КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Білім және ғылым министрі

 

Ерлан Сағадиев мырзаға              

 

    Хабар арнасында өткен «BILIM» бағдарламасына қатысқан А. Сағидуллаева (http://khabar.kz/kz/m-ra-at/ba-darlamalar/item/71478-bilim) БжҒМ өкіліне арнайы үндеу хат тапсырған болатын. Ол жерде бүкіл Қазақстан мұғалімдерінің проблемалары жазылған болатын. Өкінішке орай БжҒМ тапсырған хатқа тек хат тапсырған А. Сағидуллаеваға өзінің ауданының ғана проблемасын сол ауданның методистіне жауап жазғызып сол ауданның көлемінде ғана жауап берген. Жауап хат 2017 жылғы 12 қаңтар, ЖТ-ҰЖ-1604-1/11-5 нөмірімен келген. Төмендегі хат та бір ауданның жағдайы емес, бүкіл Қазақстан Республикасының әр аймағының ұстаздарынан әлеуметтік желі арқылы қол жиналып Республика бойынша орын алып отырған мәселелер жазылып отыр. Қол жинау әлі де жалғасуда.

 

    Үш тілді жаңа реформа кіргелі мектептердегі әбігер көбеймесе азайған жоқ. Жаңартылған бағдарламаның да әңгімесі бір басқа. Бұл жерде шешуін күттірмейтін мәселе өте көп.

 

    Білім және ғылым министрлігінен осы мәселені бірінші кезекте шешуін сұраймыз!

 

    1. Көп мектептердің материалдық базасы жаңартылған мазмұндағы білім беруге сәйкес емес. Компьютерлер ескірген, (көп жағдайда ескі компьютерлерді есептегі компьютерлер саны азайып қалмас үшін облыстық білім басқармалары есептен шығартпай ұстап отыр) интернет желісінің өзі біреу ғана. Жылдамдығы төмен, басқа пән мұғалімдерінің пайдалануына мүмкіндік жоқ. Мектепте істен шыққан компьютер, принтер, проекторларға қосалқы бөлшектер сатып алуға мүмкіндік жоқ (жергілікті бюджеттен қаржыландырады, ақша жетпейді дейді).

 

    2. Жаңартылған бағдарлама мұғалімнің сабаққа тыңғылықты дайындалуды, таратпа материалдарды көптеп шығаруды талап етеді. Кейбір жерлерде кітап жетіспейді. Ол туралы айтылса, «кітап ресурс қана» оқушылар ақпаратты кез – келген жерден, интернеттен алуға да болады дейді. Бірақ интернеттің түрі жоғарыдағыдай болса, басқа қайдан алуға болады? Мектептерге бюджеттен қағаз т.б концеляриялық тауарларға неге ақша бөлінбейді? Орта есеппен 1 мұғалімге 1 жылға 18 қорап қағаз кетеді. Қазір өкінішке орай бұл салмақ мұғалімдердің мойнында.

 

    3. Қазір бізде 5 күндік оқу жүйесі. Мұғалімнің жұмыс сағаты 18 сағат. Бірақ мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысына, жеке сабаққа дайындалуға кететін уақыты бақылауға келмейтіндіктен қалған уақытына ақша төленбейді. Оның ішіне педкеңестер мен оқу-тәрбие жұмысы бойынша жасалатын жұмыстар кіреді. Өкінішке орай көп жерлерде мектеп директорлары сенбі күні түрлі жиналыстар мен іс шараларды қойып отыр. Сенбі күні мұғалімдер сабағын дайындаса, жексенбі күні басқалар сияқты бір күнін отбасына арнайтын еді. Осы мәселенің басы шешіп беріңіз.

 

    4. Мұғалімдерді көше тазалау, газетке жаздыру, үй аралау, мереке күндері кезекшілікке қою, т.б жұмыстар әлі тиылмай келеді. Еріксіз еңбекке соттың шешімі, не болмаса соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Конституция, Білім заңы бойынша ондай іс-әрекеттерге тиым салынған. Мереке күндері кезекшілік Еңбек кодексінің 86-бабы бойынша жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту 1) төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін; 3) тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі – делінген. Бірақ көп жағдайда мұғалімдерді мереке күндері кезекшілікке қою жалғасып келеді. Мұғалімнің беделіне, қадір-қасиеті мен мәртебесіне нұқсан келтіретін жұмыс түрлері доғарылсын. Білім басқармалары мен білім бөлімдеріне осы туралы қатаң ескертуді сұраймыз.

 

    5. BILIM-LAND, I-MEKTEP туралы. Бұл жеке серіктестіктің оқыту құралдары офлайн түрінде мектептерге таратылды. Көлемі 500 гб. Ішінара мектептерде желі арқылы таратуға мүмкіндік жоқ. Әр пәнді жеке-жеке шығарса. Онлайн кіретін мектептерге пароль, логин таратылған. Бірақ осы жеке серіктестік облыстық білім басқармаларына кірген-кірмеген мектептер туралы ақпаратты жіберіп рейтинг шығарып отырады. Сол рейтинг арқылы білім басқармалары мектеп мұғалімдеріне кірмегені үшін ескерту жасап кіріп сабаққа пайдалануына бұйрық береді. Бірақ ол мұғалімнің неге оны пайдаланбай жүргенін тексергендер болды ма? Жоқ. Бұл тағы да материалдық база компьютер мен интернетке келіп тіреледі. Мектептің әр кабинетіне интернетке қолжетімділік қашан орнайды? Осы компанияның электронды оқулығы бағдарламамен сәйкес емес.

 

    6. НЗМ бағдарламалары жаппай орта мектептерге де таратылуда. Орта мектептер НЗМ сияқты оқушыларды, мұғалімдерді конкурспен қабылдамайды! Оған ерекше дарынды, тестен нақты нәтиже жинаған оқушылар іріктеледі. Материалдық базаның теңсіздігі және бар. Осы жағдай неге ескерілмейді?!

 

    7. Электронды күнделік туралы. Электронды күнделік те жеке меншіктің дүниесі. Ресейден көшіріліп алынған. Ресейде мұғалімдерге оны толтырғаны үшін арнайы ақша төленеді. Бізде төленбейді. Мұғалімдер бір кабинетке кезекке тұруға мәжбүр. Тағы да іс интернетке келіп тіреледі. Материалдық базасы жетіспейтін мектепке тықпалаудың керегі не? Электронды күнделікке қатысты Қазақстан мұғалімдері арасында жүргізілген сауалнамаға 70 мұғалім қатысып, нәтижесінде 33 мұғалім «толтырамыз, материалдық база бар» десе 22 мұғалім «мектепте жағдай жоқ» деп, 14 мұғалім басқа жерге барып толтыратынын айтқан. Министрлік электронды күнделік толтыру туралы бұйрық шығарды. Бірақ интернеті жоқ жерлерге, нашар жерлер "толтырмай-ақ" қойсын деп сіз парламентте айттыңыз, бірақ арнайы бұйрық шығарған жоқсыз. Осыған жеке бұйрық шығарылсын, не пилоттық жоба тоқтатылсын, құрғақ сөз еш жерде жүрмейді. Мектеп жағдайы келмеген соң электронды күнделік толтырмаған мұғалімдерге ескерту, сөгіс беру, түсінік жаздыруға тиым салыңыз. Өйткені бұл пилоттық жоба. Электронды күнделік жекенің қолында емес БжҒМ қолында болуы керек! Электронды күнделікті ҰБ(НОБД) кіріктірсін, ол жерде мұғалім, оқушы туралы толық ақпарат бар.

 

    8. Материалдық база бойынша 102 мұғалімнен Қазақстан бойынша сауалнама алынған. Оның ішінде 59 мұғалім ӨЗІНІҢ ЖЕКЕМЕНШІК КОМПЬЮТЕРІ, ПРИНТЕРІмен жұмыс жасаймыз десе, 18 мұғалім «кез келген жерден ақшаға шығарамыз дейді. 12 мұғалімнің жеке кабинетінде компьютер, интерактивті тақта, жеке принтері бар. Кабинетінде ештеңесі жоқ-3, барлық керек жарақты мектеп әпереді деп – 2, ата-аналар қамтамасыз етеді деп 1 мұғалім жауап берген. Осы орайда ең бірінші реформа бағдарлама мен сөзбен емес, алдымен мектептің материалдық базасына реформа керек екенін де көрсетіп отыр. Мектептердің материалдық базасын қашан жетілдіресіздер? Мектептерге сапасыз техникалар әкелу қашан тоқтайды?

 

    9. Қазіргі кезде АКТ деген сылтаумен мектептегі информатика пәні мұғалімдеріне көп жұмыс міндеттеліп отыр. BILIM-LAND компаниясымен жұмыс, электронды күнделікті администрация жасау, жылда толтырылатын ҰБ (НОБД) барлығы көп жерлерде «қоғамдық» жұмыс ретінде мойнына «ілінген». Жеке штаттар неге берілмейді?

 

    10. Мұғалімдердің зейнет жасы қайтадан қаралса, әйелдерге 27, ерлерге 30 жыл жұмыс өтілімен. Қазіргі кезде мұғалімнің жұмысы ауырлады.

Білім саласына келген жастарға жағдай жасалынсын.

 

    11. Үштілділікке байланысты енді қазақ мектептерінде дүниежүзі тарихы келесі оқу жылынан бастап орыс тілінде оқытылады дейді. Ана тілінде оқытылсын. Үш тілділік реформа басталғанда БжҒМ ағылшын тілінде тек 10-11 сыныптар ғана оқытылады деген. Оның өзі оқушылар қаласа ғана деген. Бірақ бұл «өзі қаласа» деген пункт ауызбен ғана айтылғандықтан еш жерге жарамсыз. Нақты бұйрығын шығарсаңыз.

 

    12. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 шыққан. Осы орайда мектеп мұғалімдері өзінің міндетін білмегендіктен басқа да қосымша жұмыстарды атқарып жүр. Осы заңды сіздер тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

 

    13. Бастауыш сынып оқулықтарының көлемі үлкен. Әріптердің үлкен болғаны дұрыс шығар бірақта кітапты үлкейту дұрыс емес. Сөмкені көтерегенде баланың белі қайысып кетеді. Көптеген ата-аналар бастауышта оқитын балаларының сөмкелерін көтеріп жүруге мәжбүр болуда. Кітаптарды қателіксіз шығару керек.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 419 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 753 0









ТЕКСТ

Яндекс.Метрика