THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Ең алдымен әлеуметтік желі деген не? Осыған анықтама бере кетсек…
Бұл ұғымның ресми анықтамасы – Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі немесе бөлісуі мүмкін. Ал енді осы әлеуметтік желілерді біз қалай пайдаланып жүрміз? Өз қажетімізге толықтай пайдаланып жүрміз бе? Осы сұрақтарға толықтай жауап беру үшін әлемдегі ең кең таралған әлеуметтік желілерге тоқтала кетуді жөн көріп отырмын.
Facebook әлеуметтік желісі, бұл әлем бойынша қолданушылар саны ең көп әлеуметтік желі, соңғы ақпараттарға сүйенсек бұл жүйеге тіркелген адам саны 800 милионнан асып кеткен, әрі бұл сан күннен күнге артып келеді, бұл желінің негізін 2004 жылы Марк Цукерберг өзінің серіктестері Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және Крис Хьюзбен біріге қалаған. Марк Цукерберг 23 жасында өзінің сайтының арқасында әлемдегі ең жас миллиардер болды функцияларына тоқталсақ Facebook-те өзің туралы фотосуреттер мен мәліметтері бар профиль жасауға, достар шақыруға, хат алмасуға, өз мәртебеңді (статусыңды) өзгертуге, өзіңнің және бөгде адамдардың «қабырғаларына» хабарлама жазып кетуге, фотосуреттер мен бейнежазбаларды жүктеуге, қауымдастықтар (мүдделер бойынша бiрлестiк) құруға мүмкiндiк береді.
Twitter – әлеуметтік желісі, қысқа мәтіндік жазбалар жазуға яғыни микроблог форматындағы әлеуметтік желі,2011 жылғы есеп бойынша қолданушыларының саны 200 милионнан асқан.Бұл әлеуметтік желіні мемлекет басшылары, өнер спорт жұлдыздары жиі пайдаланады.
ВКонтакте немесе VK- көбінесе орыс тілді ортада танымал көптілді әлеуметтік желі, 2013 жылғы зерттеулер бойынша “ВКонтакте” сайтына күніне 43 миллион адам кіреді. “Вконтакте” сайтының негізін салушы — Павел Дуров. Танымалдылығы жөнінен Белоруссия жәнеУкраинада – бірінші орынды, Ресейде – екінші орынды және Қазақстан бойынша төртінші орынды иеленеді. Функциясы көбінесе facebook әлеуметтік желісіне ұқсап кетеді, кей сарапшылар тіпті оны facebook тен ұрланған деп әлемдегі ең қарақшы сайт деп баға берген.
Mail.ru – бұл енді сізбен бізге таныстыруды қажет етпейтін шығар, Қазақстан Ғаламторының ірі байланыс порталы. Ресурсы Mail.ru Group инвестициялық группасына тиесілі.
Функцияларына келер болсақ өзінің жеке пошта қызметінен бөлек басқа да көптеген интернет қызметтерді қамтиды.
Қолданушылардың қарым-қатынасымен байланысты қызмет группасы: Mail.ru Агент – жедел хат алмасу бағдарламасы, Мой Мир@mail.ru – әлеуметтік желі, блогохостинг Блоги@mail.ru, Рунеттегі ең белгілі Ответы @mail.ru сұрақ-жауап жүйесі, сонымен қатар файл алмастыру қызметі, фото және бейнехостинг, чаттар және т.б.
«Тауарлар және қызметтер» қызмет көрсету группасы
Іздеу қызметтері: Рунетте трафикогенерация бойынша Поиск@mail.ru үшінші орында, фотосурет іздеуқызметі, бейнероликтер, Ресей қалаларының электронды карталары және т.б.
Ойын-сауық қызметі группасы (Афиша@mail.ru және басқалар)
Ақпараттық қызмет көрсету группасы (Новости@mail.ru, Hi-Tech@mail.ru, Авто@mail.ru, Леди@mail.ru, Дети@mail.ru, Здоровье@mail.ru және басқалар), сонымен қатар Рейтинг@mail.ru.
Бұдан басқада ірілі-ұсақты әлеуметтік желілер көптеп саналады, біз тек Қазақстанға танымал дегендерге тоқталдық.
Mail.ru- неге біздің қыр соңымыздан қалмайды?
Ал енді әріптестерр осы әлеуметтік желілердің қайсысын ең көп пайдаланамыз? Әрине mail.ru деп жауап беретініңізге сенімдімін, осы бір орыстың сайты біздің өмірімізге дендеп енгендігі соншалық онсыз интернетті елестете алмайтын болдық, неге компьютерді ашып интернетті қосып қалсақ осы mail.ru сайты алдымен ашылады? Неге бала – шағаның барлығы агентке кіргіш, бала шаға емес ау, орта жастан асқан папалар мен мамалар да соткаларына агент орнатқызып алып, логин ашып берші деп шауып жүреді, ең алдымен бұл сайт аты айтып тұрғандай почталық қызмет көрсететін веб портал, ал агент деген атпен белгілі болған, жекелік жедел хат алмасу функциясы оның қосымша қызметтерінің бірі ғана, соны біздің әріптестер біле жүрсе екен деген тілек қой біздікі, мұны айтып отырғаным көптеген әріптестерімнен электрондық почтаңыз бар ма? Деп сұрағанымда «жоқ» деп жауап береді, агент логиныңыз бар ма? Деп сұрасам «бар» деп жауап беріп жатады, шын мәнісінде сіздің агент логиныңыз mail.ru сайтындағы почталық аккауынтыңыз болып саналады.
Енді неге осы сайт біздің өмірімізге дендеп енді деген сұраққа шама келгенше жауап іздеп көрейін…
ІТ сауатсыздық.
Бұл жерде айтатыным Информатиктер немесе осы компьютерге жақын жүретін адамдарға болып тұр, mail.ru агент программасын орнатқанда суретте көрсетілгендей бірінші ұяшықтан басқа белгілеулерді түгелдей алып тастаңыздар.
Установит агент
Өздеріңіз мән беріп қарасаңыздар бірінші ұяшықта Сделать mail.ru домашней страницей деп тұр, яғыни бұл ұяшық белгіленіп кетсе, әр дайым сіз браузеріңізді ашып интернетке кіргенде mail.ru дың басты беті ашылады да тұрады, мұны көре сала көпшілігіміз интернет деген осы екен деп mail.ru дың айналасынан шыға алмай қаламыз.
Екінші ұяшықта Сделат Поиск @mail.Ru поиском по умолчанию айтып тұрғанындай сіз интернеттен бірдеңе іздесеңізде осы сайттың іздеу қызметі алдыңыздан шығатын болады, маған сеніңіз mail.ru дың іздеу қызметі ең жақсы іздеу жүйесі емес, әлемде ең сапалы іздеу қызметін ұсынатын сайт www.google.com mail.ru дан іздегеннен гөрі google дың іздеу қызметін пайдалансаңыз, сізге тез әрі барынша толыққанды ақпарат тауып бере алады.
Үшінші ұяшықта сіздің жұмыс үстеліңізге (компьютердің бетіне) браузермен жедел ашылатын mail.ru дың белгішесін қою туралы айтылған, бұл ұяшыққа белгі салынса сіздің жұмыс үстеліңізге mail.ru сайтына тікелей апаратын белгіше пайда болады.
Төртінші ұяшықта спутник@mail.ru бағдарламасын орнату туралы айтады, бұл да еш қажетсіз бағдарламалардың бірі, функциясы жер шарын спутниктік бақылау, интернетте бұдан да жақсы спутниктік бақылау қызметі толып жатыр.
