КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


 

Орта жүздің бас биі болған Қаз дауысты Қазыбек бидің астына Әйтеке би, Әйтеке бидің астына Қазыбек би деп жазып қойған.

Алып шаһар Алматының көшелерінде Ұлыларымыздың есімі қорланып жатқанына жүрегіміз әлі күнге қан жылайды. Ақсақ «Қ»-лар, у ішкен «Ұ»-лар, жазықсыз «Ң»-дар. Амал не? Қазақшыл Иманғали Тасмағамбетов те, одан кейін бес жыл былқ етпей отырған А. Есімов те жанашырлық танытпады. Ең құрығанда «Қоңаев» деп Дінмұхаммед ақсақалды қорлағандары шымбайларына батпады. Балық басынан шіридінің кебі болар. Төрдегілердің өресі тар немесе төресінің ниетінен аттап кете алмайды. Екінің бірі… Жарайды. Ендігіміз 2050 болды ғой… Соған дейін бұл қателер де жөнделіп қалар…

Ал, қазіргі жағдайымыз мәз емес. Елміздегі бетке ұстар оқу орны — әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті! — деп мақтанамыз. Орталық Азиядағы оқу ордаларының көш басында тұр. Әлемдік деңгейге шығамыз! — дейді. Әрине, биікке талпынғандары жөн-ақ. Алайда бұл Ұлттық университетіміз әлемге ұмтылып жүріп, өз елінің тұлғаларын ұмыта бастапты. Университеттің Заң факультетінің төрінде қазақтың үш биінің портреттері тұр. Көзіқарақты, жүрегі қазақ деп соғатын әрбір қаракөз сол суреттерді көрген сайын жерге қарайды. Орта жүздің бас биі болған Қаз дауысты Қазыбек бидің астына Әйтеке би, Әйтеке бидің астына Қазыбек би деп жазып қойған. Студенттер факультет басшылығына жыл сайын ескертеді. Елемейді, елегісі келмейді. Суреттердің солай тұрғанына 4 жылдан асты. Ақиқаттың ақ туы болған билерді шатастырған факультеттегі білім сапасы қандай екен?

Ал енді, Мұхтар Мағауин, Зейнолла Қабдолов, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев сынды ақын-жазушылар оқыған филология факультетіндегі қателік бұдан да сорақы. Қазақ болмысының қайрағы, қазақ сөзінің қайнары болуға тиіс бөлім мамандары Алаш қайраткерлерін танымайтын болып шықты. Қабырғадағы қайраткерлер суреттерінің арасында тұратын Әлихан Бөкейхановтың суреті шетке ысырлып қалған. Ал, Міржақып Дулатовта көзі тірісінде тұрған орнынан жылжып кеткен. Тарихи суретті «түзеткісі» келген кім? Кезінде «Қазақ білімінің қара шаңырағы» атанған университеттің қазіргі жағдайы осындай?!


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз