КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, мәтінде кездесетін жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен таныстыру.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын кеңейту. Мәтін бойынша сұхбаттасуға баулу.
Тәрбиелілік:Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:Проектор, асықтар, кітаптар.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі:жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдістері:әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:Оқушылардың алдына қойылатын мақсат пен міндеттер:
Білу керек:
1. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін.
2. Ұлттық ойындардың аттары және олардың мәні мен мақсаты.
3. Сөздікпен жұмыс.
4. Мәтінмен жұмыс.
І. Ұйымдастыру кезеңі:Дәрісхананы сабаққа дайындау.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қасысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.
Жаңа сабақ:презентация көру. (слайд: ұлттық ойындар бірінен соң бірі ашылады).
Тыңдаушыларды екі топқа бөліп аламыз. Топтың атын өздері қояды.
І бөлім «Бәйге»
Мәтінмен жұмыс:Жаңа сөздермен танысу, оқу, тапсырмаларды жеке, жұппен, топпен орындау, сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру. Жаңа сөздермен танысады. Мәтінді топпен оқып шығады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындайды. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырады. Диалогты жалғастырады.

ІІ бөлім «Көкпар»
Топпен орындауға арналған:
1. Тақтаға сандар ілінеді, әр санның артында ойын шарттары жазылған. Тапсырма: қай ойын түрі айтылып тұрғанын табу керек. Әр топ 3 сұраққа жауап береді. Тіл үйренуші жауап берген соң, дұрыс жауабы сурет түрінде көрсетіледі.

2. Ұлттық ойындардың аты жазылған қағаздың ішінен әр топ біреуін таңдап алады. Ойынның шартын түсіндіріп өтеді. Топпен ақылдаса келе, сол ойын түрін ортада көрсетіп береді.

3. Сөзмерген ойыны арқылы тапқырлығымызды тексеріп көрейік:
АЛТЫБАҚАН
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Сөздерінен жаңа сөздер қатарын құрастыру ( алты, бақа құм т.б.).

6. Сабақты бекіту:
- Не білдік? Не үйрендік?
- Біз ұлттық ойындардың қандай түрлерімен таныстық?
- Олар қандай болуды қажет етеді?
7. Үйге тапсырма беру: Жаңа сөздерді жаттау, ойын атауларын жаттау, мәтіннің мазмұын толықтыру.
8. Бағалау. Тапсырмаларды дұрыс орындаған тіл үйренушіге асық беріліп отырады. Сабақ соңында жинаған асығы бойынша бағаланады.

(қосымша)
1. Жаңа сөздермен танысыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.

ойын-сауық ұрпақ нұсқа тәрбие бәс
шынықтыру мән беру қарекеттер кәсіп мерзім
ой-өрісін нәтиже жаугершілік қырағы ұту
ұлт дәстүр негізделген ұқыптылық дәл

2. Мәтінді оқыңыз.
Ұлттық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақ ұлты, негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойындарды орайластырып, дамытып отырған. Мұны бір ойынның бірнеше нұсқаларының болуы да айғақтайды (Мыс., белбеу тастау, орамал тастау, хан қалай, жаяу көкпар, т.б.). Қазақ қоғамындағы ұлттық ойындардың негізі, оның шығу тегі көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерден басталады. Олардың көбі мал шаруашылығынана, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Ойындардың басты тәрбиелік мәні – болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады (қ. Айгөлек, Алтыбақан, Ақ сүйек, Соқыр теке, Таяқ жүгірту, Көрші, т.б.).
Ұлттық ойындардың кейбір түрлері төмендегідей:
Бөрікпен ұру.Қырағылыққа, мергендікке баулиды. Ойынға бірнеше бала қатысады. Алдымен ескі бөрік домалақтала буылады. Ойыншылардың бірі бөрікті қорғауы, қалғандары оны қорғаушыдан алып кетуі тиіс. Бөрікті ұстаған қорғаушы келесі ойыншыны бөрікпен ұрып дәл тигізсе, ол “ұрушыдан“ қашушыға айналады.
Тобық жасыру.Сақтыққа, ұқыптылыққа баулитын ойын. Бұған екі адам қатысады. Ертеректе мұны қайнысы мен жеңгесі, балдызы мен жездесі, құрбы қыздар мен жігіттер ойнаған. Шарты: екі ойыншының өзара келісімі бойынша тобықты біреуі жасырады да, екіншісі қай уақытта және қандай (немесе кез келген) жағдайда сұрайтынына уәделеседі. Белгілі мерзімде тобықты сұрағанда, жасырушы өз бойынан (қалтасынан, саусақтарының арасынан) алып берсе ұтқаны, ал тауып бермесе ұтылғаны. Келісім бойынша ұтқан адам бәске тігілген затын алады.

1. Мәтін бойынша тапсырма:
2. Мәтінді топпен оқып шығыңыздар.
3. Мәтінге тақырып қойыңыз.
5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
6. Қазақтың ұлттық ойындары қашан пайда болған?
7. Ұлттық ойындардың ұрпақ тәрбиесінде маңызы қандай?
8. Сіз ұлттық ойындардың қандай түрлерін білесіз?
9. Диалогты толықтырыңыз.
- Асан, Сіз қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
- Мен ........................................................................ білемін.
- Сіз бал күніңізде қандай ұлттық ойындарды ойнап көрдіңіз?
- .......................................................................................................
- Бір ұлттық ойынның ойын шартын айтып беріңізші.
- ........................................................................................................
10. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
Ұлттық ойын, кеңінен тараған, балалар мен жасөспірімдер, мән берген, ойын шарты. 
11. Ұлттық ойынға қатысты әріптесіңізге 3 сұрақ дайындаңыз. 

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 274 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 574 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45260 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42774 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика