THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Елімізде ұлттық идеологияның жоқ екендігіне шетке шыққанда анық көз жетікздік. Өзгелердің қалай төл тарихы мен дәстүрін, туған тілін құрметтеуін көріп, қызығасыз, тіпті қызғанасыз... Іссапар барысында, яғни бір айдай уақыт ішінде "Қазақстанда мемлекеттік тіл орыс тілі ме?" деп менен сұраушылардың (Моңғолиядағы шетелдік саяхатшылар мен жергілікті халық) санынан жаңылысып қалдым. Танысқан адамның барлығы дерлік бастапқыда мемлекетін, елін, туған тілін, тарихын айтады емес пе? "Мемлекеттік тіл - қазақ тілі" дегенге көбісі сенгісі де келмейді, сенсе де, қайран қалады. "Сіздерде елдің бәрі орысша сөйлейді ғой" деп қарап отырады. "Сырт көз - сыншы" деген осы.
Alashainasy.kz
Facebook-тегі парақшасынан