КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кешкілік ғаламторды бір ақтарып шығатын әдетім бар-ды. Кім не жазды, елде қандай жаңалық – дегенді білмек үшін ғой, баяғы. Солай әр сайтқа кіріп, парақтап отырғанмын. Жылтың етіп юутубқа сілтеме шықты. «БІЗ» деген бағдарлама «РЭП» жанрына қатысты тақырып көтеріпті. Бастым. Қарап отырмын. Байқағаным – кейіпкер ретінде Жақау, Шоқан дейтін жігіттер шақырылыпты. Не керек, жүргізуші Рахат дейтін рахаттанып тұрып, қос жігітті қосақтап тұрып сөзбен сабады дейсің… Айтар уәжі – Рэп қазаққа жат өнер. Сарапшы ретінде шақырылғандар да сол ауанда сөйледі. Сол – Рэп тұрпайы, қазақ баласының Рэп айтуы дұрыс емес, - дегеннің ар-жақ бер жағындағы әңгіме болды… Жөн-ақ, шығу тарихын қарасаң, Америкадағы қылмыспен аты шыққан район тұрғындарының төл музыкасы… Тыңдасаң, әнінің мәтіні – атып кеттім, асып кеттім, - деген сөздер… 

Бір қызығы студиядағы үлкендер жағы қаралап жатса, әлгі екеуді жастар жағы қорғаштап әуре. Ойға қалдым. Бұл жастар мынау рэперлерді неге қолдап отыр?! Несіне кумир етеді бұларды? Шынымен-ақ түсінгім келді.
Сол арада, бір ақын әлгілерді қолдап отырған жасты орнынан тұрғызып сұрақ қойды. Қазтуғанның Алаң да, алаң, алаң жұрт дейтін жырын білесің бе?! Анау жоқ деді. Есесіне – Снуп Дог дей ме, Эминем деді ме, кемі оншақты адамның атын айтып шықты. Не туралы айтады десе, анау басын мықшың еткізді…
Баланы жазғыра да алмайсың. Себебі үлкендер жағы, мынау біздер де кінәліміз. Өзіміз үйдің төріне төртбақ теледидарды қонжитып қойдық. Онымыз тағы да спутниктік антеннаға байланған. Пульт баланың қолында. Кез-келген арнасын аударып-төңкеріп қарап жүр. Көзіңізді салып, байқап қараңызшы. Көретіні музТв, Хит Тв, М Тв. Ол арналардан Доспамбеттің жырын, Ақтамбердінің толғауын бермейтіні белгілі ғой. Балаңыз кімнің әнін тыңдайды дейсіз ғой? Әлгі анау жігіттің санамалап шыққан рэперлерін тыңдайды…
Енді осылай өскен ұлға – ұлттық әндерді тыңда деп көрші, ат-тонын ала қашсын. Онымен қоса бала түгілі өзіміз де шет елге еліктеп қыруар ақша шығындап Америкадан Black Eyed Peas, Ресейден Тимати, Джиган т.с.с рэпершілерін шақыртып, дәріптеп,той жасап өз жастарымыздың қызығушылығын арттырып жатырмыз…, (қарашада Алматыға алғашқы рет Нелли келеді екен деп тағыда жар салып жатқанымыз тағы бар). Өйсте тұра қалай ғана, Өзгенің қаңсығын таңсық көрме, - деп жазғыруға болады?! Қателескен жастар емес, баста өзіміз жібердік сол қатені. Енді онымыз таяқ болып басымызға тиіп жатыр. Ал шек қойғасын түбегейлі шет еліне де шек қою керек.
Енді осы арада жаңа туған балаға ана сүтінен бұрын ұлтының етін жесін деп жерітіп алмай, уды у, ауруды ауру қайтарады дегендей рэп-ті қолдануға тура келеді. Ол қалай дейсіз ғой? Яғни тактика ретінде. Шетелдің азғындатылған профессионалды деңгейдегі ритимдік әніне тең келер ритиммен… Бірақ сөзі, мағынасы ұлтына деген махаббатын, еліне деген қайратын, дәстүріне деген сүйіспеншілігін оятатын әндерден (сөздерден) болуы тиіс. Осылайша еліне деген махаббатын оятарымыз анық. Енді махаббаты оянған жас, халқының ұлттық құндылығын өзі-ақ ізденіп, өресін өсіріп, басқадан бас тартатыны екінші анық. Бұл әдіс алдай баурау тактикасы немесе ұлт сүйгіштікке улау әдісі. Ал улаушының баурайтын қасиеті барын ешкім білмеуі тиіс емес пе?! Қазақилыққа тарту идеологиясы десек те болады.
Осы жерде тағы қайталай кетейін, бұл шетелдік рэптер мен жын-ойнаққа құштарлана дағдыланған жастарға ғана байланысты көтеріліп отырған тақырып, (мұндай жастар 60-70%-ды құрап қалады, сенбесеңіз көшедегі кез келген жаспен сөйлесіп қалтафонындағы әндерін тыңдап көріңізші, кілең даңғырлаған шет ел әуені). Бірақ бәрі ұрпағымыз ғой, оларды не істемекпіз?! Бәріміз бір салада болмасақ та, бір киім кимесек те, жүректеріміз тоғысатын жер мен көздеген мақсатымыз бір болуы шарт, ол – қазақ үшін.
Осы мақсатта еңбектеніп «Мен Қазақпын» деп рэп айтып жастар рухын көтеріп жүрген Ерболаттай, жоғарыдағы Жақау мен Шоқан, Аль-Наср сияқтыларын жақсы бағытқа бұрып, халыққа еңбектері сіңіп, жұлдыздары жанып жатса біз бен сізге жақпайтын боқ ауыз, бос сөздегі рэпер сымақтарыда өздерін түзері үшінші анық. Не дегенмен де бәрі қазақ баласы ғой, біз үшін әрбірінің аман болып, еліне еңбек етуі қымбат.
Қазаққа рэп керек пе немесе дұрыс емес деп айту оңай, дұрыс емес істен дұрыс істі табу қиын. Бастысы батыстан келген рэп дертке айналмауы керек.
Пы.Сы. Шыңғыс есімді Алматының рэпері (өзін атақты санайды екен) қазақ қызын шешіндіре отырып «Жезөкше» деп аталатын бейнебаян түсіріпті. Және онысын үлкен мақтанышпен айтып, сұхбат берді. Мақсаты қыздарымызды теріс жолдан қайтарып, насихат айту емес. Бар мақсаты осы туындысы себепті күзде өтетін жеке кешіне келетін адам санын толтыру. Яки қара пияр. Осындай да намысы бүлінген жігіттерің бар, ағайын.

Намыс.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 568 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 820 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика