КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Әлемде газеттер бірінен соң бірі «өліп» жатыр. Үш жүз жылдан артық өмір сүрген британдық «Lloyd’s List» басылымы да 20 желтоқсанда жабылатынын мәлімдеді. Өйткені оқитын адам қалмаған. ХVІІІ ғасырда газет парақтарын дәмханалардың парақтарына жапсырып қояды екен. Енді жұрт сол дәмханаларда отырып, керек ақпаратты планшеттен, смартфоннан-ақ ала алады. Америкада да бір емес, бірнеше басылымды интернет «жұтып» үлгерді. 2011 жылдың жазында танымалдығы жағынан үшінші орын алатын «U.S. News & World Report» апталығы цифрлық форматқа ауысты. Оның ізінше«Newsweek» шықты, мүйізі қарағайдай басылым қарызға белшесінен батқан өйткені.
    Біздің елімізде де осы процесс қазір қызу қарқын алды. Қанатқақты нөмірі он жылға жуық уақыт бұрын оқырман қолына тиген «Нұр Астана» республикалық жастар апталығы жуырда жабылды да, оны «Айналайын.кз» сайты алмастырды. Айта кетейік, биылдан бері елімізде «Ақпараттық Қазақстан - 2013» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ондағы тапсырмалардың бірі – Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту. «Бағдарлама аясында 2013 жылы мемлекет қолдауымен 250 БАҚ интернетке өтті», - деп мәлімдеген болатын «Kazakhstan OnLike - 2013» медиа-конгресінде мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев. Оның айтуынша, жыл соңына дейін министрлік аталған көрсеткішті 400-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырған көрінеді. Баспа БАҚ-тың болашағына күмәнмен қарайтындардың қарасы көбейді осыдан кейін. Дегенмен, біздің кейбір ауылдарға әлі өркениет жетпегенін ескерсек, Қазақстандағы қаптаған газет-журналдар бүгін-ертең жабылады деу қисынға келмейді. Оның үстіне, үлкен кісілер үшін қағазды шұқшиып оқудың жөні бөлек. Романтика десе де болады.
    Осы орайда мені елдің пікірі қызықтырды.
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ,
ақын:
    – Қазір интернет-сайттарға үңілетін болдық қой. Өйткені тез, ыңғайлы. Газет-журналдардың болашағы бар, әрине. Интернет-сайтта оқығаныңды тез ұмытып қаласың. Ал газет-журналдарды қолыңа алып оқығанның жөні бөлек, негізі екеуі қатар дамығаны дұрыс.
Перизат БӘЙМІШЕВА,
мұғалім:
    – Сол кісілер-ақ жазылсын газетке, бердік жолымызды, біздер сайт қарасақ болды.
Абай ОТАР,
журналист:
    – Әлбетте, интернетте көп отыратын болғандықтан, маған ақпараттарды сайттан оқыған ыңғайлы. Оның үстіне, қазір оқырмандар кімнің қалай көсіліп жазғанына қызықпайды, оларға жаңалықты білсе жеткілікті. Мен де сондай оқырманның бірімін. Сондықтан газет сатып алып, оқып көрмеппін. Анда-санда журнал оқып тұратыным бар. Оның өзінде эксклюзивті мақала болса ғана қызығамын. Әлемде баспа БАҚ-тың күні бітуге таяу. Ал біздің елде бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Өйткені интернеттің қаншалықты қолжетімділігін біліп алған абзал. Әлі күнге телефоны жоқ ауылдардың бар екенін ескерсек, 20-30 жылда дәстүрлі БАҚ өмір сүре береді. Бірақ солай екен деп қарап қалмай, мүмкіндігінше оқырманға қызықты ақпарат беруге тырысу керек. Алда-жалда «Егеменнің» стилімен кете берсе, дәстүрлі БАҚ-тан бәрі жалығып кетеді.
Әсет РАХМАНБЕРДИЕВ,
IT маманы:
    – Негізі Англия, Италия, Испания сияқты алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінде газетке деген сұраныс аз емес. Әдеттегіше жапа-тармағай таласып сатып алып жатады. Бұл жерде мәселе халыққа не бересің, қалай бересің, сонда – журналистердің кәсіби шеберлігінде деп ойлаймын. Ірі таблоидтардың өміршеңдігі де осы журналистердің еңбегі болса керек.
    P.S. «Он екі орындық» романының бас кейіпкері Остап Бендер болса, «газет оқымайтын адамдарды моральдық жағынан тұрған жерінде өлтіру керек» (түпнұсқасы – «людей, не читающих газеты, надо морально убивать на месте») депті. Қадірлі оқырман, сіз бұған не дейсіз?

Халық

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 294 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 580 0









ТЕКСТ

Яндекс.Метрика