КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түрікше тәрбие

Авторы: MTDI

23/05/2017 11:24   0   28246   0

Қарап отырсаңыз, біздің халық баланы жастайынан «Сен атаңның баласысың. Әжеңнің баласысың. Сен бастық боласың» деген сияқты сөздермен өсіреді. Рас қой… Енді мына бір мысалға назар аударып көрейік. Мәселен, түрік халқы баланы әуелі «сен түріксің» деп тәрбиелеуден бастайды. Тәй-тәй басып, тілі былдырлап шығып келе жатқан жас сәбиді «сен түріксің» деп тәрбиелеу бұл әрине, нағыз патриот ұрпақтың өз ұлтына деген ерекше махаббатпен өсіп, нағыз азамат болып шығатынына кім қандай күмән келтіре алады. Еш күмәнсіз, айқын тәрбие емес пе?! Иә, негізі солай, өз ұлтының патриоты болар баланы басқаша қалай тәрбиелеуге болады?!
Баланың бар тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарайтын біздің халық кейде осындай қателіктер де жібереді. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ» болмас, әрине. Асылында баланы «сен бастық боласың», «сен бай болып, бізді бағасың», «сен атаңның баласысың» деп тәрбиелеу бұл баланың санасына құйған үлкен қателігіміз болмақ.
Біздің халық баланы тал бесіктен тәрбиелеп, ананың ақ сүтімен, аялы алақанымен, әуендеткен бесік жырымен тәрбиелеп өсіреді емес пе?! Ақ жаулықты әженің қызыққа толы, тәлім-тәрбиесі мол ертегілерімен, атасының «айналайын, құлыным» деген сөздерімен, әкесінің қамқорлығы мен шексіз махаббатымен өсетін біздің халықтың да ұрпағы осал болмаса керек-ті. Баланы бастан тәрбиелейтін дана халқымыз жас сәбидің ертеңгі күні қандай азамат боларына да аса мән берген. Бірақ жоғарыда айтып өткеніміздей, өзімшілдік пен менменшілдікке тәрбиелейтін қателіктерге жол бермеуіміз керек секілді. Баланы «сен ғана» деп тәрбиелеуден аулақ болуымыз қажет.
Баланың санасына «сен анадайсың, сен мынадайсың» деген сөздермен өзімшілдікті сіңіріп өсірмес үшін, ата-анасының қамқоршысы, өз елінің патриоты болып өсуіне мән бергеніміз жөн. Мәселен, бауырлас түрік халқы секілді «сен қазақсың» дегеннен бастап, өз ұлтына деген махаббатты оятудан бастасақ, текті ұрпақтың саналы азамат болып өсері анық. Ендеше, өзімшіл ұрпақтан гөрі патриотшыл ұрпақ тәрбиелеуге мән бергеніміз жөн шығар.
Ұғынықты болу үшін екі мысал келтірейік. Біз екі түрлі баланы көрдік: бірін базардан, екіншісін қоғамдық көліктен. Базардағы баланың тәрбиесі біз күресу керек деп отырған өзімшілдіктің деңгейінде екенін аңғардық. Әкесіне «үлкен ойыншық машинаны әпермесең, кетпеймін» деп ерегісіп тұр. Әрине, баланың кінәсі жоқ. Сол өз әкесі емес пе, бар айтқанын істеп тек «сен ғана» деп өсіріп отырған. Ендеше, отбасындағы тәрбие солай да. Баланың болашағына алаңдағаннан басқа қолымыздан ештеңе келмеді.
Ал қоғамдық көліктегі баланың жайы бөлек… Ол да ұл бала. Құлағында құлаққап, ән тыңдап тұр. Кенет Шәмші атамыздың «Менің Қазақстаным» әні орындалды. Сол-ақ екен, әлгі бала автобуста шыр-пыр болды. Отырған-тұрғанның бәріне «қолдарыңызды кеуделеріңе қойыңыздар» деп безек қақты. Әлі мектепке де бара қоймаған баланың патриоттығына риза болдық.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ,
ХҚТУ-дың студенті.
Түркістан қаласы
zhasorken.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 565 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 818 0















31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 48396 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46339 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44100 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика