КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Ежелден ұлтымызда салтанаты бөлек, ұлттық бояуы күшті, берекенің қаймағын қалыңдатқан, басқа ұлттың таңдайын қақтырып,тамсандырған сандаған тойлар әрбір отбасында өтіп, бүгінге жетті. 
    Ал бүгінге келгенде біздер асырып, шашылып, бәсекелесіп, шамаға қарамай, қарызданып той жасадық та көптің қарсылығына, ұйымның сөгісіне қалдық. 
    Шағын тойдан, бардамдықты көрсететін, ресторанда таң атыратын, көп машина майлап жүргізетін, молынан алқа-жүзік тағатын, арақ-шарапты көл көсір құятын, ресторан жозысына молынан тамақ шығаратын, қысқасы қарызданған той жасайтынды шығардық.
    Уақыт өте келе қарыздың қысымы, сананың оянуы, көптің ақыл-кеңесі, ұйымның жол сілтеуінде біршама оңшалдық – бұл қуанарлық жайт. Келеңсіздіктер үдеп тұр: 
    1. Әлі де қарызданып алқа-моншақ тағу көп.
    2. Келін алдынан көп машина шығу, арақ-шарап ішу мол.
    3. Ресторанға өлшемсіз жозы шығару бар. 
    4. Келінге жасау алғанда көбінде қарызданып түрлі сапасыз дүниелер алынуда. 
    Ақшаның көбін осы сияқты жарамсыз жасауларға, орынсыз шығындарға жұмсағанша, топтастырып, жастармен ақылдасып, баспана не басқалай отаудың шаңырағын биіктететін, отбасы ауқатын жақсартатын, мәдени тұрмысын, рухани сұранысын қанағаттандыратын зат алып берсек жарасым табар еді. 
    Кейбір тойларда қазақи түс алып, көкпар тартылып, қыз қуар, бәйге салынып, балуан күрестіруде. Бұны біздер қуана құптадық. Бірақ мына бір ісіне қарсы болдық. Ол болса, ат бәйгесі, шамаға қарамай, тағы да қарызданып, атымды шығарам деп, бәйге алдына 8 де 6 мың юанды мота, неше он атқа бәйгені молынан сауға ұсыну болуда. Сырттай қарағанда думанды ат бәйгесі өткізіліп, қазақи салт-дәстүр жаңғырғаны мен сол отбасы қарызға буылған жағдай мен мұндалап көріне кетті. 
    Енді бір келеңсіздік: ұзатылған қызға машина ұсыну. Бардам отбасының жоны көтерді, ал ауқаты төмен отбасылары банкіге, не жекеге қарызданып, қызының дауынан, басқалардың сөгісіне қалудан қорқып, істеді. 
    Бұл жалпылық бәсекелік түске айналды. Қарға қаз боламын деп аяғын үсіттінің кейпін құшқан сияқты, мақтана, қарыздана, бәсекелесе жұмыс істеу әрбір отбасына көптеген жақтан қарыздануына, еңсе көтермеуіне мұрындық болуда. Сонда біздер той жасамауымыз керек пе ? Олай емес ұрпағымыз бар жерде келін түсіру, қыз ұзату, сүндет той сияқты тойларымызды жасаймыз да. Албаты атын тауып қоя салатын    тойларды қысқартамыз да. 
    Той жасағанда орынсыз бәсекелесуден, қарызданып дүние шашудан, молынан алқа-моншақ тағудан, қысқасы етек-жеңімізді жиыстырып, шағын да, берекелі тойлар жасай береміз де көптің мадақтауына, ұйымның қолдауына ие боламыз.
    Ақ шашулы, қазақи дәндер дастарқаннан орын алған, ғұрып-әдетті ұлықтаған, ән-жыры құлақтан кіріп, бойды балқытқан, салтанатты, сәнді, туыстарды берекеге шақырған, көпті қуандырған шағын тойлар жасай береміз, жасай береміз!!!

Kokozen

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз