КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Ата-бабаларымыз қыз баланы жастайынан еркелетіп, бетінен қақпай, еркелеп қал, ертең бір үйдің иесі боласың, бар ауыртпалық өзіңе түседі, соны қазірден санаңа түйе бер деп үйреткен. Қыз баланы үй жұмысына, тамақ істеуге, кісі күте білуге тәрбиелеген. Сондықтан болар, апаларымыз хат танудан бұрын, әйелдік міндетін басты орынға қойды. Сауатты, саясатпен айналысатын қара көздеріміздің болмағанын да осымен байланыстарымыз. Жо-жоқ, біз мұнымызбен қыз балаға оқымасын, үйде отырсын дегіміз келмейді. Тек оқытудың дұрыс жүйесін қалыптастырсақ екен деген ниет қана. Осы тұста қыздар мектебі дегенге келіп трілеміз. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Ол мектептердің жанында интернаты болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады.
    Көрнекті ғалым, ұстаз Алма Қыраубаева «Жаным садаға» еңбегінде Түркия, Еуропа елдері, АҚШ, Ресей, Франция мектептеріндегі жағдайға тоқталып, қазақ мектептерін салыстырады. АҚШ-тағы 870 тәуелсіз мектептердің 207-сі ұл-қыздарын бөлек оқытатындығын тілге тиек етіп, Мадейра – қыздар мектебі мен әулие Албан ұлдар мектебінің тәжірибесіне назар аударады. Жоғарғы кластағы қыздарға арналған Мәдениеттер мектебінің жобасын былай жасайды: Мектеп тәрбиесі ұлттық психология мен халықтық тәрбиеге сүйене отырып, оны өркениетті елдердегі тәрбие тәжірибесімен ұштастырады. Негізгі сабақтары: тіл, мәдениеттер тарихы мен әдебиет. Қосымша сабақтары: жантану, экономика негіздері, заң негіздері, жаратылыс және экология, ойлау өнері, өнер, дене тәрбиесі. Жалпы сабақтары: математика, химия, физика. Қыз тәрбиесіне байланысты мынадай тұжырымын келтіреді:
    Жалпы әйелдің қоғамдағы өз орнын дұрыс бағдарлай білуі және отбасында бақытты болуы көп мәселелердің жолға қойылуына байланысты тәрбие: үйдегі, мектептегі, ұл-қызымызға жоғалтқан ұлттық мінез құлықты қалыптастыруға бағытталуы керек.
    Ұлттың рухани тілеуі. Ішімдікке әуестік, отбасының ертеңін ойламайтын жалқаулықтан арылу. Мәдениетті, парасатты, ұл-қыз өсіру әр ата-ананың ел алдындағы парызы болу.

    Бала культі, отбасының культін жасау.

    Көп бала өсіріп, оны жақсы тәрбиелеген ананың қоғамдағы беделінің және жағдайының жоғары болуы. Әйел жағдайының жақсы болуы елдің экономикасының өсуіне, отбасының табысы молаюына байланысты. Егер жағдайы болса, көп әйелдер бала-шағасын тастап қызметке ұмтылмас еді.
Өздерінің ұл мен қыз айырмашылықтарын сезінуі балаларда бесінші сыныпта-ақ байқалады екен. Ұл мен қыздың бір-біріне көңіл аударуы шашынан тарту, түртіп кету, бір нәрсені тартып алып жылату, сөмкесін тығып қоюдан басталады. Ұл бала мен 11 жыл бір мектепте оқыған қыздарға шалбар кидің, шаш қысқарттың, жаман сөз айттың, темекі шектің деп айтамыз. Мектеп қабырғасындағы қыздарымыздың некесіз бала тууы, түсіктің көбейюі бәрі де осымен тығыз байланысты. Бүгінде тату ене мен келінді де табу қиын. Қыздарды да айыптай беруге болмайды. Өйткені бүгінгі заман қыз­дарына қойылатын талаптар жүгі жеңіл емес. Оқу-білім, қызмет жолында келіндік тәрбиені қатар ұстай алмауы да мүмкін. 
    Сондықтан, мектептен бастап қыздарымыздың үй шаруасына икемділігін, ибалылығын, қарым-қатынас мәдениетін сіңіре білгендігін қолпаштауымыз керек. Жаппай қоғамдық қайраткер дайындауға ұмтылған бұрынғы тәсілге өзгерістер ендіріп, әйелдің бірінші парызы аналық қасиетін сақтау екенін ұқтыруға бейімделейік.
    Болашақ өміріне көптен-көп қажетті дағдыларға үйретіп, жан әлемін дұрыс байытатын қыздар мектептері ашылса, қандай жарастық болар еді!

el.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 333 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 602 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика