КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бірге: Тындаңыздар,тыңданыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар!

1-ші жүргізуші: Естімеген естіңдер!
2-ші жүргізуші:Тыңдамаған тыңдандар!
1-ші жүргізуші: Наурыз тойы басталды.

Бірге: Тойдан қалып қалмаңдар!

1-ші жүргізуші: Жүріңіздер Наурызға басып аяқ.
Қалыс адам қалмасын некен-саяқ
2-ші жүргізуші: Ән шырқап, би билейтін қауым болып.
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

Ән: Тоқтарханова Дана 5А сынып
Бірге: Той шашуын шашылсын,
Шашудан құр қалмаңдар!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын,
Бәле –жала жерге енсін!
Той құтты болсын,
Ырыс мол болсын!
(деп айта жүріп, балалар шашу терісіп мәз болады)

1-ші жүргізуші: Наурыз қайта оралды аты да аңыз,
Сұраймыз алғыс та, ақы да біз.
Мен дастархан-даламыз-сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

2-ші жүргізуші: Жоғары шықсын қонақтар.
Кепіл тұрған алыстан,
Құттықтайды олар сіздерді.
Наурызда бізбен қауышқан.

Би: Қазақ биі 5А сынып оқушылары

1-ші жүргізуші: Достар бәріңіз ана жаққа қараңыздар.
Ортамызға Наурыз, Алдар, Батырлар, Қызыр ата келеді, қарсы алайық!

2-ші жүргізуші:Шын айтасың ба? Онда ағайын, кәне, қарсы алайық.
(ортаға Наурыз, Алдар, Батырлар, Қызыр ата шығып сәлемдеседі)

1-ші жүргізуші:Амансыздар ма, Қыдыр ата!
Наурыз! Алдар!
Сіздердің әділ істеріңіз ғасырлар бойы тынбайды
Аңыз, достар, жырлардан
Жастар оқып тыңдайды.

2-ші жүргізуші: Қыдыр ата, бата беріңіз, халқыңыз сізді күтуде.

Қыдыр ата: Қалдырып асау жылдар ағыстарын,
Халқыммен мерей болды қауышқаным.
Ұлыстын Ұлы күні сол үшін де,
Бар жақсылық сәлемімді бағыштадым!

Батыр: Мен қазақпын!
Қазақ үшін көрдім көбін азаптың,
Сендім,сендім туады деп күндер шат.
Дала жайып, бұлбұл сайрап, гүлденер бақ.
Жылдар жылжып, алмасса да уақыт
Бізді алады еске ұрпақ.
Наурыз: Армысыздар аталар.
Бармысыңдар аналар!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Достығымыз берік болсын,
Білім-өнер серік болсын!

Алдар: Ассалаумағалейкум, халқым менің
Ардақта Наурыз тойын, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін.

1-ші жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің мектептің
Өнерпаздары өнерлерін көрсетпекші,
Соны тамашалауға шақырайық.
Ертегі әлеміне саяхат жасайық.
Көрініс: Мақта қыз бен мысық

2-ші жүргізуші: Ендеше достар әнге кезек берейік.

Ән: Мұхаметкаирова Айнаш 5 В сынып

1-ші жүргізуші: Осындай қызық өнерді
Көргісі келген ағайын
№26 мектепте ертегі
Тамашаға ағылар.

Көрініс: Алдар Көсе мен бай
Алдар Көсе мен бай баласы
Жыл басы

2-ші жүргізуші: Құрметті өнерпаздар!
Сіздерге көп рахмет, мерекелеріңіз құтты болсын!

1-ші жүргізуші: Жаңа жыл – Наурыз құтты болсын!
Молшылық жылы болсын!
Тышқан жылы береке әкелсін.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 588 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 832 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика