КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сабақтың тақырыбы: Қорықтар 

Сабақтың мақсаты:
- Қорықтар туралы алған білімдерін толықтыру. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін жаттығулар арқылы бекіту.
- Оқушылардың сөздік қорын дамыту, сауатты жазу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушыларды туған жерін сүюге, табиғатын аялап, қорғауға баулу.

Сабақтың түрі:қайталау-жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, сөйлеу, мазмұндау.
Сабақтың көрнектілігі:қорықтардың суреттері (слайд).

Эпиграф:
ХХ-ХХІ ғасыр аралығындағы адамзат үшін қауіпті жағдай - қоршаған ортаның нашарлауы.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ Сабақтың мақсатымен таныстыру. 
ІІІ Эпиграфты оқып, талдау.
- Қоршаған ортаның нашарлауы дегенді қалай түсінеміз?
- Өсімдіктер мен жануарлар біздің табиғат байлығымыз. Олар бізге керек. Оларсыз емір сүруге болама?
-Олай болса бізге нелер керек екен?
- Қорықтар не үшін керек?
-Қазақстанда неше қорық бар?
-Ал, ұлттық саябақтар нешеу?

ІV Мәтінмен жұмыс.Мәтінді бір рет ішінен оқу.
V Картамен жұмыс.Мұғалім көрсетіп, әр қорықтың атауын, қайда орналасқанын сұрайды.
VІ Әңгімелеу.
Әр оқушы слайдты көрсете отырып, қорық туралы айтады.
- Ақсу - Жабағылы
- Алакөл
- Алматы
- Барсакелмес
- Батыс Алтай
- Қаратау
- Қорғалжын
- Марқакөл
- Наурызым
- Үстірт

VІІ Көрсетуден кейінгі кезең.
Сұрақ-жауап, қортындылау.
Қазақстанның картасынан көрсетіп, белгілеу.
- Қорықтардың ең жақсысы кайсысы?
- Қай қорыққа 84 жыл болды?
- Қай қорықтағы көлдің суы ең таза және тұщы?
-Қай қорықты ғылыми зертхана деуге болады?
-Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары мен студенттердің далалық базасы болған қорық.

VІІІГрамматика.
Сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұрады? Салаластан айырмашылығы:
1) баяндауышы (бағыныңқылы) тиянақсыз.
2) жұрнақтар арқылы жасалады.

ІХ Тапсырмалар: 
1. Арал теңізі жоғал..., Барсакелмес қорығының жағдайы нашарлайды.
2. Үстірт қорығының климаты қатал бол..., жануарлар мен өсімдіктерге өте бай.
3. Мен Астанаға барамын. Қорғалжын қорығына міндетті түрде соғамын.

Х Қортынды.
-Сонымен біз бүгін нелер туралы айттық?
Рефлексия:
- Қандай жаңа мағлұмат алдық?
- Нендей қызықты нәрселер білдік?
- Қиындық болды ма?
- Жалпы не білдік?

ХІ Үйге тапсырма:
1. Қорықтардың пайдасы.
2. Табиғатты қорғаудағы менің үлесім.
3. Бағалау.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз