КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Қытай азаматы қазақтардың мәдениетіне таң қалады, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы ФБ әлеуметтік желісін пайдаланушы Берік Шералының жазбасына сілтеме жасап. Әлеуметтік желі қолданушының жазуынша, елімізге қонаққа келген қытай азаматы Қытай сайттарының біріне Қазақстан жайында өз ойын білдіріп, ағынан жарылған. 
   «Қазақстанға келгеннен кейін ғана – мейлі жол айырығы болсын, көшенің тар өткелі болсын, қатынастың қауырт кезі болсын, барлығында машинаның адамға жол бергенін көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – асханадан тамақ ішкенде бөтен адамның «ас болсын!» деген тілегін естідім. 
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – көше автобусында, метрода әйелдердің құрметке бөленетінін, қарсы жағындағы адамның жас шамасы қаншада болса да, ер адам болса болғаны әйел адамға жол беретінін көрдім. 
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – көлік тосқаннан қиналмайтыныңды, жолдан өткен көлік, үлкен әкімнің көлігі болса да, баратын жеріңе апарып тастайтынын көрдім. 
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – жылжымалы телефөн ақысына «район аттау» ақысының алынбайтынын, мемлекеттің қай-қай жеріне алаңсыз, арзан телефон ұруға болатынын көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – әр ұлт халқының ынтымағы жарасқан, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын, ұлттық қате көзқарас, ұлттық кемсіту дегеннің мүлдем жоқ екенін көрдім (ішінара ұлттардың өз-өзінен пәле іздегенінен басқа).
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – асхана, шарапхана т.б көңіл ашу орындарында темекі тартуға болмайтынын, тіпті өз үйінде де темекі шекпейтінін, тартпаса болмайтын жағдайда, самалдыққа шығып тартатынын көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – сағат түнгі 12-ден кейін дүкендерде арақ сатуға болмайтынын, егер сатушы сатып беріп, сақшыға ұсталатын болса, бір түн қамалуы мүмкін екенін көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – үйіңде жатып алып, 18 жасқа толмаған балаңды арақ-темекі алуға жұмсауға болмайтынын, егер сатушы 18 жасқа толмаған балаға арақ-темекі сатып беріп, ұсталатын болса, қамалатынын көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – оқуда құлшынғандардың барлығының өкімет ақшасымен оқитынын, бір юан ақша шығармай-ақ, жаздық-қыстық демалыста жол қаражатына ие болатынын көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – бұл жердегі адам сапасының өте жоғары екенін, бекеттерде темекі тартып, шекілдеуік шаққандар басқалардың наразылығына ұшырап, айыпқа жығылатынын көрдім.

Қазақстанға келгеннен кейін ғана – жеп отырған тамағымның дүниедегі ең таза астық пен күріш екенін білдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – құбырды аша қалсаң, ағартқыш қосылмаған таза су ішетініңді, тіпті кейбір жерлерде одан да таза тау суын ішетінін көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – бұл жердің табиғат көрінісінің ерекше көркем екенін көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – әйелдерді, үлкендерді құрметтемесең жазғыруға ұшырайтыныңды білдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – автобуста үлкендерге жол бермесең, автобустан қуалап түсірілетіндігіңді көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – әлеуметтік орындарға барған адамдардың қай уақытта да таза, ретті киінетінін, жүректерінің де сондай ақпейіл екенін көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – бұл жердегі торап бағасының өте арзан екенін көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – дарынды болсаң, халыққа пайдалы жұмыс істейтін адам болсаң болғаны, қарсы алуға ие болатынын көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – бұл арадағы қазақтардың қандай қиыншылық болса да, төңіректің тұрт бұрышынан келгендерді, ортақ ғұмыр сүруге құшақ жая қарсы алатынын көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – тұнық қазақ тілінде жаттық сөйлей алатын адамдардың құрметке ие болатынын көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – мемлекетке қол жайғанша мемлекетке үлес қосу керектігін түсіндім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – кедейдің кемсітуге ұшырамайтынын көрдім.
Қазақстанға келгеннен кейін ғана – келбетті жігіт, сұлу қыздың осы арада екенін көрдім.

Түйін

    «Сен кереметсің» дегенді кім жек көреді. Бірақ, қытай сайттарындағы бұл таңданыс көкірекке күмән ұялатады. Мұның бәрі қара қытайлардың Қазақ еліне көшіп келуге деген ынтасын арттыру үшін жасалып жатқан секілді. Себебі, қазіргі таңда (Қытай депутаты көршілердің жерін қосып алуды реттейтін заң жобасын ұсынып жатыр.) Бұл арманға жетудің төте жолы – Қазақ даласындағы ханзулардың санын өсіру. Ол үшін қытайлар өз арасында дәл осындай жарнама жасауға мүдделі. Сіз не дейсіз?

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз