КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Баспасөзге жазылу басталып кетті. Бірақ бұрынғы абыр-сабыр науқан жоқ. Мерзімді басылым да азайған. Кітап дүкеніне кірсең, қазақшаны ілу де бір естисің. Қазақ қоғамы қазір оқуға енжар. Содан шығар, сауатсыздық басым. Бір әкім ТМД-ның толық нұсқасын «Туысқан мемлекеттердің достастығы» деп жазыпты. Саяси әдебиетті былай қойғанда, мерзімді басылымнан да мақұрым екені көрініп қалды. Таяуда қазақша уикипедия Тәкен Әлімқұлов хақында мағлұмат берді. Бірақ сын саңлағының кітабын көрмесе керек, әйтеуір, суретіне келгенде оңбай шатасты. Басқа бір әдебиетшінің бейнесін жариялады. Ал атышулы тест сынағы кезіндегі талдырып түсіретін «сауатсыздық сюрпризі» ұзақ әңгіме.
Басқалар олай емес. Газеті мен журналын, кітабы мен дәптерін дәріптейді. Біз сияқты «XXI ғасырда қағаз газет пен қағаз кітап өткеннің елесі. Өркениетке қол созып, жаппай электрондық оқуға көшейік» демейді. Алысқа бармай, терістік көршімізге көз салсақ, жетіп жатыр. Украина қақтығысы ақпарат құралдарының, соның ішінде мерзімді басылымдардың қаншалықты қуатты идеологиялық құрал екенін тағы да дәлелдеп берді. Ресей билігінің хабар-ошар құралдарына қамқорлығы, әділін айту керек, біздің билік үлгі аларлықтай игі. Биыл «Аргументы и факты» газетінің басына қара бұлт үйірілді. Қарызы 2 млрд рубльге жеткен. Оның 1 миллиарды несие деседі. Басылым банкротқа ұшырай жаздады. Әйтеуір, Мәскеу мэриясы дер кезінде қол созып, газет қаланың меншігіне көшті. Мәртебесі өзгерген жоқ. Сол бұрынғыдай – Ресейдің барлық аймағы мен шетелге тарайды. 
Президент В.Путин осы аптада Ресейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының жарғылық қорындағы шетелдіктердің үлесін 20 пайыздан асырмауды көздейтін заңға қолға қойды. Іле-шала «Ведомости» газетін Кремльге қарасты «Газпром Медиа немесе Ұлттық медиа топ сатып алады деген хабар тарады. Осы басылымға тиесілі акциялардың едәуір бөлігі Wall Street Journal (АҚШ), The Financial Times (Ұлыбритания) және Sanoma Oyj (Финляндия) холдингіне қарайды. Шетелдіктер 2016 жылдың аяғына дейін өз үлесін сатуы тиіс. Сарапшылар мұны ақпарат айдынын тазалау деп бағалады. Өйткені, әлгі газеттің Украинадағы оқиғаларға қатысты жариялаған ақпараты ресми Мәскеудің ұстанымымен жиі қайшыласып жататын. 
Аталған заң көрші елдегі бірқатар газет-журнал, телеарнаның бағытына өзгеріс әкелмекші. Құжатта Ресеймен келісім негізінде құрылған мемлекетаралық «Мир» телеарнасы сияқты ақпарат құралдарының бұрынғы мәртебесі сақтала беретіні атап өтілген.

jasqazaq.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз