КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

    Қазір «әлдекім қонағына шапан жауып аттандырыпты» дегенді естісек, таң қалмайтын болдық. Үйлену тойы – шапан, тұсаукесер – шапан, туған күн – шапан, мерейтой – шапан, зейнетке шығу тойы – шапан... Той-томалақта шапаннан басқа сыйлайтын зат қалмаған ба деп те ойлап қаласың. Тіпті, шетелден қонақ келсе де, шапан ала жүгіру «мода» болып кетті. Әділін айтқанда, бұрын мұндай құрмет «машина кілтін тапсырды» дегеннен әлдеқайда абыройлы да асқақ естілетін. Ал қазір керісінше болып тұрғаны өкінішті...
    Жуықта әлдебір ауылдағы беделді ақсақалдың үйінде тойда болып, қазақы дәстүрдің сұрықсыздана түскеніне қынжылдым. Той иесіне берілген шапанда есеп жоқ, құндыз жағалысы да, қытайдың арзанқол матасынан жасалғаны да, арасында сусар бөрігімен қосарланып келгені де бар. Ақсақал әлгі шапандарды кезегімен киіп, қайта шешуден шаршап, қара терге малшынсын. Жанымдағы танысым: «Қазіргі күні біздің ауылда тойға арналған бірнеше жүз «дежурный» шапан бар. Мынау соның нешіншісі екенін кім білсін», деп миығынан күледі. Жағамды ұстадым. Бақсам, ауыл адамдары бірінен алған шапанды келесі күні тойға барса, қысылмастан екіншісіне сыйлай береді екен. Ауылға жас бала келіп, жалпақ жұртшылық алдында өнерімен көзге түссе де, шапан жауып жіберуден тайынбайды.
    Көнеден жалғасқан қазақы дәстүрлердің қадірі соншалықты арзандап кеткеніне ешкімді кінәлай алмайтынымыз анық. Бала кезімізде қазақы оюмен көмкерілген әсем шапандар өте сирек кездесетін. Ондайға қызыға да таңданыса қарайтынбыз. Уақыт өте көпшілік қолданыстағы шапанның тігілу сапасы да, матасы да төмендеп, ауыл-үйдегі той-томалақта әншейін бір алыс-беріске жүретін арзанқол бұйымға айналып қалды. Кім көрінгеннің иығына жабылатын, бір қолдан бір қолға өтетін осы бір сырт киімді көрсе, той иелері тыжырынатын қалыпқа жеткен. Атам қазақ айтпақшы, «жібекті түте алмаған жүн етеді» дегеннің кері осы.
    Үлкендердің айтуынша, шапан – біріншіден, сән-салтанат нышаны әрі құрметтің үлкені. Оны лайықтылардың иығына ғана жабады. Яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан», «қайраткер» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сыяпат, марапат, мадақ белгісі деп қабылдағанымыз абзал. Ата-баба мұрасының кез келгенін жете бағалау үшін оның қадір-қасиетін жете білмек керек болар. Ендеше, қарапайым ғана шапанның сыр-сымбатын арзан модаға айналдыр-ғанымыз өзіміздің сауатсыздығымызды көрсетпей ме?

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз