КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


    Осынау базар шаруашылығының бәсекесі үдеп ‹‹базардан бағыңды тап, тіленбей басқаларға жаныңды бақ деп›› тұрған социалистік базар шаруашылығының шалқыған орайында барыңды базарға сал, дөңгелек дәулетті өреге көтеріл, ауқаттану жолына түс деп мынау социалистік жаңаша қоғаммен партияның абзал саясаты демеп тұрған кезде, басқа ұлттардың өнімдерінің қатарынан орын ала бастап жасыл өнім, дәрілік қуаты бар өнім сынды алқаулармен өз құнын әйгілеп келе жатқан, қазақ ұлтымыздың ұлттық тағамдары қазір аудан, ауыл-қыстақтардан шығып, ірі қалалар базарында басқа ұлттардың назарында болғаны қуантып келеді.
    Қазір қазақ ұлты қоныстанған қайсы ауыл, аудандарға бара қалсаңыз қазақи ұлттық тағамдар асханасы, қазақи жасыл өнімдер дүкені, қазы-қарта сату орны, сүт, айран-қатық өнімдері арнаулы дүкені, шұбат сату орны, қазақи шайхана (сүтті шай сату орны), қазақи нан сату дүкені сияқты ұлтымыздың қолдан жасалған өз өнімдерін сату орындары барған сайын молайып, өз ұлтымыздың қажетінен шығып, өзге ұлттардың қарсы алуына ие болып, жасыл азықтық аталып күнделікті тұрмысында кем болса болмайтын тағамдар қатарына айналып барады. 
    Ұлтымыздың осы ұлттық өнімдерінің қайнары болған төрт түлігі шүбі шүйгін, суы қуатты, ауасы таза жасыл жайлауымен, аң құспен қоса жайылатын анау алыс отар жайылсында бағылып отырғаны себепті осы ұлттық тағамымыздың дәмі тіл үйрететін, жасыл азықтық, қуатты азықтық аталуына себеп болғаны шындық – әрине. 
    Ал осы ой ортақтастырмақ болып отырған шағын кеңесімізде, қазіргі аудан, ауылдарда базарға салынып отырған қазақ ұлттық тағамдарының хал-жәйі қалай екендігі туралы аз тоқтала кету болмақ. Иә, қазір қазақ ұлты көп қоныстанған аудан, ауылдарымыздың көше бойларында кезігетін ұлттық өнімдерімізді сату орындарының көбі тұрақты кірісті дүкен қатарына айланып келе жатқаны шындық. Бұлар алғашында бірер кило сүт, айран сатудан бастап, көп кіріс таппаған күнделікті өзінің тұрмыстық ішіп-жеуінен аспаған шағын дүкендер есептелінеді. Дүкен шарт – жағдайы олпы-солпы бір-екі ауызды аласа үйлер, май ақысы төмен болған соң немесе бос тұрған үй болған соң тек бірнеше он юан кірісті ғана көздеп ашып қойған көбі майлап алған үйлер екендігі анық. Тек бірнеше жыл өзінің тұрмысынан тарықпауға, ашқысы келсе ашып, қалған күндері жауып қойса да болатын, аларман қайнары аз болып, ұлттық өнімдері дамыту мен бәсеке көзқарасы, құнын әйгілеу көзқарасы кемшіл тар үрісті көзқарастан аспаған, өнімдерін басқа орындарға сату, базар бағасы, базар информациясы жақтан мүлдем хабарсыз ауыл адамдары болып отыр, оған қоса партия үкіметтің қатысты демеу саясатынан хабарсыз, қолында мардымды айналым қаржысы жоқ. 
    Бірнеше сиырының сүтімен айранын сатып, азтапауатына ғана иек артудан басқаны ойламай, осыны ауқаттану жолы деп ойлайтын адамдар, айталық, мал шаруашылығы негіз етілетін Моңғолкүре ауданының бірқанша ауылдарында сүт, айран, құрт сату дүкендері бар: мен олармен бұл сауданың кірісі, бұдан кейінгі ойлары туралы әңгімелескенімде олардың бірнешеуінен жоғарыдағы жауаптан басқа мардымды жауап ала алмадым. Одан қалса ауыл-қыстақтағы ұлтымыздың әр отбасында бір-екілі сауын сиыры бар сүт, айран өнімдерін сатып алуды қажет етпейді. Қазақ ұлтымыздың кең молдығы сынды қыс түссе бір ірі қараны соғым етіп сойып, қазы-қартаны лықсытып іліп алатындығы олардың осы сауданы жандандыра алмай отырғандығының себебі деп қарап отыр. 
    Сонда біз өнімдерімізді өзімізге ғана сатамыз ба? 
    Моңғолкүре аудан қалашығында қазақ ұлттық тағамдарын сату дүкендері біршама көп, соның бірі аудан қалашығы үйсін жолы бойындағы осы ауданға қарасты Ұзынбұлақ ауылы, Ақтас қыстағының тұрғыны Гіміңгүл ашқан шағын екі бөлмелі жылқы еті, қазы-қарта, айран, сүт, бидай көже, талқан, құрт, май сияқты өнімдері сату дүкені, дүкен иесі Гіміңгүлді сөзге тартқанымда: бұл дүкенді ашқаныма екі жылдан асты, алғашында жұбайым екеуміз семиялық мардымды кірісіміз болмаған соң,осы үш бөлмелі үйді майға алып, алғашында сүт, айран сатып ұсақ-түйек қажетімізден шыққан едік, бірте-бірте саудамыз жақсарып, басқа да қазақтың құрт, сары май, нан сықылды өнімдерін сатып едік, тіпті де аларманымыз көбейіп, тары-талқан, қазы-қарта, жылқы еті қатарлы өнімдерді де қосып сауда көлемімізді кеңейттік. Былтыр жұбайым қайтыс болып кетті, семияның ауыр жүгі арқамда болған соң бұл саудамды тоқтатпай істеп келдім. Қазыір бұл дүкенде інім, келінім қатарлы 4-5 адам істеп отырмыз, кірісіміз өте жақсы, әсіресе қазақтың жылқы қазысы, бидай көже, қатық сияқты тағамдарымыздың өтімі жақсы. Біздің бұл дүкен тек өзіміздің ұлтқа ғана емес, басқа ұлттарға да әбден қанық. Көптен бері ханзу жолдастар келіп айран, қатық, көже ішіп жатады, олар бұл тағамдар денсаулыққа пайдалы екенін айтып мақтасып отырады, – деді. Иә, естіп отырсаңыз жылқы қазысынң килосі – 65 юан, бір кесе бидай көже – 7 юан....базардағы сиыр еті кеспесі – 10 юан оған қарағанда өзіміздің бидай көже, қатық, айранның бағасы да арзан денсаулыққа пайдасы көп ақ - ғой демеске не шара! 
Өз қолымыздағы осындай нәрлі де, қуатты тағаммен өзге ұлттың тағамының парқы қалай? 
    Жоғарыдағы жылқы еті, қазы-қарта, айран, сүт, бидай көже, талқан сияқты өнімдерді сату, дүкеннің иесі айтқандай, өзіміздің қолдағы бар өнімдеріміздің базарда бағын жандыра алмасақ, құнын білмесек, ауқаттанудың ауылы алыста болып қалмастан осы өнімдердің иелік құқығынан да айырылып қалмасымызға кім кепіл. Бұл ұлттық байлығымыз тек сатушымен ғана емес, қолдаушыға да қаншама зәру. Қазіргі тиімді саясаттың ұлттық өнімдеріңді, өнеріңді базарға сал деп тұрған мына бәсекелі қоғам мен абзал саясат арқасында атқа мінер азаматтар күш үстіне күш қосса қандай тамаша болар еді-ау! 

Келу қайнары: Жүңго қазақ радио торабы 
Kokozen

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз