КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Наурыз мерекесі туралы мағлұмат алу. Наурызда өткізілген салт-дәстүрлерді ойын түрінде қайталай отырып көрсету. Алған білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың тілін дамыту, еске сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік: Қазақстан мерекелеріне, тіліне, тарихына деген сүйіспеншілікті арттыру, салт-дәстүрді, өнерді құрметтей білуге баулу.

Мұғалім: 
Қымбатты қонақтар, ұстаздар, балалар, біздің мерекелік отауымызға қош келдіңіздер. Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жылда зор денсаулық, отбасылық бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Ұлыс оң болсын! Қайда бар-
сақ жол болсын!
Енді мейрамымызды бастайық.

1-Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Сайысымыз басталады,
Наурыз келсе құт келгені, халайық!
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!
(шашу шашады)

2-Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, оқушылар!
Наурыз тойы мереке болсын,
Жаңа жыл береке болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз мерекесі құтты болсын!

1-Жүргізуші:
Шығыс аңызы бойынша Наурыз күні жер бетін Қыдыр ата аралап, адамдарға бақыт, молшылық, береке тілеп бата береді екен. Бүгін бізге де Қыдыр ата келіп отыр, қарсы алайық!
(Қыдыр ата шығып бата береді)
Армысыңдар, балалар!
Бармысыңдар, қонақтар!
Ұлыс күні Наурыздың,
Тілек тілер бабалар.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Достығымыз берік болсын!
Өнер білім серік болсын!
Тақпақ айтып жырлаңдар
Таппай оны қоймаңдар.
Думандатып тойлаңдар.
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

2-Жүргізуші:
Енді сайысымызды бастайық.
«Жүздің жүзін білгенше,
Бірдің атын біл», –деген мақал бар. Олай болса сайысқа қатысушылармен таныса отырайық.
Бірінші байқау «Танысу».

1 – жүгізуші:1-топқа сөз берейік.
1-топ – «Жұлдыздар».
Ұрандары:
Біздің тобымыз «Жұлдыздар»,
Көп білетін ұл-қыздар,
Сыныптағы бағалы,
Біз боламыз кұндыздар.

2 – жүргізуші: 2-топқа сөз береміз.
Ұрандары:
Біздің тобымыз – «Қызғалдақ»
Келеміз бәрін танып-ақ.
Кейде білмей қалсақ та
Жүреміз ылғи жадырап.

1 – жүргізуші:
Көктем тойы әніміз,
Көркем өнер сәніміз.
өлеңменен той сәнін
өрнектейміз бәріміз.
Екінші байқау «Өлен жарыс» деп аталады.

2 – жүргізуші:Екі топ Наурыз, көктем тақырыбына арнап дайындаған тақпақтарын айтады.

1 – жүргізуші:Енді, әділқазылар алқасына сөз берейік.

2 – жүргізуші: Енді, келесі байқауымызды анықтап алайық.

1 – жүргізуші: Үшінді байқау «Көкпар» деп аталады.

2 – жүргізуші: Бұл байқауда екі топқа бірдей сұрақтар қойы-
лады, жылдам әрі дұрыс жауап берген топ жеңеді.

Сұрақтар:
1. Наурыз қандай мейрам?
2. Наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді?
3. Бұл мейрамды қашан тойлайды?
4. Наурыз кезінде не пісіреді?
5. Көжеге неше түрлі дәм қосады?
6. Олар қандай дәмдер?
7. Наурыз көже ненің белгісі?
8. Наурыз күні адамдар бір-біріне не айтады?
9. Адамдар бір-бірің несін кешіреді?
10. Бүл күні халық қалай көңіл көтереді?
11. Қандай ұлттық ойындарды білесіндер?
12. 22 наурызда не теңеледі?
Енді, әділқазылар алқасына сөз берейік

1 – жүргізуші:
Әзіл – өлең сәніміз,
Әндетейік бәріміз. «Әзіл-өлең» байқауы.

2 – жүргізуші:Бұл байқауда екі топ кезекпен өздері дайындап келген әзіл-өлеңдерін айтады.
Әзіл өлеңдер - Частушки:
1. Мы приветствуем частушкой
Хорошо ли плохо ли.
Мы ребята веселушки
Вместе все мы учимся.
Ән, жырменен қарсы аламыз
Жақсы ма, әлде жаман ба.
Өлең айтып, ән салған
Біз көңілді балалар.
3. Во всем мире Казахстан
Добротою славится.
Этот древний, новый праздник
Людям очень нравиться.
Күллі әлемге Қазақстан
Атақ, даңқы жайылған.
Көне, жаңа Наурыз
Халықтарға ұнаған.

5. Бай, бейбіше, абыстай
Всех на праздник приглашай.
Проходи, давай, не стой
Ждет тебя веселый той.

Бай, бейбіше, абыстай
Тойға шақыр халықты.
Босқа қарап тұрмаңыз
Наурыз тойын тойлаңыз.

7. В дастархане баурсаки
Бери быстрее, налетай.
Кушай до сыта не стой
И запомни этот той.

Дастарханда бауырсақ
Тойғаныңша алып қой.
Көңілді бұл мереке
Есте қалсын Наурыз той.
Енді, әділқазылар алқасына сөз берейік.

1 – жүргізуші:
Ойынды да ойнайық,
Ұтпай одан қоймайық.
«Жаяу жарыс» ойыны.

2 – жүргізуші:Бұл байқауға әр топтан бір оқушы шығады. Оларға 1-ден 5-ке дейін сандар жазылған жетондар беріледі. Сонан соң 5 сөзден жазылған қағаз көрсетіледі. Ойыншылар осы сөздердің ішінде қай сөз артық екенін тауып, соның реттік санын жылдам көтере қояды. Дұрыс тапқан оқушы бір адым алға жылжиды. Ойын осылай жалғаса береді. Алға озып шыққан оқушы жеңеді.

1. Сәукеле. 1. Тары. 1. Етік.
2. Тақия. 2. Ет. 2. Кебіс
3. Бөрік. 3. Жент. 3. Мәсі
4. Кимешек. 4. Тұз. 4. Тымақ
5. Жейде. 5. Бидай. 5. Саптама.

1. Кебіс 1. Қатық 1. Қуырдақ
2. Көйлек 2. Ішік 2. Қазы
3. Жейде 3. Шұбат 3. Қарта
4. Ішік 4. Кілегей 4. Шұжық
5. Шапан 5. Айран 5. Ірімшік

2 – жүргізуші: Сайысымызды жалғастырайық.

1 – жүргізуші:
Сөзжұмбақ шешіп берейік,
Дұрыс жауап берейік.

2 – жүргізуші:Әр топ өз қарсыластарына сөзжұмбақ дайындап келіпті. Соны бір-біріне береді. Бірінші және дұрыс шешкен топ жеңеді. Ал қазір бізде сөзжұмбақтар шешілгенше музыкалық үзіліс.

1 – жүргізуші:Жетінші байқау «Жаңылтпаш».

2 – жүргізуші: екі топтан 1 баладан шығып, жаңылтпашты мүдірмей қатесіз оқып шығуы керек. Көрермендерге жаңылтпашты оқытуға болады.

2 – жүргізуші: 
Қазақ халқы:
«Жаңбырмен жер көгерер,
Батамен ер көгерер», - дейді.
Ал бата дегеніміз мерекелік тілек, олай болса, екінші байқау «Құттықтаулар».

2 – жүргізуші: Әр топқа бірнеше гүлден таратып береміз. Сол гүлдердің артына Наурыз тілегін жазады. Жазылған тілектер қатесіз болуы және қайталанбауы керек. Жазылып болған тілектерді әділқазыларға өткіземіз. Тексеруден өткен гүлдерді тақтадағы алма ағаштарына бекітеміз. Қай топтың алма ағашында көп гүл болса, сол топ жеңеді.

1 – жүргізуші: 
Көктем келіп, алма ағашы гүлдеді,
Келер күннен ешкім күдер үзбеді.

1 – жүргізуші:
Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас-кәріміз
Көріңдер енді ән айтып,
Қол соғайық бәріміз.

2 – жүргізуші 
Кел, халайық, келіндер
Тамашаны көріндер.
Бізде қызық ойын бар,
Ойынға әбден тойындар.

1 – жүргізуші:«Ас – адамның арқауы» деген, қазақ дастарқанының небір тәттісі кімді тамсандырмаған десеңізші!
Сонымен «Қазақ дастақаны».

2 – жүргізушы:Әр топ өзінің мерекелік асын ұсынып, онымен таныстырады. Қалай дайындағандарын түсіндіреді.
Осымен байқауымыздың тапсырмасы аяқталады. әділқазылар бір шешімге келгенше барлық сайыскерлер қосылып «Наурыз – біздің әніміз» атты әнді орындайды.

1 – жүргізуші:Әділқазылар алқасына сөз береміз.

2 – жүргізуші: Енді «Құттықтау» байқауында болған тілектерімізді бір-бірден айтып, қонақтарды, бір-бірімізді құттықтайық. (Әр оқушы бір тілектен айтып шығады).

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 624 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 878 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика