрі, өзара ымыра мен түсінушілік басым екен.

«Бірақ жат пиғылдылар оларды алауыздық тудыруға қолданып кету қаупі жоғары. Ұлтшылдықтың бұл бағыттарының ары қарайғы даму үрдісі, біріншіден, мемлекеттің идеология бойынша жүргізіп отырған жұмыстарына, екіншіден, интеллектуальдық қауымға байланысты болмақ. Қалай дегенмен де бүгінгі таңда Қазақстандағы ұлтшылдық мықты саяси күшке - партияға айнала алған жоқ. Өйткені мемлекет «қазақ партиясын» құруға әзірге әлі дайын емес» дейді Бейсембаев.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 299 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 582 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика