КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


22 қыркүйек тіл мерекесі күні өтті. Тәуелсіз еліміз үшін мәні бөлек мерекені насихаттау мақсатында, тілімізге деген құрметті көрсету ретінде ақпарат ұсынайық. "Ел дегенде емірен, тіл дегенде тебірен" деп Қадыр ақын айтпақшы, тіл дегенде тебіренбейтін жандар аз шығар. Тіл – бір ұлттың, тұтас халықтың баға жетпес қазынасы, ең құнды байлығы. Біздің ана тіліміз сан ғасырдан бері түрлі жолдардан, кезеңдерден өтіп, аман-есен бүгінгі күнге жетті. Қазақ тілі жайлы не білеміз?  Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі.  Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары, Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу білік" еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік" еңбегі, Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық" еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикметі", Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ тұсындағы жазулардан алады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" дәлел бола алады. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолданып келеді. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілі Қазақстан халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.




ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз