КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақ ұлтының азайып, азғындап бара жатқаны жайлы көптеген ірі деректерді айтпай-ақ, соңғы күндердегі бір-жар мысалды ғана келтірейін.
Патшалық Ресейдің ресми статистикасы бойынша (қысқартылып жазылды) 1897 жылы қазақтар – 4084139 адам, өзбектер 1 млн. 690 мың адам болса, осыдан 100 жыл өте, яғни 1997 жылы өзбектердің саны 25 миллионға жақындап, ал қазақтар 9 млн.-ға әзер жеткен екен. («Дат» газеті, №20, 30.05.2013ж.)
ҚР ресми статистика мәліметі бойынша 2013 жылдың қаңтарына Қазақстандағы барлық ұлттардың саны – 16967 мың адам. Оның ішінде қазақтар 11058 мың адамды (65,2 пайыз) құрайды. Елімізде 7 ұлт 16201 мың (95,5 пайыз) адам болса, қалған 766 мың адам (4,5 пайыз) 133 ұлтты құрайды екен. Ал өзбек халқының саны осы жылдары 31 миллионға жақындаған көрінеді. («Дат» газеті. №18, мамыр 2013 ж.). 
Енді Біріккен Ұлттар Ұйымының жариялаған мәліметтеріне қарасақ, осы 100 жылдықтың аяғына дейін Қазақстан халқының саны 13 млн.-ға дейін кемісе, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан Республикаларында халық сандары едәуір өседі делінген. Ал қазіргі аштық, әртүрлі ауру жайлаған Африка халқының саны 1,5 миллиардқа дейін өсетіні айтылған. Сонда 1997 жыл мен 2013 жылдың арасында қазақтың саны 2 миллионға өссе, оның 1 млн.-ға жуығы сырттан көшіп келген қазақтар болса, сонда қазақтың қаншаға өскенін ойлап көріңіз! Бұл қазақ ұлтының құрып бара жатқаны емей немене?
Ресми дерек бойынша қазақтың 25-30 жас аралығындағы тұрмысқа шықпаған қыздарының саны 360 мың, жүріп қалған сүр бойдақтар 150 мыңнан асады екен. Бұлар – алаңсыз жалғыз басты тұқымсыз шаңырақтар.
Мәжілісмен Жұматай Әлиевтің айтуынша, елімізде 25 жастан асқан әрбір бесінші қыз күйеуге шықпаса, 30-дан асқан бір миллионға жуық жігіттер үйленбеген. 2007 жылы 130 мың әйел жасанды түсік жасатты десе («Жас Алаш» газеті, №46, 13.06.2013ж), «Астана» телеарнасының (12.06.2013ж) хабарына қарағанда, 2013 жылға бала көтеруден қалған арулардың саны 350 мыңға жеткен екен. Сондай-ақ, «...әсіресе Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 18 жасқа дейінгі бойжеткендердің ана атануы жиілеп кетті. («Айқынның» фейсбуктегі парақшасы)», - деген («Дат», мамыр 2013ж.). Қысқаша айтсақ:
«Елдің шынары болмас,
Кішінің тұрағы болмас,
Ел тозып, ығыр болар,
Ер қажып, тұғыр болар.
Баққаны базар болар,
Айтқаны азан болар.
Күндердің күнінде,
Ел бір жақсыға зар болар», - деген ғой Досбол шешен (1815-1895).

