КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

           Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.

Бастауыш білім беру мақсаты  — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға:

    білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;
    сыни ойлау;
    зерттеу жұмыстарын жүргізу;
    ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;
    әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;
    топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;
    проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға
    ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.

    Педагогикалық әдіс-тәсілдер
    құндылықты-бағдарланған;
    әрекетті;
    тұлғалық-бағдарланған;
    кіріктірілмелі;
    коммуникативті
    әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.

    Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.

    Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және      өмір          жағдайында  шығармашылық  пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.

    Оқыту әдіс-тәсілдері:

    Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.

    Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.

    Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.

    Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.

    Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.

    Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

    Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

    Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.

    Интербелсенді әдіс

    Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

    Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

    Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi шешендiк өнерiн жетiлдiредi танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) сыни ойлау дағдыларын дамытады өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады.
Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.

Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
— өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
— ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
— өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
— пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
— шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

бірлескен жұмыс;
— танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.
Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:

— бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),
— рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,
— ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,
құжаттар, мұражай т.б.)
— презентациялар,
— тренингтер,
— интервью,
— сауалнама т.б.
Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді  есте сақтау қажет:

    Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
    Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды  белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.
    Үшінші ереже.Кабинет  талапқа сай болуы қажет .
    Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
    Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
    Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
    Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай  қарым – қатынасқа түседі:

Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап  берген кезде);
Өзге балалармен  (қосақталып жұмыс істеу барысында)
Шағын топтармен (3-5 баламен);
Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
Балалардың  тобымен және халықпен (топ  әлеуметтік  сауалнама жүргізеді);
Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың  сындарлы тәсілімен  тығыз байланысты, себебі  оқушылар  бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің  аралығындағы мәселелерді  талқылайды, зерттейді. Оған дәлел: Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014)

    Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан  мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген  жаңаша түсінік  пайда болды ма, немесе  жоспар іске  асты ма деген сияқты ……т.б.

    Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

    Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.

«Маршрут» ойыны.

    Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.

    Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.

«Екі әріп» ойыны.

    Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.

«Еске түсіру» ойыны.

    Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер  қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.

    «Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады.  Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп  жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады.  Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.

    «Қара жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш,  айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.

    «Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс.  Ортаға бос екі орындық қояды.  Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді  білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы.Алтынсарин – алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс.   «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.

     «Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші  топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.

«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді.  Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады

   «Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер  қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.

    Жаңартылған  білім бағдарламасының   мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.

     1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

    2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

«Миға шабуыл» стратегиясы
(Мұғалімдермен жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз.

    Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

    “3 таяқша” әдісі
(мұғалімдермен жұмыс)
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”
     5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс)
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 — сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін.»

    6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

    7. Ширату ( Оқушыларға ширату түрлерін жасату)
«Он сұрақ!» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
    9.«Серпілген сауал» әдісі

    Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

    «Сұрақтар жаңбыры»
    Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

    Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

    Сипаттамасы:  оқушылар  топтарға өз еркімен, қалауымен  бөлінеді.  Әр  топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне  лақтырады. Алған сұрақтарына  жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

    «Детектив» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

    Мақсаты:  оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.

    Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып  беріледі. Олар 15 минут  ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.

    12.«Коллаж әңгіме» әдісі

    Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

    Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын  дамыту.

    Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

    13.«Менің сөзім» әдісі

    Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

    Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін  бағалау.

    Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң,  басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып,  сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен  қатысады.

    14.«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі

    Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

    Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

    Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ  оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын)  айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.

    15.«Суретті әңгімеле» әдісі

    Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен жұмыс.

    Мақсаты: бір бөлігі берілген сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқызу.

    Қажетті материалдар: сериялы суреттер

    Сипаттамасы: оқушыларға сурет көрсетіліп, әңгімелетіледі. Қажет болған жағдайда  әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады.  Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан  кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі.

    Оқушылар өздері құраған әңгіме  мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады. Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.

    «Неге? Неге? Неге?» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

    Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.

    Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да  осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың  түйінді тұстарымен ой бөліседі.

    «Әңгімеге негізделген жазу»
Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс

    Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты  топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.

    Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам

    Сипаттамасы: берілген  әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін  таңдайды немесе  жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып  біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой  бөліседі.

Шақыру қағазы
Оқушылар мазмұны кеш, туған күн  немесе басқа да мерекелер туралы айтылған әңгімені тыңдағаннан кейін шақыру қағазын жазады.

Хат
Оқушылар әңгіме кейіпкерінің  атынан хат жазады.

Ашықхат
Оқушылар әңгіменің кейіпкерінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.

e-mail
Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.

    «Қол белгісі»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

    Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

    Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын  және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.

    «Бағдаршам»
    Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

    Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

    Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар  барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.

    Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.

    Бұл жаңартылған  білім бағдарламасы  оқушы үшін де , мұғалім үшін де  тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы  маңызды  тәжірибені дамыту  бойынша бірнеше  өте маңызды  кеңестер ұсынды. Брунер  теориясының  ажырамас  бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға  бөліктерді  бір жерге жинауға  және  өзін  ашушы  болуға  рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер  шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына  төрт  аспектінің  арасында;  біріншіден,  зияткерлік  мүмкіндіктердің  өсуі арқылы; екіншіден,  сыртқы марапаттаудан  ішкі  марапаттауға  өту арқылы;  үшіншіден,  жаңалық ашу арқылы  және  соңғысы,  жадыны  дамыту  үшін  осындай оқытудың тиімділігі  арқылы қол жеткізіледі.

    Осы кезде оқушы  оқу үдерісіне  белсенді  қатысқанда  ғана    материалды  терең меңгереді. Басқаша  айтсақ, оқушыға  бағдарланған оқыту
ортасында мұғалім  оқушылардың  сыныпқа  келген    кездегі  бастапқы  сенімдерін, білімін және  өзіндік  ойын негізге ала отырып, өз  пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі  оқушы мен оқу  материалын  жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда  осы үдерісті үйлестіретін  мұғалімдер  көпірдің  екі жағын да  қадағалай  білуі тиіс.  Мұғалімдер  оқушылардың  не білетінін  және нені  жасай  алатынын, сондай-ақ  олардың қызығушылықтарын, әр оқушының  нені жақсы көретінін  және  не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

    Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

    Келешекте өз тәжірибемде :

    1.Оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді.

    Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып,
сабақтарымды түрлендіруді

    Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды
    Ата – ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты
дамытамын.

tarym.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 370 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 729 0









ТЕКСТ

Яндекс.Метрика