КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Жақында әдебиеттанушы, профессор Рақымжан Тұрысбек екеуміз Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетіне барып келдік. Бірнеше күн студенттерге қазақ әдебиетінің мәселелері туралы дәріс оқып, конференцияларға қатыстық. Қытай астанасында тарихи жерлер көп екен. Ұлы қытай қорғаны, Жер асты патшалығы, Күйреген қала, Қызыл алаң, Олимпиада қалашығы сияқты тарихи орындарды көрдік. 

Қыдырған жақсы ау, бірақ бізді бір нәрсе қатты алаңдатты. Ол жақтағы қандастарымыздың жастарының тілі қытайшаға кетіп бара жатыр екен. Себебі қазақ мектептерінің дені жабылып, қытай тілін насихаттау қатты күшіне еніпті. Бейресми деректер бойынша Қытайдағы қазақтардың саны үш миллионға жетіп қалған сияқты. Санақтың нәтижесін ешкім білмейді. Аз ұлттардың санын нақты айтса билікке көбірек араласа бастайды деген жымысқы саясат баяғы.Екінші, біз барған уақыт Тәуелсіздік мерекесіне тура келгендіктен Қазақстан елшілігі өткізген мәдени шараны барып көрдік. Салтанатты шараға Қытайдың сыртқы істер министрінің орынбасары мен біздің елші қатысты. Қытайлардың тілі қытайша, біздікілердікі орысша! Адамның намысы келеді екен. Сол жерде жүрген бірнеше кәсіпкер жігіттер маған осы жайлы назын айтты. Шенеунік те, кәсіпкер де, студент те шүлдір-шүлдір. Бір топ студентке «Ей, бауырлар, неге орысша сөйлейсіңдер?» десем, біз «солтүстіктің қазағымыз» дейді. Міне біздің шетелде оқып жетістіретін ұрпағымыздың түрі. Ертеңгі мұнайдың да, мұнайдан былайдың да құлағын ұстайтын сабаздарың алдымен ана тілін білмей қытайша үйреніп жатыр. Масқара!!! Сонда деймін ау, келешекте ол жақтағы үш миллион қазақ қытайша, бұл жақтағы он миллион қазақ орысша сөйлемек пе? Біз осы қайда бара жатырмыз? Егер қарапайым ауыл қазақтары мен солардан туған, қолында билігі жоқ азғана зиялылардың қарсылығы болмаса мына оқығансымақтар тілімізді құртып жіберуден тайынбайды ау! 2025-інші жылды күтіп жүре бермей билік тезірек қатаң шаралар қолданбаса жүгенсіз кеткен ұрпақты қазақшаға қайтару қиын болады ау осы! Сіз қалай ойлайсыз, ағайын?

baq.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз