THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
~ Ахмет Байтұрсынұлы
Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
~ Қадыр Мырза Әлі
Қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық Қазақстандықтарды біріктіретін күш.
~ Нұрсұлтан Назарбаев
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
~ Ахмет Байтұрсынұлы
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
~ Ғабит Мүсірепов
Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
~ Мағжан Жұмабаев
Соңғы мақалалар:
«Көрікті жарнама – көркем тіл» қалалық байқауы өтті
18/12/2024 17:40
«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауы
06/12/2024 12:18
Хабарландыру!
07/11/2024 12:26
Хабарландыру!
05/11/2024 10:55
Хабарландыру!
14/10/2024 09:57
«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ МҮШӘЙРА ӨТТІ
05/09/2024 10:30
ЛАТЫНША ЖАЗУ «СӘНГЕ» АЙНАЛҒАН БА?
03/09/2024 10:22
«СӘБИЛЕРДІ СӨЙЛЕТЕЙІК» атты бейнероликтер байқауы
01/08/2024 11:45
Хабарландыру!
15/07/2024 16:45
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ
ТОЛЫҒЫРАҚПрофиль
БАЛАЛАРЫМЫЗ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ АЛСЫН ДЕСЕК
Итегулова Сая Ағанасқызы
филология ғылымдарының кандидаты
«Баяғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Жейделі Байсын елінде,
Қоңырат деген жерінде...
- деп басталатын батырлар жырын тыңдап, қиялында қылышын қынабынан сурып, «астыңғы ерні қыбырлап, үстіңгі ерні жыбырлап, қиналғанда адамша сөйлейтін» арғымағын мініп, жауға шабатын бала қазір қалмады десек, артық айтқандық болмас. Оның орнына қолынан жаңа үлгідегі қалта телефондары мен түрлі модельдегі гаджеттерді тастамай, ғаламтор кеңістігінен шым-шытырық мультфильмдер мен бейнежазбаларды қарайтын жеткіншектеріміз бен бүлдіршіндеріміз өсіп келеді.
Бүгінгі таңда балалардың басым бөлігін әлеуметтік желілер тәрбиелеп жатыр. Сондықтан да кез келген қазақ баласының батырлық туралы ұғымы Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын батырлармен, сұлулық туралы ұғымы Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүніс бейнелерімен қабыса қоймайды. Тіпті, кіші мектеп жасындағы балалар халық ауыз әдебиетіндегі желаяқ, көлтауысар, таусоғар тәрізді кейіпкерлерді емес, шетелдерден келген бастары төртбұрышты, үшбұрышты, жасыл түсті адами сиқы жоқ неше түрлі құбыжық кейіпкерлерді қайдан көрсе де тап басып, түсін түстеп айтып береді. Өйткені олар алдымен бала санасына тәуелсіз экраннан талғамсыз беріліп жатқан мультфильмдер арқылы сіңіп жатыр. Содан кейін танымал болған әлгі құбыжық кейіпкердің бейнесі сурет, фигура түрінде шығарылып сауда жүйесімен таратылады. Соларды мысалға алып, үлгі еткен түрлі-түсті шағын кітапшалар шығарылады. Тіпті, Қазақстанда шығатын балалардың тағам өнімдерін жарнамалайтын шаралардың өзінде әлгі шетелдік кейіпкерлер жапсырма түрінде кездеседі. Сөйтіп әлгі кейіпкер баланың піріне айналады.
Осы мәселе қатты толғандырып, біз жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың санасына ұлттық рух, ұлттық идеяны сіңіруге бағытталған «Қазақ фольклорындағы басты кейіпкерлерді біріздендіру» жұмыстарын алғаш рет 2015 жылы қолға алдық. Сол жұмысты бүгінгі дейін жалғастырып келеміз. Ізденістер нәтижесінде «Қазақтың мифтік кейіпкерлері» атты кітапты жарыққа шығардық. Ол еңбекке қазақ фольклорындағы мифтік кейіпкерлерді сипаттайтын мәтіндер мен фольклортанушы ғалымдардың тұжырымдары негізінде жасалған талдаулар енгізілді. Бұл қолданбалы мәні бар жұмыс. Онда миф кейіпкерлерінің түрлері былай топтастырылды:
- Тотемдік кейіпкерлер
- Шамандық кейіпкерлер
- Демонологиялық кейіпкерлер
- Хтоникалық кейіпкерлер
- Ілкі қаһармандар
- Трансформацияланған мифтік кейіпкерлер
Ұсынылған мәтіндік сипаттамаларға сәйкес суретшілер арасында байқау жарияланып, кейіпкерлердің бейнелері кескінделді. Төмендегі кейіпкерлердің портреттері сол байқау нәтижесінде сомдалған болатын: 1)Дию; 2) Шойынқұлақ; 3) Епті; 4) Толағай.
- 1) 2) 3) 4)
Қазір сол еңбек жұртшылық тарапынан сұранысқа ие дүниелердің біріне айналып отыр. Біріздендірілген мифтік кейіпкерлердің сипатын негізге ала отырып, анимациялық өнімдері жасалуда. Сонымен қатар жоба негізінде әзірленген фольклорлық сипаттамалар бірнеше кітаптар мен оқулықтардан орын алды.
Мифтік кейіпкерлерден кейінгі көркемдік құндылығы жоғары бейнелер – батырлар жыры мен ғашықтық жыр-дастандардың бас қаһармандары. Соған сәйкес, «Батырлар жыры мен ғашықтық жыр кейіпкерлерін жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды құрал ретінде пайдалану жолдары» бағытындағы жобамыз зерделену үстінде. Эпикалық жыр кейіпкерлерінің басты ерекшелігін анықтай отырып көрнекілендіріп (визуалдап), оларға қазақы болмыс қалыптастырса, сол бейнені барлық салада біріздендіріп, жан-жақты насихаттаса, жас ұрпақтың қазақ фольклорына деген қызығушылығын туындатып қана қоймай, олардың бойына ұлттық құндылықтардың да ұрығы себілері анық.
Жастардың ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту, ұлттық сезімдерін ояту, патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында атқарылып отырған бұл жобаның көздеген мақсатына жетуіне, болашақ ұрпақ алдындағы парыздың бір тармағының орындалуына сіз де игі ықпал ете аласыз.
Ол үшін https://mtdi.kz веб-сайтына кіріп, сайттағы фольклорлық кейіпкерлердің мәтіндік сипатымен және зерттеушілердің тұжырымдарымен, байқау ережесімен танып шығыңыз.
Жалпы жұртшылықтың, әсіресе жас жеткіншектердің қазақ фольклорын танып-білуге, зерделеуге деген құштарлықтарын ояту үшін атқарылып отырған бұл байқау өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді.
Ұлт болашағы үшін атқарылып отырған игі бастама кім кімді де бей-жай қалдырмас деген ойдамыз.
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.