Ең соңғы ұяшығы установить «Интернет браузер» деп тұр, бұл mail.ru корпорациясының ғаламтор бетін шолуға арналған өнімі, мен одан да сізге google дың chrome браузерін орнатып пайдалануға кеңес берер едім, бұл да артық қажетсіз бағдарлама.
Мінеки бұл mail.ru дың біздің өмірімізге дендеп енуінің басты факторы, енді біз неге осы mail.ru сайтының бізге жүргізген үстемдігінен құтылып, басқа қызметтерді таңдауымыз керек? Міне бұл басты сұрақ, бірнеше себептерін айтып көрейін;
Ұлттық намыс
Мұның не қатысы бар деп ойласаңыз қателесесіз, мой мир қызметі қазақша әріптерді қолдамайды, біздің құқымызды шектеп отыр, біз неге біздің тілімізді силамаған корпорацияның қызметін пайдаланып оған табыс әкелуіміз керек? Неге біз Қ ны К деп, Ң ды Н деп жазып онсызда шұбарланып кеткен тілімізді одан сайын мүгедек етіп жазуымыз керек?
Замана көшінен қалмау
Mail.ru дың қолданушыларының 30% ы Қазақстандық қолданушылар екен, өз отаны ресейдің өзінде бұл сайт танымалдығы жағынан 3 орында, ал бізде өкінішке орай 1 орында, неге біз Ресейдің өзінде аса мойындала қоймайтын сайттың әнін әндеуіміз керек.
Сапасыз қызмет
Бұл жөнінде жоғарыда біраз деректер келтірдім, бұдан сырт бұл корпорацияның почта қызметі қауыпсіздігі жағынан ең нашар деп бағалауға болады, жеке адамдардың почтасын оңай бұзуға болады.
Менің ұсынысым
Мен ІТ саласында жүрген аз уақыттық тәжірибеме сүйене отырып сіздерге facebook.com әлеуметтік желісіне тіркелуді ұсынамын, бұл сайт қазақ әріптерін қолдайды, әсем тілімізді мүгедек етіп қазақ әріптерін жазғанда қорғалақтап отырмайсыз, еркін көсілесіз қазақша, сізді бұл орта тәрбиелейді, жәй адамдар отырмайды бұл жерде, танымал өз кәсібінде табысқа жеткен адамдар отырады, деңгейіңіз өседі.
Функциялық жағына келсек ұстаздарға керек функциялар осы жерде бар, арнайы топ құрып ортақ мәселелерді талқылауға болады, мысалы математик ұстаздар деген топ құрып оған еліміздегі барлық ұстаздарды шақыра аласыз. Тура агенттегідей мұнда да өзара дос болған адамыңызбен сөйлесе аласыз, танымал тұлғалармен дос болып, олардың күнделікті өмірінен хабардар болып отырасыз, оларға тікелей өз сұрағыңызды қоя аласыз. Сөзім дәлелді болуы үшін суреттермен мысалдап өтейін;
Құрметті әріптестер, сөз соңында айтарым өз деңгейіңізді үздіксіз өсіріп жаңалыққа ұмтылатын жан болсаңыз, қазірден бастап facebook әлеуметтік желісіне тіркеліп өз аккауынтыңызды ашыңыз, көштен қалмаңыз, бұл желіні бүкіл әлем пайдаланады, сізге сапалы қызмет көрсетеді, ана тіліңізді қорламайды, функциялары да ең озық технологиялармен қамтамасыз етілген, қауыпсіз.
Интернет әлемін орасан үлкен зәулім ғимаратқа теңесек, mail.ru сайты сол ғимаратқа кіре берістегі бір бөлме ғана, өкінішке орай көпшілігіміз сол бөлмеден ары аса алмай отырмыз, осы мақаланы оқығаннан кейін сіздерді тоқтап қалмай ізденіп, сол тар бөлмеден шығып зәулім ғимаратты аралауға жол тартады деп сенемін.
PEDKZ