КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Қазақ халқы ертеден бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Соған орай әртүрлі ойлану қабілеттерін дамытатын, адами қасиеттерге баулитын ойындар құрастырып, баланы ойын арқылы да тәрбиелейтін. Оған мысал «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек», «Соқыр теке», асықпен ойнау немесе тағы басқа көптеген ойын түрлері. Бұл ойындар қырағылыққа, сезімталдыққа, терең ойлауға жетелейтін.
    Ал қазір, техниканың дамуының шарықтау шегіне жеткен шақта, қызығатын ісі компьютер ойындары. Компьютердің алдында белгіленген уақыттан артық отырған жағдайда адамның жүйке жүйесі зақымданады. 
    Балалардың компьютер алдында жарты сағаттан артық отыруларына болмайды. Алайда өкінішке орай жарты сағатта ғана ойналып өше жаймен компьютер үстелінен тұрғызу қиынға соғады. Бала сол әлемге кіріп айналасындағылар жайлы ұмытып кетеді. Оның үстіне ойындардың басым көпшілігі атыс, төбелес, соғыстар. Ойыншы жеңген сайын жеңе түскісі келеді де жеңілген сайын жеңуге ынталанып өте көп уақытын сол электронды соғыстарға арнап кетеді. Ойынның ұзақтығын да сезбей таңның атысы күннің батысына дейін экранға телміріп қалады. Ата анасы, достарымен тілдесу, тіпті уақытымен тамақтанып, жүріп тұрудан да қалады. Бұл тек осымен шектелсе жақсы, ең қауіптісі сол ойындардың бала психологиясына тікелей әсер етуі. Бала уақыт өте келе ашушаң, айналасындағылармен жиі сөзге келіспей, өзімен өзі сол ойынәлемінің кейіпкеріне айналып кете барады. Және де зұлымдық, жауыздық, ерсі қылықтар жасап, ойын кейіпкерлерінің істеген істерін қайталауға тырысады. Бұл үлкен қиындықтарға соқтырады. Біраз уақыт бұрын балалар батыр боламын, би боламын, ғарышкер, ұшқыш болмаын десе қазіргі балалар спецназ, рекетер, террорист, киллер боламын дейді. Ата ана баласына дүкеннен саудагердің ұсынған ойындарын әкеліп бере салады, сол ойынның мазмұнын білу үшін бірінші өздері ойнап көрген жөн, сонда ғана кішкене перзенттерінің ойын қалайша улап жатқандарын түсінеді. Компьютер ойындары бала түгілі ересектердің де дертіне айналды. Шет елдерде көшеге шығып жазықсыз адамдарды өлтіріп, ғимараттарды ойындағыдай кепілдікке алып вертуалды ойынын шын өмірінде де жалғастырып ақырында қаншама жанға зиянын тигізіп өзі темір торға қалай тап болғанын да түсінбей қалады. Ойында жетістікке жете алмай, алдындағы компьютерін лақтырыа, пернетақталарын сындырып, кейде маниторды басымен соғыр, бөлменің астан-кестенін шығарады. Бұл психикалық ауытқудың белгілері. Сондай жағдайдайға дейін жетпеу үшін, ата аналар балалардың үйдегі әрекеттері мен ойнайтын ойындарын қадағалап, межелінен тыс компьютер пайдалануына тыйым салуы керек. «Құлаққа тыныштық керек» демей бос уақытын балаларын серуендетіп, кітап оқытып, рухани азық беретін істермен айналысу керек. Ел болашағы қазіргі көгілдір қорапшаға телмірген бүлдіршіндердің қолында, ал бүлдіршіндерімізге дұрыс бағыт беріп, жақсылыққа баулу ата аналардың парызы. Техника – қаншалықты зор күшке ие болғанымен оны жасаушы сана мен жан иесі адам. Адамның қолынан сондай ойындарды құрастыру келсе, сол ойындарға қарсы шығу да келеді. Көгілді экранды құбыжықтармен күресіп, сәбилерінің болашағын жарқын қылу әр ата ананың өзінің қолында. Ауырып дертке дауа іздегенше ауырмаудың жолын іздейік...

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 309 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 583 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика