THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Биыл - Алаштың «Айқап» журналының жарық көргеніне 100 жыл толып отыр. Қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі болған «Айқап» ХХ ғасырдың басындағы Алаштың көгіне күн болмаққа ұмтылған ұлылардың тұрақты мінберіне айналған және байтақ даладағы қалың елдің қоғамдық санасын оятып, қалыптастыруда сол заманда ерекше мәнге ие болған басылым. Арада бір ғасыр уақыт өтсе де, «Айқаптың» бетінде жарық көрген қазақтың мәселесі түбегейлі шешіліп кетпегеніне біз де «Әй, қап» деумен келеміз. Өкінішімізге қарай...
«Айқап» журналы небары 4 жыл ғұмір кешті. 4 жылда оның 88 нөмірі жарық көрді. Осыған қарамастан Алаштың тарихында өшпес із қалдырды. Біз қазақтың қорғанышы болған қазақ баспасөзінің атасы - «Айқаптың» 100 жылдығына орай журналда басылған көптеген мақалаларды жыл бойына жариялап отырмақпыз.
Ахмет Байтұрсынұлы. ¬Қазақ өкпесі
Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана кіре бастады. Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпелейді. Пайдаланып отырған жерін мұжыққа алып берді деп үкіметке өкпелейді. Қазақ жерін қазыналық етуге неге көнген өткендерге өкпелейді.
Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, жоқ па - соны жазбақпын.

Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы. Атадан қалған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бәрі қарайлас тең заманда қазақ та қалт құлт етіп өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан. Ханы надан, халқы надан жұрты мықты мемлекеттің жанында өз алдына хан болып тұруға көп күш керек екен. ол күш алтыбақан ала ауыз қазақта болмаған. Хан басын қарашаға теңгеру жеңіл болмаса да, өз алдына жұрт болып тұра алатын болмаған соң, хандарымыз халқыменен Россияға қосылған.
Қазақ жерінің қазыналық болғанына өкіну - білмегендік. Әуелі - қазыналық етемін дегенде көнбеске шара жоқ. Екінші, жер өзінде болмаса, қазаққа пайдалы емес, бәле болар еді. Жер өзінде болған естек жұртын көрмей жүрміз бе?! Жері көп, малы көп естек көрінбейді ғой. Шаруа жерімен бай, жеріне айырылған соң, жұмыс біткені. Естекті жерден жұрдай ғып түбіне жеткен надандық пен жалқаулық. Шай, шекер, шүберектей болмашы нәрсеге сатып, естектер жерін тауысты. Жерден айырылып, шаһар шаһарға тозып, тентіреп кетті, кетпегені кедейліктен жүре алмайды. Тұрған шаһарының көшесін сыпыратын, қорасын тазалайтын, отынын жаратын, боқтығын таситын о ғайри қара жұмыс қылатынның бәрі болмаса, көбі естек.
Қазақстың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес. Жер өзінікі болса, қазақ естектің істегенін істемейді деп кім айтар?! Айтатын адам болса, тыңдауға бармын, істемейді деп айтуға жоқпын.
Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны - жер қазыналық болғандықтан. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытатын қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тентіреп кетер еді. Жер жалдаған қазақ аз ба? Жер жалдаудан тартынбағандар сатудан да тартынбайды. Жер қазыналық болған соң сата алмады, жалдаудан тартынып қалған қазақ аз шығар?! Қазақ облыстарындағы мұжық қалаларының көбін хакім қондырған жоқ, қазақ өзі қондырған. Естектер сықылды шай, қант, шүберекке қызығып, жер жалдап, мұжықты ішіне кіргізген өзің емес пе?! Өзің қондырсаң дұрыс та, хакім қондырса бұрыс па? Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қырауды аршып қара. Асқа өкпелеген балалардай құр бұлтиғаннан ештеңе өнбейді. Іс оңғы басарлық қылығың жоқ. Амалыңды түзет, түземесең ешкімге кінә қойма. Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап жоқ, үміт мол халықпыз. Үмітіміздің көбі қошқар, қасқырдың үміті сықылды! Өзім жатсам екен, керегім өзі кеп тиер болса екен дейміз. Оны Алла да, адам да қабыл көрер ме?! Еңбексіз егін шықпайды, терселең терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден, тер сіңдіріп алған тиын жұғымды. «қараған қарап қалар» деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ ол мақалды ескеретұғын қазақ жоқ. Қарап жатқанда табылатын болса, ғылым, өнер баршасы қазақта болар еді.олардың бірі де көрінбейді.
Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазақстан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты әр жерде ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық кесапаты. Сонда да, соны ғылым өнерден артық көреміз. «Аллаңнан ойбайым тыныш» дейтін қазақ, ғылымыңнан надандығын тыныш көреді. Не шара бар?
Дүниеде теңге теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді,елсізді елдіге теңгеретін жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін?! Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ.
«Айқап» журналы