ҚАЛАМ АЛДЫМ ҚОЛЫМА
Білімді болып не керек,
Тимесе пайдаң халқыңа.
Насият айттым, ағайын,
Тыңдасаң сөзім жалпыңа.
Алыс кетпе менменсіп,
Дақ салма туған салтыңа.
Көпіріп сөйлеп мақтанып,
Әр нені айтып малтыма.
Адалдықпен еңбек ет,
Ұлтыңды бөлмей алтыға.
Еңбегін жеме адамның,
Ісіне барма наданның.
Ақылы жетпес арыға,
Асылы нашар жаманның.
Әлсізді де ойлай жүр,
Еркін берме қанаңның.
Сұрауы барын ойлап жүр,
Алдында ертең Панаңның.
Басты ойларың сол болсын,
Түкпірінде санаңның.
Ағайын деген жақсы ғой,
Шайпаудың тілі ащы ғой.
Адал жүрек ақылды,
Ел сүйенер басшы ғой.
Басшысы нашар ел болса,
Бақыты елдің тапшы ғой.
Бастарынан халқының,
Бақ-береке қашты ғой.
Басшысы мықты ел болса,
Дәулеті елдің тасты ғой.
Дос, дұшпаны алдында,
Мерейі өсіп асты ғой.
Жебір болса билеушің,
Бәлеге басын шатты ғой.
Абыройы азғындап,
Батпаққа мықты батты ғой.
Халқын тегіс қор етіп,
Тәңірім онда атты ғой.
Малда мықта нар болар,
Жігітте мықты ар болар.
Қиындықта сүйенер,
Арқаңа демеу жар болар.
Ызғардың арты қар болар,
Қорлықтың түбі зар болар.
Бір болмасаң, ағайын,
Кең дүниең тар болар.
Біріңді бірің қолдасаң,
Жоқ дүнияң бар болар.
Қолыңда болса қара су,
Шаттықта ішкен нәр болар.
Кеуілің тасып марқайып,
Бетіңе шығар әр болар.
Қасқырдың ізін ит баспас,
Ит ізінен ит қашпас.
Жабылса да мәліғұн,
Арыстан одан түк саспас.
Нәсілі ылас мақұлық,
Итаяқта бірге астас.
Артық туған азамат,
Адалдықтан адаспас.
Еңбек етіп еліне,
Жақсы ісімен санаспас.
Қиындықта қол беріп,
Жаман іске жанаспас.
Берік болып дініне,
Дұшпанына сыр ашпас.
Ей, ағайын, құлақ сал,
Сөзімді менің мақұл ал.
Ел болғың келсе ерлерім,
Мына сөзді есіңе ал.
Ара деген мақұлық,
Еңбек етіп табар бал.
Адамзаттың баласы,
Бала үшін деп жияр мал.
Сай келетін өзіне,
Жылқыдағы құйрық жал.
Ұрпағым өссін десеңдер,
Есіңе ұлтым мынаны ал.
Адам – әйел баласы,
Әйел де – адам анасы.
Саушылықта байлаулы,
Біріне-бірі расы.
Әйелің азса азамат,
Адамның құрыр қарасы.
Бұл күндері шын айтсақ,
Жүректің ауыр жарасы.
Ұрпақ азып барады,
Айырылып бастан санасы.
Ұмыттық Құран, Құдайды,
Жаратқан адам – Панасы.
Батып тұр ғой бұл күнде,
Ұлтымыздың наласы.
Абыройы шашылды,
Ана болар арулар,
Батыстан болып жаласы.
Ұрпақ құрып барады,
Қазақтың өспей баласы.
Ей ағайын, бауырлар,
Ардақтаған арулар,
Ұстанар болсақ бұл салтты,
Халқымның жайы ауырлар.
Ұлтымыз құрып орнына,
Дінсіздер келіп дәуірлер.
Қалам алдым қолыма,
Қараймын, ұлтым, жолыңа.
Шын ойласаң алдыңды,
Ісіміз келер оңына.
Қарасаңдаршы, ағайын,
Оңың менен солыңа.
Бұл өлкеде азайдық,
Неге керек өтірік?
Әуреленді басымыз,
Азғындықтың жолына.
Еліктегіш болдық-ау,
Қазағымның сорына.
Жоғалса қазақ ұрпағы,
Отаны құрыр соңына.
Бұл ауырлық жойылмас,
Аналардың жағдайын
Жабыла алмай қолыңа.
Айтарымды мен айттым,
Түсінер халқым мұны да.
Жазушы Еңсеп баласы,
Әбілқайыр өз атым,
Қаламын алған қолына.

ХАЛЫҚ

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 620 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 874 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика