КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Депутаттар шетелдегі қарадомалақтарымызға алаңдаулы екен. Олар бұл жолы болары болды, бояуы сіңді дегенді айтпады. Сірә, жаны ашыған болуы керек. Жуырда ғана Ресейдің басылымдары шетелге сатылған балалар өгей отбасына ұнамай қалған жағдайда арнайы сайт арқылы сатылып, «қолдан-қолға» ауысатынын жазған. Жалғыз ғана орыс қызының тағдырын ала отырып, оның бір жыл ішінде бірнеше отбасының «баласы» болғанын тілге тиек еткен болатын.
    Ресеймен бір шекпеннен шыққан Қазақстанның жайы тым бөлек. Жақында АҚШ-тың Массачусетс штатына қарасты Вустер қаласының алқа билер соты қазақстандық балаларды зорлаған Мэйоттар отбасына қатысты үкiм шығарды. 50 жастағы Джозеф Мэйотт «17 жастағы асырап алған қазақстандық қызды зорлады, ұрып-соқты, балаларға керi әсер ететiн фильмдер таратты және заңсыз қару сақтады» деген айыптар бойынша кiнәлi деп танылды. Ал оның әйелi 49 жастағы Линда Мэйотт «асыранды ұлын зорлады, ұрып-соқты, куәгерлердi қорқытты және полицияға қарсылық көрсеттi» деп айыпталды. Петропавл қаласындағы балалар үйiнiң бұрынғы тәрбиеленушiлерi АҚШ полициясына өздерiн асырап алған ата-аналары зорлағанын айтып, 2009 жылы шағымданған. Алайда ол кезде ерлi-зайыптылардың кiнәлары дәлелденбеген екен. Арада 4 жыл өткенде оқиға тағы қайталанып, бұл жолы Мэйоттардың кiнәлары толық дәлелдендi. Аймақтық прокурордың көмекшiсi Шэрил Риддлдiң айтуынша, бұл балалар Қазақстаннан 2004 жылдың тамызында әкелiнген екен. Ол кезде қыздың жасы 8-де, ал ұл бала 13-те болыпты.
    Осындай жайттардан соң, коммунист Ж.Ахметбеков Бiлiм және ғылым министрiне шетелдiктер асырап алған әрбiр баланың жағдайы туралы ақпарат берудi сұрап, әрбiр шетел асқан баланың тағдырынан хабардар болу туралы ұсыныс білдірді. Ол: «Ақпарат құралдары арқылы тараған жағымсыз хабар бүкiл қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Әлеуметтiк желiлерде жетiм балаларды сату және айырбастау туралы жарнама берiлiп, таратылған хабарландырулар әшкере болды. Бұл саудаға түскен балалардың iшiнде Қазақстаннан асырап алынған бiздiң азаматтарымыз да бар. Яғни, тағдыры ауыр осы бейбақ балаларымызды кейбiр шетелдiк асырап алушы ата-аналары бiраз уақыттан кейiн саудаға шығарып, сатып жiберетiнi анықталды. Сонымен қатар бұл сайттар балаларды сатумен қоса, оларды алмастыру, ауыстырумен де айналысыпты. Отбасында бақытты бола бермейтiнiн көрсетедi. Бүгiнге дейiн Қазақстаннан қанша бала шетелге асырауға берiлдi? Олардың денсаулығы, отбасы, өмiр сүру салты туралы деректер бар ма? Жасы он сегiзге толып, Қазақстан азаматтығын алып, отанына қайта оралғандары бар ма? Шетелдiк отбасы асырап алған балаларды қорғау үшiн Қазақстан заңнамасы толық жеткiлiктi ме? Шетелдiктердiң қазақстандық балаларды асырап алуына толықтай тыйым салуға бола ма?», – деп сауалды төтесінен қойды.
    Қазақстан өкінішке орай бала саудасы бойынша (адам саудасы ғой бұл да) әлемде үздік үштікті түйіндеп тұр. Қазақстаннан сатылған балалардың саны 7247-ге жеткен. Олардың 5925-і АҚШ-та өмір сүруде. Бұл - ресми дерек. Кей ақпарат көздері американдық атанғандардың саны 7 мыңнан асып жығылады дегенді айтады. Бұл балалардың дені - оңтүстік өңірлерден. Демек, қазақтың қарадомалағы. Олар Қазақстаннан АҚШ топырағына табаны тигеннен дереу Америка азаматтығын иемденеді. Қаны қазақ солайша американдық болып шығады. Ол жақта не болып жатқанынан тек шетелдік, АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы біліп жатамыз. Ал, құзырлы орындар олардың жағдайынан хабарсыз. Тағы бір жайт, бала асырап алудан АҚШ алдына ел салмайды. Және де олардың талаптары да оңай емес. Ауру емес, дені сау, он екі мүшесі түгел баланы сатып алады. Біздің құзырлы орындар сатылған баланың жағдайынан бейхабар жүргенде, дені сау баланың сайттар арқылы сатылып не құл ретінде жұмысқа жегіліп жатпасына кім кепіл? Мүмкін «қалтасы қалың» педофилдер қаракөздерімізді жылатып жатқан шығар? Естеріңізде болса, 2006 жылы АҚШ-та қазақстандық асыранды қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген әке жайы да ел ішін дүрліктірген болатын. Тіпті, қоғам белсенділері сол уақытта бала сатуға мораторий жариялауды талап етті де. Ел билігі көз жұмды, құлағын тығындады. Ескі әдеті емес пе? Содан бері елден мәжбүрлі кеткен қандастарымыздың жайы не болып жатқанына дейін күні кешеге дейін хабарсыз болдық. Тіпті, екі бала АҚШ-тың құқық қорғау орындарына арызданып, шағым түсірмегенде, орыс газеттері жарыса жазбағанда, біз хабарсыз болып қалар ма едік? Кім білсін?!.
    Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған халық еді. «Бала сатып байып жатқан ел болсақ, мұнысына «түкіргенім» бар. Мұнайды сатты, жерді сатты (сатпаған несі қалды, жалға берді), енді баланы сатқанды қай атамнан көрдім» дейді үйдегі ақсақал. Рас қой. Күйінген қазақ осылай дейтін әдеті. Мал сатып байып қоймай, бала сатып, оларды педофилдерге беріп, қазақ оңа ма? Оңбайды. Оларды қазақ болу, қазақстандық атану құқығынан мәжбүрлі бас тарттырған елімізге балалардың қарғысы тимей ме? Оны қойшы, олардың көз жасын айтсайшы, мөлдіреген. Осыны ойлаған коммунист Ж.Ахметбеков бала сатуға мораторий жариялауды талап етсе екен. Ә, кім білсін?

Халық

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 606 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 844 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика