КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Конституция – кез келген зайырлы мемлекеттің басты тірегі. Міне, сол Ата Заңымыздың қанат қаққанына биыл жиырма жылдың жүзі. Сан ғасырлық арманымызды Тәуелсіздікке ұластырған осы ширек ғасырға жуық уақыттың орны айрықша. Ата Заңымыздың арқасында тәуелсіз Қазақ елін әлемге паш еттік. Тоқсаныншы жылдардың ішінде талай қиындықты ел болып еңсердік. Бүгінгі даурықпасы мол дағдарыс оның қасында түк емес. Осы аралықта Қазақстан әлемнің сан алуан қауымдастығынан оң баға алып, зайырлы ел ретінде құқықтық мемлекеттік қадамға беттеді.
Әлбетте, Конституциямыздың екінші мәрте қабылдануы нарықтық экономиканың түрлі қиындығымен тұспа-тұс келді. Бұл шақта кертартпа болжам айтып, жас мемлекетіміздің ертеңін үмітсіз етуге тырысқандар да табылды. Конституцияның арқасында мұндай бос сәуегейлік пен нарыққа қатысты қиындықтар біртіндеп артта қалды. Бүгінде тұрақтылығы нығайып, тыныштығы бұзылмаған елдердің қатарында тұрмыс кешуіміз жиырма жылдық тарихы бар Ата Заңымыздың арқасы.
Негізгі заңның нәтижесінде қос палаталы Парламент құрылып, Жо­ғарғы сот реформаланды, әділдіктің нышаны іспетті оң өзгерістерге жол ашылды. Есесіне, ел болып қабылдаған заң аясында орнаған әділдік тарихтан ойып тұрып орын алады.
Өткен ғасырлардағы Әз Тәукенің «Жеті жарғысы», «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» атты заң нормалары болғанын заңгерлер ғана емес, ел-жұрт жақсы біледі. Қаз дауысты Қазбек би, Төле би, Әйтеке билердің халық ара­сындағы қара қылды қақ жарған әділдігі – адам тағдырын шешіп, үкім шығаратын бүгінгі соттарға үлгі-өнеге. «Тура биде туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ» делінген аталы сөз әділдіктің нышаны емес пе. Сондықтан, Заң, ең алдымен, елде әділеттілікті орнату үшін қажет.
Осы күні әділдік іздеген жан алдымен заң баптарын терең білуі тиіс. Сонда ғана іздеген әділдігі алдына өзі-ақ шығады. Қазан төңкерісінен бері қазақ жерінде 5 рет Конституция қабылданған. Соның үшеуі 1926, 1937, 1978 жылдары қабылданған. Бұл кезде тәуелсіздікке қатысты тарау жоғы түсінікті. Есесіне, 1993 – 1995 жылдардың ішінде тәуелсіз Қазақстанның екі Негізгі заңы өмірге келді. Міне, соның екіншісі – 1995 жылғы Конституция.
Ата Заңымызды бүкіл ел болып, халықтық референдум негізінде қабылдадық. Конституцияны екінші мәрте қабылдаудағы мақсат – пре­зиденттік басқару нышанын жетілдіру, сот билігі жүйесін, мемлекеттік меншік жүйесін өзгерту. Осылайша, бүкілхалықтық референдум негізінде қабылданған Ата Заң Қазақстан халқының күнделікті өмірінің айнасына айналды. Заң қоғам өмірі мен ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Осы заңдардың аясында Қазақстанды өзінің қара шаңырағы санайтын ұлт пен ұлыс мамыражай күй кешіп, ел игілігі жолында еңбек етіп, сүйікті ісімен айналысуда.

Алматы ақшамы
Алматы қаласының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 568 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 820 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика