КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Басшылық қызметтегі бірнеше жылында білім саласына біршама реформалар жасап, біраз сынға да іліккен Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың отставкаға кетер алдындағы осы салаға әкелген соңғы өзгерістері де әдеттегідей тыныш қалмады. Әрине, бұл биылғы жаңа оқу жылында мектептерге енген жаңа оқыту бағдарламасы еді. Яғни елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға бірдей еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 2013 жылдың 3 сәуірінде №115 бұйрық шығарған болатын. Осы бұйрыққа сәйкес бұрын аптасына 5 рет болатын қазақ тілі сабағы енді орыс тіліндегі мектептерде 2-3 сағатқа дейін қысқарады. Сонымен қатар бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәні жүре бастайды. Қосымша «Өлкетану» (7-сынып), «Алаштану» (9-сынып), «Абайтану» (9-11сынып) пәндері енгізіледі. Бұл жаңалық жария болысымен тіл жанашырларын бейжәй қалдырмады. Басы Розақұл Халмұратов болып, өздерінің қарсы уәждерін айтқан болатын. Дегенмен министірліктегілер мұны 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу және ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға байланысты деп жауап қайырған еді.
Онсызда орыс тілінен оза алмай өзіміз бен өзіміз алысып жүргенде, азуын арандай ашып ағылшын тілі де жетті. Осыған қарағанда ана тіліміз үшін жаңа қауіп ағылшын тілінің осал болмағаны да? Неге дейсіз ғой? Өйткені орыс тілі тым болмаса 3-сыныптан бастап үйретілуші еді. Енді ағылшын тілінің бірінші сыныпқа бір-ақ секіргеніне қарағанда шынымен азулы-ау. Бұған дау бар ма? Қазақ түгілі ғаламды жаулап жатыр емес пе? «Жаңа техника, озық экономика, шетелдік білім, дамыған заман» деп жүріп, бізде жеті басты жыландай жаһанды жалмап келе жатқан тілдің жұмырына жұтылып кетпесек болды, әйтеуір. Ал біздің айтарымыз бұл емес. Осы жаңа бағдарламада қамтылған «Абайтану», «Алаштану» курстары болмақ.
Әрине, жаңа оқу бағдарламасының ішінен қырағы көз қауымды елең еткізгені «Алаштану», «Абайтану» курстары еді. Соңғы кездегі қоғамда талқыға түсіп жатқан төл тарихымызды тәптештей, дәл жазу керек дегенді ескерсек, онда «Алаштану» пәнінің маңызы арта түспек. Демек, XX ғасырдың тар жол, тайғақ заманында өмір сүріп, қым-қуыт қоғамның қуысында қалып қойған алаш ардагерлерінің ақиқат тағдыры, ерен еңбегі, көреген көсемдігін көрсету осы пәннің басты міндеті. Осынау ардақты атауымен елді елең еткізген пәндерді бізде елеусіз қалдыра алмадық. Алматыдағы мектеп-гимназиялардың біріне барып, осы пәндердің оқу жоспарын көріп, оқулығымен таныспақшы болған едік. Бұл құр дәме болды. Сабақ басталғалы бір айға жақындаса да бұл оқу орнында аталған пәндер өтілмепті. Әдебиеттен сабақ беретін ұстаздың алдына барғанымызда, одан «Абайтану» пәнінің оқулығы жоқ, сабақ жоспары да жүйесіз, оның үстіне міндетті пән емес, яғни мектептердің таңдау өз еркінде болғандықтан біз бұл сабақты оқытудан бас тарттық» деген жауап алдық. Ұзақ жылдар ұстаздық еткен қырағы көз, кәнігі бағбаннан асып, бізде көсемси алмадық, бастысы осы сөзге сендік те тоқтадық. Осылайша бар күткен үміт пен тілек құрдымға кетіп, ендігі қиял осы пәндерді оқытып жатқан мектептердің жағдайына бет алған еді.
Басқасы басқа мектепте өтілетін пәндер үшін оқу құралының жөні бөлек. Ал арқалаған міндеті ауыр «Абайтану», «Алаштану» пәндері үшін оқу құралының маңызы тіптен ерекше. Себебі бұл пәндердің тамыры терең, ауқымы кең. Мысалы, «Абайтануды» алып қарайық. Абай өлеңдерін, шығармашылығын теориялық жақтан зерттеген ғалым Қажым Жұмалиев, философиялық, танымдық жағынан қарастырған Ғарифолла Есім, соңғы кездегі мүйізі қарағайдай абайтанушы ғалым Мекентас Мырзахыметовтың ғылыми тілмен жазылған монографиялық зерттеу еңбектерін оқушы түсіне ала ма? Бұдан басқа абайтану саласында қаншама еңбектер бар. Осының оқушы нақты қайсысын оқуы керек? Егер аталған еңбектер оқушының деңгейіне сай келмейді, ауырлық әкеледі деп көне сарынға салсақ, яғни өмірі, өлеңі, қара сөздері, бұдан асып бара жатса «Абай жолын» оқытудан әрі аспасақ, онда атын даңғарадай қылып «Абайтану» курсын енгізудің не керегі бар еді? Демек, жүйелі жоспар, арнайы оқу құралы болмаса аптасына бір сағат, тұтас оқу жылында 36 сағат сол баяғы көне сүрдекпен өтеді деген сөз. Келесі «Алаштану» курсы да солай. Алаш Орда өмір сүрген дәуір күрделігімен ерекшеленеді. Оның үстіне алаштану ғылымы әлі толық зерттеліп, қыр-сыры ашылып болмады. Шүбәлі дүниелер де жетерлік. Зерттеуші ғалымдардың да пікірі бір арнаға тоғыса бермейді. Тіпті танымал тұлғалардың туған, қайтыс болған жылдары да әр кітапта әртүрлі. Сондай бұралаң қоғамның бүркелген сырын оқушы қалай қабылдайды? Ал егер бұл пән бұлайша тереңдетіп оқытуды мақсат етпесе, бұл сабақты енгізудің не керегі бар? Оқушы санасына артық жүк болмай ма? Онсызда олар әдебиет пен тарихтан алаш тарихын, қайраткерлерін біршама біледі ғой.
Міне, осындай сан сауалдар, қайшылықты пікірлер санамызға күдік ұялатады. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп Әбу Нәсір әл-Фараби айтқандай қандайда бір білімді, ақпаратты оқушыға үйретер алдында ой елегінен өткізіп, аса ұқыптылықпен қарау керек. Егер арнайы оқулық жоқ болса, оқушы басқа кітаптарды қарауға мәжбүр болады, ал ондағы пікірді, ақпаратты оқушы талдап, сараламастан тура қабылдайды. Кейбір пікірлер ұрпақ санасында жаңсақ ұғым қалыптастыруы мүмкім. Сондықтан да міндетті емес, таңдау курстары болсада арнайы сол саланы зерттеуші ғалымдар мен педагог-әдіскерлердің елегінен өткен сапалы оқулықтар болуы керек. Бір сағат білім алса да, шәкірт жүйелі, нақты дүниені меңгеруі керек. Өйткені бұл ұлттың болашағы ұрпақтың санасын, білімін, ойын қалыптастыруда үлкен рөл атқармақ. Ал әзірше «Абайтану», «Алаштану» курстары сабақ жоспары жүйеленіп, оқулығы дайын болғанша «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарадының» кебін кимекші.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 599 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 835 0







18/04/2017 14:25

Шетелдегі қазақ тілі
0 9122 1

24/04/2017 14:47

Баянжүректің сыры
0 6049 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика