КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кез келген мектеп оқулығын ашып қарасаңыз, көзіңіз мынаған түседі. Ахмет Байтұрсынұлы – жазушы, ақын, Міржақып Дулатұлы – жазушы, ақын, Мағжан Жұмабаев – ақын және жазушы, Ілияс Жансүгіров – жазушы, ақын және т.б. Жалпы кез келгені. Яғни тек қана публицистикалық қызметтері толықтай айтылады да, негізгі саяси қайраткерлік қызметтері айтылмайды. Айтылса ешкінің құйрығындай тым қысқа ғана.
Неге олар Ахметті қазақтың бас филологі, Ахаң болмаса бәлкім көптеген тілі құрып кеткен халықтар ұқсап қазақтың тілі де өліп қалатындығын ашық айтпайды?. Неге Ахаңды «тіл патшасы» ретінде суреттемейді?! Неге олар Мағжанның алғаш рет психология ғылымын зерттегенін, алғаш болып қазақ топырағында педагогика еңбегін жазғанын айтпайды, яғни Мағжан неге осы тұрғыдан дәріптелмейді?! Неге Міржақыптың «Оян,қазақ!» туындысы тек қана өлең ретінде дәріптеледі. Шындығына келгенде ол тұтастай бір идеологиялық ұран және қазіргі кездегі көптеген концепциядан кем түспейтін ұлттық көзқарас еді.
Қазір бейбіт заманда ұран тастау оңай ғой, ол заманда ұран тастау - өлім. Сондықтан неге Міржақып ұлт идеологі ретінде мадақталмайды?!
Менің ойымша Алаш арыстарын тек қана жазушы немесе ақын қылып көрсету үлкен саясат. Өйткені олардың басты еңбектері қазақ қоғамына кітап жазып қалдыру емес, шынайы тәуелсіз ету еді. Олар кітап жазғаны үшін емес, қайтсем қазақты азат етемін дегені үшін атылды. Ал бұл шындықты қалайша қазіргі кей жандар айта алсын. Өйткені өздері Алаш арыстарының тырнағына да татымайды. Сондықтан олар Алаштықтарды қоғамға тек публицист етіп суреттеуге мүдделі. Менің көңілім осыны ойлаған сайын құлазиды.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз