КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бейбіт уақытта, тыныш заманда, басың қосыла алмаған қазақ, егер, жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, алай-дүлей, ту-талақай заман болса, аспаннан ракета жауып, алпауыттар мынау бейбіт ғаламның астан-кестеңін шығарардай болса, халің не болмақ, шеттегі қазағым?!
Немістің оғынан қырылып, аман қалған қазақты қанішер Сталин Алтай бетіндегі арманы асқақ ақ иықтың әскеріне айдап салған еді ғой. Ол замандағы қазақ орыстың қырғынынан бір қырылды, орыстың айдауымен немістың оғынан бір қырылды, онан келіп өзінің Алтайдағы бауырымен қырылысты, онан барып, Қиыр Шығыстағы Қытайды Жапоннан азат етпекке бір қырылды... Онан соң кеше ғана Ауғаныстанға барып тағы қырылды...

Демек, күнің өзгеге қараған соң өзімді адам екемін деме. Өзіңді адам санатына қоспай-ақ қой. Өз басыңда өзіңнің еркіндігің болмаған деген сөз – қорадағы қойдан жамансың деген сөз. Қойды жегісі келген адам қоймен ешқашан ақылдаспайды ғой, барады да алып ұрып, бауыздай салады ғой, қой бишараның көнбеске не шарасы?!
Адамша ғұмыр сүргің келсе, өзіңді, ұрпағыңды аман алып қалғың келсе, есің барда елің тап...

(2011-12-4 04:39:19 «Күлтегінде» сайты) 

Ноғай-қазақ жыласып айырылған сол бір замандардың бір ащы шындығы бар. Ол заманда біз ноғай атаған ел мен қазіргі қазақтың еш айырмасы жоқтұғын. Бір ел екіге айырылғанда иелеген жері, қоныстанған жайлаулары мен қыстаулары, қыстақтары, шаһарлары бойынша екі хандыққа бөлінді де қалды. Тегі, тұқымы бір еді. Сол заманда, арасына қыл өтпестей жақын осы екі елдің арасында не ноғай ордасында, не қазақ ордасында қаларын білмей сандалған рулар мен тайпалардың болғаны хақ. Себебі, мұндай құбылыс, өзбек ханнан бөлініп қазақ бөлек хан болған заманда да болған. Кей рулар біресе қазақ хандығына қосылып, біресе өзбек хандығына қосылып, бір анық шешімге келе алмай жүрді. Ал, жаңағы ноғай ұлысында қалуды дұрыс тапқан қазақ руларының ақыры жақсы болмады. Ноғайларға нәсілшілдік қырғындау жүргізген орыс отаршылдары саны қазақпен пара-пар, әуелі саны жағынан қазақтан көп деңгейдегі ноғайлардың тұқымын құртып жібере жаздады, бүгіндегі ноғай солардың ақ орыстан да, қызыл орыстан да қырыла-қырыла біткен, таусылған жұрнағы ғана. Сол ноғайларың немесе сол заманда ноғай ордасында қалған қазақтарың бүгінде Қазақстанға қазақ болып оралуды, өздеріне оралман мәртебесін беруді сұрап жүр. Сандары да азғантай, оның өзі орыстанып, шоқынып бітейін деген. Тіл кеткен. Соңғы кезде, шоқындыру да үртіс басталған. Енді, Қазақстанға жете алмай армандап отыр.
Ал, өзбек хандығы ол заманда бұқарасының басым көбі сарт емес, қазақ еді. Ол заманда қыпшақ тілді түркілер оғыз тілді түркілерге қарағанда қуатты, күшті еді. Жан саны да мол болатын. Оғыз текті түркілер азғантай қала-қыстақтарда ғана еді. Ал, ен даланы, сайын даланың төсін мыңғырған малымен, құжынаған жан санымен толтырып тұрған қазақтар болатын. Сол заманда, қазаққа қосылмай, Өзбек хан құрамында қалған рулардың бүгінде тұқымы құрыды. Сарттасып, тәжіктесіп, дүбәрәласып бітті...
Өзбекстандағы азиаттық бет пішімі бар, сығыр көз, жалпақ бет өзбектер сенің туысың...
Олардың мінездері де, кең пейілділіктері де, қонақжайлылығы да, ырым-жырым, құдалық-сұдалығы да тұтас қазақша. Бар айыбы, тілдері өзбектеніп кеткен....
Демек, қай қашанда болсын қазақ мемлекетінде қалғандар ғана қазақ болып қалған, ал, мың жерден бауырлас, көршілес елде қалғанымен, қазақ мемлекетінде жасамағандардың қазақ болғаны жоқ, не қырылып бітті, не қысым астында шашырап, жұтылып бітті. Демек, қазақша айтқанда, тұқымы тұздай құрыды...
Қазақ болып қаламын десең, Қазақстанға қайт!!!

(2011-12-4 04:39:19 «Күлтегін» сайты)

Қытайға қарасты Ішкі мұңғыл автономиялы өлкесінде бір ғажап қауым бар екен. Өздері мұңғылша сөйлейді, мұңғылша киінеді, бірақ... мұсылман дінін ұстанады. Намаз оқиды. Меніңше, бұлар қазақтар. Қазақ болғанда да, баяғыда, тым ертеректе мұңғыл жайлауларына көшіп барған қазақтар. Немесе тағдыр тәлкегімен мұңғылдардың айдауымен, солай барған қазақтар. Бұл хақында кейбір қытай зерттермендері де осындай көзқарасты ұстанады. Демек, олар дінді ұстанғанымен, тілден айырылған. Тілден айырылғаны – ұлттық болмыстарынан айрылғаны.
Құдай басқа салмасын, қазір Үрімжі жағалаған қазақтардың екінші, үшінші ұрпағы қытайша тәрбие алуда. Әкесі де, шешесі де қытайша оқыған отбасылардың үйлерінде тұтасымен, жүз пайызға қытайша сөйлейтіндіктерін өз көзіммен көрдім, көргенде де көп көрдім! Міне, осы ұрпақ, ертең, қазақша киінетін, асса, өзінің мұсылман екендігін ғана білетін, бірақ, тілінен, ділінен айырылған дүбәрә халыққа айналады. Оның соңы – жоғалу!

***
Қазіргі Еуропада санаулы ғана ұлттар қалды. Ағылшын, испан, неміс, француз, португал, белгюм сынды санаулы ғана ұлттар. Ал, мұнан бірнеше жүз жыл бұрын мұндағы ұлттар мұнан әлдеқайда көп еді. Соның барлығы саяси, экеномикалық себептермен құрып кетті. 
Америка құрылығындағы аборигендерді айтудың да қажеті жоқ. Олар бітті. Құрыды.
Австралиядағы маулилерды айтудың керегі жоқ, олар да бітті, құрыды.
Жапониядағы айнулар да солардың кебін киді.
Оңтүстік-тынық мұхиттағы аз санды ұлттар да сол.
Тайуандағы Гаушандар да осылардың аяғын құшты.
Құрымаған кімдер қалды?!
Сенің қалың қалай, шеттегі қазақ баласы?!

***
Адамзаттың ең ұлкен бақсысы, ең үлкен киімді шайтан-Маркс шалдың айтқаны жартылай болса да орындалып келе жатыр. «Ұлт жойылады» деп еді қапсақал еврей. Біз бұған нанбаймыз. Ұлттың өмір сүруі – Алланың қалауы. Бұл ғаламда Алла қалаған іс қана болмақ, Алланың қаламағаны ешқашан іске аспақ емес. Демек, жаңағы жойылған ұлттардың аянышты тағдырының өзі Алланың қалауы. Себебі, олар соған лайық болуы мүмкін! Міне, бұл – ислами көзқарас. Біз – Алланың ерекше нығыметіне бөленгіміз келсе, өзімізді соған лайықтауымыз керек. Алла өз шапағатына бөленуге лайық құлдарын ғана жарылқайды. Ұлт ретінде де, жеке тұлға ретінде де, біз,өзімызді өзіміз тексеруімыз, таразыға тартуымыз керек. Мұны ғұлама Абай баяғының баяғысында айтып кеткен. Біз Абайдан асырып ештеңе айта алмаспыз.

***
Өздерін өздері қазіргі заман адамзат өркениетінің серкесі сезінетін еуропаның өзінде азшылық қауымның халі қалай? Еуропадағы аз ұлттардың тілі мен діні, құқығы заң арқылы қорғалып отыр ма? Бұл хақында білгіңіз келсе, мына деректер бойынша ғаламтордан іздеңіз:
Ағылшыншасы: European Charter for Regional or Minority Languages
Қытайшасы:欧洲区域或少数民族语言宪章
Ағылшыншасын қысқартып ECRML деп атайды. 
Демек, көп қорқытады,терең батырады деген қазақ мақалының ақиқатын осыдан-ақ көргендейміз. Ағылшындардың, жалпы, батыс қоғамының мемлекет пен ұлтты бір тұтас нэйшн атауының сыры осы болса керек. Сен Америка азаматы болсаң, шығу тегіңнің қайдан екендігіне қарамастан, сенің ұлтың – американ. Мемлекет қарастылығың – америка. Демек, францияда жасап жатқандарды, мейлі, ол қытай, ветнам, чех болсын, тұтасымен француз атауының сыры осында болса керек. Себебі, сен сол елде жасайсың. Сол елдің көзқарасын, тіршілігін, өмірге көзқарасын қабылдайсың. Өзің де, балаң да сол елде өмір сүреді. Демек, бір-екі ұрпақ өте сен сол елдің негізгі ұлты жағынан жұтылып кетесің...
Демек, осы көзқараспен қарағанда, қытай паспортын ұстағандарды тұтасымен чайниз атайды. Себебі, қытай паспортында ұлт жазылмайды. Көптеген елдердің паспортында ұлт қарастылығы жазылмайды.
***
Германияда hornjoserbsce деген бір тіл бар. Қолданушыларының саны небары 55 мың ғана. Күллі Германияда 82 миллионға жуық адам тұрады десек, Хорнжосербше тілінде сөйлейтіндердің халдерінің қалай екендігін білуімізге болады. Болжампаздар бұл тілдің жақын арада құрып-жоғалатындығын алдын-ала болжап, өлмеген хорнжосербше тіліне әлден жаназа шығарып қойған. Көрі қазылып қойылған. Дайын тұр. Сонымен, адамзат мәдениетінің бір бөлшегі осылайша құрып жоғалудың аз ғана алдында тұр. 55 мың дегеніңіз – қытайдағы бір ауыл ғана ғой. Мысалы, қытайдағы қазақтардың молдау қоныстанған бір ауданында осындай шамадағы қазақ бар болуы мүмкін... Бір ғана Күнес ауданында жүз мың қазақ бар.
Бірақ, бізге хорнжосербше тілінде сөйлейтіндердің не үшін осы халге түсіп қалғаны маңызды еді. Себебі, өзгенің тауқыметті тағдырын молдау білсек, ертең, өзіміз сол бейбақтың тағдырын қайталамас үшін, өнімді қарекетке бара алатын шығармыз. Бағынан соры қалың хорнжосербшелердің арғы түбі – славян текті екен. Демек, орыстармен туысқан. Бірақ, неміс жеріне жыл санауымыздың 6 ғасырынан бастап кірме болып енген бұл бейбақ жұрт қазақтың «кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ұлағатты мақалын естімеген болса керек. Немесе, біздің Бөке батырымыз сынды, шарасыздан елін бастап көшкен бір батырлары елін, жұртын бастап, атамекендерінен айрылып, айдаладағы неміс топырағында көгеріп-көктеуді армандаған болса керек. Қысқасы, неміс жерінде бұл азшылық қауымның көсегесі көгерген жоқ.
*** 
Үшбу тіл ілгерінді-кейінді болып сан мәрте шектеу мен қудалауға ұшырайды!
1293 жылы сот жағынан шешім қабылданып, Германияның Берн қаласында үшбу тілді қолдануға тыйым салады!
Мұндай шешім 1327 жылы Zwickau-да, Лейпзигте үшбу тілді қолдануға тыйым салады.
1424 жылы Мейссенде бұл тілді қолдануға тыйым салады. Тек қана Милсени мен Луситзер аймағында ғана мұндай қатаң тыйымдар болмағандықтан, бейбақ тіл осы аумақтарда ғана аман-есен сақталынып қалған. Сонан жалғасып, үзілмей, осы күнге жеткен. Ал,17-шы ғасырда үшбу сорлы һам бақытсыз тілдің қолданушылары 300 мың адамға дейін жеткен. Ескерте кетейік, бұл сол заманда, өте жоғары көрсеткіш. Егер, басынан бағы таймағанда, шектелмегенде ол замандағы 300 мың қазіргі 55 мыңға түспес еді, керісінше, миллиондаған санға қарай еселеп өскен болар еді. Бірақ, бұл күнде, үшбу славян текті жұрттың тілі өлім халінде жатыр...
Себебі неде?
Немістер оларды атқан жоқ, қырған жоқ, қырғындаған жоқ. Бар болғаны-олардың тілінің қолданыс аясын тарылтып тастады! Оның озінде де заң арқылы! Соның нәтижесінде, заңмен қудаланған тілде сөйлеуге, сол тілде оқуға ең әуелі сол халықтың өзі құлықсыз болды. Себебі, бұл тіл олардың өмір сүруі үшін керексіз еді. Дұрыстап өмір сүру үшін неміс тілін білуге міндеттелді. Міне, осы саясаттың нәтижесінде, ту сонау 6-ғасырда неміс жеріне аяқ басқан сорлы славян текті жұрт бүгінде құрып-жоғалудың аз ғана алдында тұр. Алдағы 20-30 жылда бұл тіл жоғалады.
Демек, сенің ғасырлардан ғасырларға жалғасқан асыл мәдениетіңді, алтыннан ардақты тіліңді құрту дегеніңіз қолында билік құзыреті бар өктем ұлт үшін аса оңай жұмыс. Заң арқылы сенің тіліңді тұншықтырып, өздігінен құрып-жоғалатын жолға сала қояды. Бар болғаны сол! Бір таңба басылған, бірнеше қол қойылған бір бет қағаз арқылы-ақ, миллион адамыңның ауызындағы тіліне бұғау сала салады! Құрығаның сонан басталады. Яғни, сенің тілің өлім жазасына тартылады! Ал, тілге кесілген мұндай өлім жазасы бір сәтте атқарылмайды, ол ,біз білетін, басты шауып түсетін қайқы қылыш емес. Бірақ, минуттап, сағаттап, сол тілде сөйлейтін әрбір жеке тұлғаны қысым астына алу арқылы ең соңында өзіңді, өзіңнің ана тіліңді қан шығармай бауыздайды! Өлген деген сол! Құрыған деген сол!
Күрескерлігі, қайсарлылығы, батырлығы, ержүректігі, дарқандығы қазақпен пара-пар болатын бір жұрт, бір ұлт бар делінсе, әрине, түркі тұқымды туыстарымыз бұл есептің сыртында, жер бетінде бұл атақ-мәртебеге лайықтылау болатын бір ғана ұлт бар шығар-ау. Менше, ол – ирландтар.
Ирланд халқының тағдыры қазақтармен ұқсап қалады. Екеуі де тағдырдың тәлкегімен нән, жаулаушы, тойымсыз, қатыгез, қырғындағыш, жойғыш, алып империяның көршісі болған да қалған. Алланың қалауы сол! Ирландтардың ссоры жер – әлемді жаулап, күнбатпас империя құрған Англо-саксондармен қоңсы болған болса, қазақтардың соры үшбу ирландтардан да мол болды. Мол болғанда да ересен мол болды. Ирландтар тарих бойына жалғыз жауымен өле-өлгенше, қара тұяқтан хал кеткенше айқасқан болса, қазақ халқы айналасындағы барша жауымен аянбай алысты. Оны қазақтың арғы-бергі тарихынан білеміз. Алыстағы қазақ тарихын айтсақ, ту сонау қара қытай Талас-Тараз өңіріне шабуыл жасағаннан бастап, онан бұрынғы және кейінгі замандардағы Қызылбас қырғындары, онан соңғы Шыңғыс хан заманы, онан кейінгі шүршіт заманы, жоңғар заманы, орыс заманы, қоқан заманы... деп кете береді. Бір жауының бетін қайтарып немесе тұқымын тұздай құртып, енді-енді үһ деп демала берген қазақтың дұрыстап бел жазуға да мұрсасы болған жоқ. Біздің барша тарихымыз тек қана соғыспен, қанды қырғынмен ғана байланысты болды! Біз, сол үшін де қазақпыз, қазақ демекдүр - батыр демекдүр! Жер бетінде ешқандай халық тура біздің халқымыздай күн кешкен емес! Біз – адамзат тарихындағы мұғжизамыз!
Енді, осы ирланд тілінің қазақ тілі сынды ауыр да қасыретті жағдайына назар салалық.
Ирланд тілі мен қазақ тілінің қазіргі жағдайы тым ұқсас! Ұқсас болғанда да мұндай ұқсастықты табу мүмкін емес! Ағылшындардың ұзақ замандық қоршылығы мен тепкісі кесірінен, мұндағы ирландтардың басым көпшілігі өз ана тілін ұмытқан! Ашығын айтқанда, ұмыттырған! Міне, қандай ұқсастық! Өзінің елін, өзінің жерін жаулап алуды мақсат еткен жау келгенде, қасық қаны қалғанша қайсарлықпен алысқан қайсар жұрт өз тілін жаулауға келген жаумен алысуға дәрменсіздік танытқан! Мұндай тағдыр біздің қазақ тілінің басында дәл қазіргі күны бар.

shyn.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз