КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


    Қазақ халқының әдет-ғұрпындағы «ас» өз ортасы қала берді, бүкіл халыққа белгілі тұлғалардың қайтыс болғанына жыл толғанда беріледі. 
«Сауын айтып ас берді» - дейді, яғни төрт тарап жұртқа, астың өтілетіні туралы алдын-ала хабар беріледі. Хабар тиген жұрт ас болатын жерге төрт тараптан жиыла бастайды. Ас бір күндік шара емес, кемі үш күнге созылады.
    Ас өткізуді және асқа келген қонақтарды күту үшін, ас берушінің жақын туыстары, руластары сойыстан үлкен шығын шығара отырып, аста ат бәйгесі, күрес, айтыс, ән өнері, жамбы ату секілді ұлттық ойындар да ұйымдастырылады. «Алтын тай тұяқ», «алтын жамбы» бастаған бәйгелерді тоғыз-тоғыздан туысқандары бөліп-бөліп алған.
    Асқа келген қонақтар тек ішіп-жеу үшін ғана емес ел көріп, жер тану үшін, аста көрсетілетін түрлі халықтық өнерді тамашалап, өзіне бір рухани тәрбие алу үшін келеді.
    Паң Нұрмағанбет өткізген «Сағынай асы», Құнанбай өткізген «Өскенбай асы», қырғыздағы «Шәбден Манап» асының даңқы мен дақпырты бізге бүгінге дейін жеткен.
    «Абай жолы» романында да суреттелетін «Бөжей асы» да осындай астардың бірі.
    Ас болатын күні қонақтар жан-жақтан түгел ағылып келе бастайды. Ауыл сыртындағы биіктеу жерде өздерін күтіп алған ауыл иелеріне қайырлы болсын айтып, сол ауылдың қонақ күтуші жігіттерінің жол көрсетуімен, өздеріне арналып тігілген үйге келеді.
    Өздеріне белгіленіп берілген қонақтарды күтушілер «қош келіпсізбен» қарсы алып, үй-үйге бөліп-бөліп түсіреді. Қонақ күтуші жігіттер сыпайы, тәрбиелі, аз сөйлеп, көп тыңдап, жылы жүзбен қонақтардың көңілін табуға тиісті. Қонақ күтуші жігіттер әсіресе дарақы қылықтардан аулақ болуы керек. 
    Қонақтар жататын үй, көрпе-төсек, сойыс-мал, ыдыс-аяқ, үй жасауы барлығын өзімен бірге ала келген ас берушінің туысқандары, қазан ошақтарын қонақтарға түтіні келмейтін алыстау таса жерге құрып, піскен асты үйдегі қонақтарға, су төгілмес жорғаға мінген, екі қолына екі табақ ұстап, аттың тізгінін аузымен тістеген епті жігіттер ат үстінде ас тасыған. М.Әуезов оны былай суреттейді: «Табақ тартуға өңшең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты. Ас ошағымен екі арада бұлар қос табақтан алып, қатар ызғыта жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей болады.
    Астың күндізгі етін осы үйлер түгел жеп болған кезде, Байсал бір үлкен ақ боз атқа мініп, қасына қырық-елудей топ ертіп, қолына үлкен биік ағашқа орнатқан қарақшыны алып, атой беріп шықты. Қонақтар атқа мінсін, әзірленсін деген белгі. Енді бәйге, күрес, ат үсті сауық басталмақ.»
Міне, ас рәсімі осылай суреттелген.

massaget.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз