КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ




Біз егемендік кезеңінде ауыр да сындарлы жылдарды басымыздан өткере отырып өркениет көшіне қосылған елміз. Рас, әлі де түрлі салада шешімін күткен проблемалар аз емес. Солай десек те, экономикасы мен халықтың әлеуметтік тұрмысы жоғары деңгейде дамыған озық елдердің өзінде проблемалар бар екені белгілі. Біздің қоғамдағы өзекті мәселелер  халықтың да, биліктің де назарында тұр.

Елбасының биылғы Жолдауында ел игілігін арттыру, халықтың әлеуметтік тұрмысын, әлеуметтік қызмет көрсету ісін, тұрғын үй жағдайын, ұлт саулығын жақсарту, азаматтардың құқығын құрметтеу, мемлекеттік органдар жүйесі мен заңдарды  жаңғыртып  жетілдіру сияқты өзекті мәселелер қаралып, шешу жолдары көрсетілген.

ҚР Президентінің келесі, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналдыру жөніндегі нұсқауын өз басым барынша қолдаймын. Жастарымыз егемендік кезеңінде дүниеге келгендіктен бодандық заманының зардаптарын бастарынан өткерген жоқ, сондықтан жігерлі, батыл! 

Енді  адамгершілік, мороль, имандылық тұрғысындағы сапалы тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізіп,  жастар құрамынының саны мен сапасын мемлекетшіл, патриот азаматтармен арттыра түссек нұр үстіне нұр болар еді.  Келешекте қоғамымыздағы олқылықтардың орнын толтырып, жетістіктерді еселей түсетін  сол жастар екені  белгілі.

Дегенмен, Қазақстанда дамыған елдер мен дамушы елдердің ешбірінде кездеспейтін бір проблема бар. Ол – мемлекет құраушы ұлт тілінің Ата заңда белгіленген мемлекеттік тіл мәртебесіне лайықты қызмет атқара алмауы. Осы орайда бұрынырақ жазылған бір өлеңімнің:

«Құбыла жақтан қайтадан теріс туса Айым,

Сезімнің бұрқақ сәулесін қайтып құрсайын?!

Қараша халық Ақ орда жаққа үздігіп

Ұлт үшін ұлы жаңалық күтер жыл сайын!

Қасиет дарып ұрпаққа баба толғаудан,

Кешегі Қасым ханнан да қасқа жол қалған!

Тәңірдің нұрлы сәлемі дер ем,

Жалғыз сөз

Айтылса тілдің киесі жайлы Жолдаудандеген шумақтары еске түседі...

Бәлкім, күні ертең мемлекеттік тіл қазақ тілінің қызмет аясын кеңейте түсіп, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білуді міндеттейтін  арнайы Заң қабылданатын шығар. Бұл мәселе егемендік кезеңінде түрлі мінберлерден айтылып, әбден  талқыланған мәселе ғой.  Оң шешілер деген ойламын.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 346 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 604 0









ТЕКСТ

Яндекс.Метрика