КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


    Дүниедегі адами барша құбылыс – Тілдің жасампаздығы мен жойымпаздығы. Өйткені, Адамның да, Ұлт Рухының да басты «құралы мен қаруы» – Тіл. Ал, біздің Ата Тіліміз мемлекеттік өз мәртебесіне лайық өмір сүруде ме? Статистикаға сенсек: «мемлекеттік Тіл жылдан жылға өркендеу үстінде». Рас, оны да жоққа шығаруға болмайды, ілгерілеу бар. Бірақ, өркениет орталықтары саналмыш қалақалаларымыздағы көше-көшелердегі барша қазақша самбырдың жазбаша сықпытынан жаныңыз түршігеді! Табандатқан жиырма бес жылдайғы азаттығымыздың сауаттық саламаты сондай сиықта! Аудармашылар болмаса, Қазақтың «көк өгіз»-тірлігінің көріне «арам қататыны» да анық аңғарылады. Оған биліктегі азаматтарымыздың көбісінің шалақазақтығы, «аралас мектеп» дерті, ұрпағымызды «күшігінен таланған» дүбәрә етерлік «үштұғырлы тіл» саясаты, ел кеңістігінің түрлі шетелдік «құндылықтар» экспансиясына айқара ашықтығы, т.с.с. өзге де сандаған сорлылықтарды қосып қойыңыз. Соның бәріне ішің қан жылап отырғанда, мынадай құбылыстар да ойға оралмақ. Мәселен, «өлген» елдің тілінің белгілі бір мөлшерде «тірі» қалатын жағдайы да болады. Тілдің ондай мықтылығына латын (түпнұсқасы: «Ал Өн») тілі дәлел. Керісінше, тіліне мықты қайбір қайсар елдер өз тірлігінешқандай атамекенсіз-ақ, мемлекеттіліксіз-ақ жаманды-жақсылы жалғастыра бермекке қауқарлы. Оған бір дәлел – соноу курд халқы. Ондай ел құлдыққа түссе де құрып кетпейді. Бірақ, Тілі болмаса, кез келген ел сәтке де өмір сүре алмайды! Тіл құдіреті дегеніңіз сол, әне! Енді ежелден мәлім сол қарапайым қағидатты да Астанадағы әр министрлікке ауылда отырған біз барып түсіндіріп жүруіміз керек пе?!
    Тіл – елдің барша тірлігінің тұтас архитектоникасын асқақтата ұстап тұратын рухани Атлант. Ол «Атлантпен» бақ таластыратындар пайда болса-ақ, – бітті, түптің түбінде, «қара аспан жерге құлайды» дей беріңіз! Украинадағы жағдайдың да, негізінен алғанда, Тіл мәселесінен ушыққандығы сондықтан. Кезінде ақпатшалық-қызылпатшалық орыс империясы өз езгісіндегі жүзге жуық ұлттар мен ұлыстар тілін түбірімен жойып жібергендігін тұп-тура Қазақ секілді жойқын геноцидке ұшыраған һәм Ресей жақтағы шығыс өңірлері (біздің шығыс пен батыс және солтүстік өңірлеріміз секілді) ақпатшалық заманда-ақ орыспен барынша отарландырылған украин халқы білмейді дейміз бе, білгенде қандай! Ендеше, олардың әсіреұлтшыл болмауға амалы қайсы? Тәубе дейік, Кеңес Одағының ғұмыры қысқа болды; егер ол тағы бір қырық жылға ұзара қалған жағдайда, тұтас Қазақ та түгелдей «иванов» болып кетер еді.
    Жә, біз Қырымның «кімдігі» екендігін де; шығыс украиндық орыстардың сепаратистік ылаңдарын да; өз федерациясындағы монотілдік диктатты «ұмытып», Украинаның қостілді федерация болуын көксеп жүрген ресейлік дипломатияны да; ресейлік БАҚ-тың өздеріне ғана тиімді ақпарат таратудағы асқан «шеберлігін» де талдап жатпаймыз. Украиналық оқиғалар ішінде бізді ерекше тіксіндіргені – сондағы орыстілді украиндардың да орыстың «сойылын соғып» шыға келгендігі! Ол да – заңдылық. Себебі, Тіл – Тектен де күшті алапат. Адам санасы қай ұлттың тілінде сөйлеп түбегейлі қалыптасса, адамның өзі де сол ұлттың жолында өледі. Артық айтқандық немесе әдейі жала жапқандық емес; алда-жалда басымызға күн туа қалса, орыстілді өз қандастарымыз ішіндегі әбден «қағынан жерігендерден» де аяушылық күтудің өзі бекершілік болатындай; өз басымыз күнделікті тіршілікте де сол бауырлар без­бүйректігінің айқын нышандарын үнемі байқап қалып жүреміз. Ресейлік Орыстың бұрынғы кеңестік өзге республикалардағы қандастары тұрмақ, «ондағы орыстілділерді де қоса қорғамақ» болып жүргендегі «бауырмалдығы» да – дәл сондай тіл факторынанегізделген басқыншылық саясат. Әйтпесе, «тәуелсіз бір елдің төл азаматтарын өзге бір елдің қорғамағы дұрыс!» деп ойлаудың өзі күлкілі әрі қорқынышты емес пе! Бүгіндері бүкіл әлем Ресейдің сондай күлкілі де қорқынышты «бауырмалдығын» Украинадағы жағдайлардан анық көріп-біліп отыр; ондағы империялық принцип: «бей своих, чтобы чужие боялись!» (қайран қазақтікі керісінше: «жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін!») Өзінің қаны бір славяндық хахол («Хах Ол»; дұрысы: «Көк Ұл») туысын да аямай жатқан орыс өзгені аяйды дегенге қалай сенерсің; Құдай бетін аулақ қылсын, украиналық дағдарысқа ұқсас ауыртпалық біздің басымызға түспесін деп тілейік. «Түсе қалса, бір кездегі аталарымыздың «қара орыс (казак; казачество. – Т.Ә.) келіп кеткен соң, сары орыспен жылап көрісерсің!» түріндегі қасіретті жұбанышының өзі бізге арман болып қалмай ма?» деп те шошисың еріксіз. Онда да, орыс пен орыстілділерден шошымайсың, олардың басым бөлігіндегі «ұлы орыстық» қатерлі амбициядан шошисың.
    Ресейдің әлгіндей «бауырмалдығына» өткеннен де бір мысал. Азаттығымызды алған жылдан бастап, біздегі қалың орыс та «есің барда елің тап» ұстанымымен өз Отанына үдере көшті. Содан, көп ұзамай-ақ, солардың көбі жылап-еңіреп, Қазақстанға қайтып келді. Сондағы айтқандары: «ондағы орыстар бізді «қазақтар» деп кемсітіп күн көрсетпеді, өздері өлгенше арақ ішеді екен, қазақтарға тән бауырмалдық мінез мүлде жоқ!..».Өкінесің әрине, сол жылап-еңіреген орыстардың сол шынайы кейіптерінің мәнісін ел тұтастығы мен тіл мүддесіне жұмыс істейтін ізгі шараға айналдыру да сол кездегі біздің ішкісаясаттық Канцеляриямыздың қаперіне кіріп те шықпады. Елдің мерейін үстеп, тыныштығын баянды етерлік сондай идеологиялық мүмкіндіктерге мұрындық болатын аса айлалы да тапқыр саясат өнері бізде атымен жоқ. Сыртқы саясатымыздың да опындырар тұстары аз емес. Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты еңбек миграциясындағы тіл мәселесінің оңды шешіле қоймайтындығын алдын-ала іштей сезінетіндігіміз де сондықтан. Ұтылатын – тағы да қазақ халқы. Өйткені, Ресей мен Беларуське жұмыс іздеп тентірейтін қандастарымыз жоқтың қасы, шетке шықпақ қай қазақтың да орыс тілін білетіндігі және даусыз. Ал, келімсек славян (дұрысы: «саловян») ағайындарға біздің тілімізді меңгеруге өздерінің әдеттегі «империялық көкірегі» ерік бермейді. Ондай кеудемсоқтықты біз ағылшындық, қытайлық еңбек мигранттарынан да көріп отырмыз. Империялық кеудесі бар олар да еліміздегі басты ұлтаралық қатынас тілін империялық орыс тілі деп қана біледі. Ұлан-ғайыр жер-суымыз бен елді мекендеріміздің отарлық замандарда жаппай қасақана славяндандырылған-православияландырылған байырғы қасиетті атауларының қайта қалпына келуіне де өлердей қарсыласып отырған славяндық диаспоралардың басым бөлігіндегі (тіпті, соңғы жойқын легінің елімізге келгеніне тура алпыс жыл болса да, қазақтың алты сөзін де білгісі келмеген ол ағайындардың кез келген қаламыздағы «Объездная», «Тупиковая» секілді түкке тұрғысыз жыпырлақ көше атауларын да сол орыстық қалпында сақтап қалғысы келетінін қайтерсің!) һәм орыстілді өз қандастарымыздың «қағынан жеріген» топтарындағы астамшыл көкірек тағы бар. Яғни, ел ішінде қазақ тілін білуге құлқы жоқ орыстар мен орыстілділердің бұқаралық қарасы барған сайын зорая береді деген сөз. Сонда оларға «Қазақ Тілін неге білмейсің?» деп кінә да таға алмайсың. Өйткені, Ата Заңымызда орыс тілінің мемлекеттік Тілмен тең дәрежедегі арнайы статусы тұрғанда, қазақ тілін үйрену үшін өле жанталасатындай, оларды жын қағып па сонша? Жалпы, біз төбесіне жай түсердей болғанда ғана Жаратқанға жалбарына бастайтын алаңғасар әпендеге қатты ұқсаймыз. Оған бір ғана мысал келтірейік. Көптен бері «түйесі тұралап, өзі мызғып кеткен «Нұрлы Көшіміз» Украинадағы сұрапыл сепаратизм дүмпулерінен кенет «оянып кетіп», енді ғана, қазағы өте аз солтүстік аймақтар мен батысқа һәм шығысқа қарай жосылмақшы. Бірақ, Елбасының соңғы жылдардағы мерзімдік тапсырмаларының дер кезінде үштен бірінің ғана орындалғанын ескерсек, «аспанға тымақ ату» уақытының әлі тым-тым алыста екендігін де түсінеміз.
    Елбасының мемлекеттік Тілді меңгеруге қатысты «он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады ғой!» түріндегі тарихи сарказмдық мәтелінің дүниеге келгеніне де он жылдай уақыт өтіпті. Бәрібір, жағдайдың жақсарар түрі көрінбейді. Есесіне, даңғаза насихаты Қазақтың өзін де қатардағы бір диаспораға түбегейлі айналдырып жібергендей болғандығы мектеп оқушысына да белгілі «Қазақстан – көпұлтты мемлекет!» деген жалған ұранкүн өткен сайын бұрқанып барады. Енді не істемек керек?.. Мұндайда өзіміз барынша әлпештеп отырған әрі атағы әлемге әйгілі Қазақстан халқы Ассамблеясы еске түседі. Әрине қуанасың, ол Ассамблея мерейінің аясында еліміздегі барша диаспоралар өз тарихи отандарындағы қамқорлықтан бірде-бір кем емес жағдайда, өз тілдерінде, өз салт-дәстүрлерімен емін-еркін өмір сүріп жатыр! Алайда, олар сол Ассамблея Шаңырағының да Қазақ Шаңырағы, Қазақ Тілінің Шаңырағы екендігін де; өздерінің бүгінгідей бақуатқа жетулерінің басты сыры, ең алдымен, Қазақ халқының кеңпейілділігі мен бауырмалдығында екендігін де мүлде ұмытып кеткенге ұқсайды. Ұмытпаса, олар Қазақтың бас қайғысына айналған Ата Тілінің аянышты тағдыры жолында әлдеқашан-ақ аттандап шықпас па еді? Қауым-қауым ол әлеуметтің ондай әлеуетті әділеттілігі еш байқалмайды. Сонда олар Қазақты құр мадақтай беруді қоя тұрып: «ойпырм-ой, осы біздің кәдімгі адамдық ар-ұятымыз қайда; Ел Ійесі ретіндегі кеңқолтық Қазақтың ерекше мейіріне деген ағайындық парызымыз қайда; қай-қайсысымыздың да тарихи өз Отанымыз бола тұра, Қазақстанның алдымен Қазақтың Отаны екендігін мойындамайтындығымыз қалай; бәрінен бұрын, мемлекеттік Тіл алдындағы азаматтық міндетіміз қайда?»-лап, неге бір сәт ойланбайды екен деп те күйзелесің. Ол проблемалар туралы орыстілді қазақстандық БАҚ та әлі күнге дейін жұмған аузын ашқан емес. Керісінше, қазақ мүддесі талқыға түскен сайын, қашанда «тырнақ астынан кір іздеп», әлек-шәлегі шығады да жүреді. Қарайықшы, мемлекеттік Тіл туралы Заң қабылданғаннан бері, міне, ширек ғасыр өтіпті! Адамның аттай екі мүшел жасы! Осы уақыт ішінде Елбасы ескерткен «аюды» полиглотқа айналдыруға да болатын еді ғой! Ол ескертпеден де түк өнбеді, түрлі-түрлі диаспоралар ішіндегі амбиция «аюларына» тіл үйрету азабы қиямет-қайымнан да қиын болып шықты. Ашығын айтайық, бұл – Қазақстанға ғана тән бейбастақтық! Егер, мемлекеттік Тілді менсінбей жүргендеріміз тағдырдың айдауымен араб елдеріне немесе Батыс Европаға, тіпті, шағын-шағын Балтық елдеріне тап болсыншы, олар солардың тілін айналасы бес-алты айдың ішінде-ақ үйреніп алуға еріксіз мәжбүр болар еді; онда да, онысының өзі күнелтпекке ғана жарар еді! Соны жақсы білетін Қазақ та адам баласы ғой, мемлекеттік Тілге деген мемлекеттік масштабтағы ширек ғасырлық әділетсіздік пен мазаққа; Қазақ Тілі тірлігіндегі «бір қадам – алға, екі қадам – артқа» тенденциясының барған сайын күшейіп бара жатқандығына күндерде-күн Оның шыдай алмауы да; соған қарай, болмашы бір себептен орасан «өрт» шығып кетуі де бек мүмкін. Тіпті, шыдайды дегеннің өзінде, ол шыдамныңбір бес жылға ғана әзер жететіндігін енді әркім де түсінуі керек. Арандатқандық емес, «психопатиялық арифметиканың» дәл сондай екендігін байқампаз жұрттың бәрі біледі: 25 жылғы сабыр+5 жылғы тағат=30 жылғы шыдам. Яғни, ықылас пен пейіл болса, кез келген тілді тәп-тәуір меңгерудің ары кеткенде бір-екі жылдан аспайтын қарекетінің Мемлекеттік Тілге келгенде бақандай отыз жылға созылмағына тырп етпей шыдап отырмақтық! Қазақ Тілінің КСРО кезінде құрып кете жаздағанын қоса есептесеңіз, – ғасырға жуықуақытқа төтеп берген қазақы ерен төзім! Қас албастыға да «астапыралла!» дегізер сұмдық! Қазіргі әлем жүз жыл тұрмақ, бірер күнде-ақ өзгеріп кетіп жатыр! Ал, ұзақ жылдарға арналған мемлекеттік тіл бағдарламаларының ел ішінде қисапсыз театральді көріністер ғана туындататын саяси сценарийлерге өте-мөте ұқсастығы, ол да жаныңды «кеміре» түседі. Демек, біз айтып отырған «ендігі бір бес жылғы тағат» жөнінде өкіметтік төтенше қаулының жедел қабылдануы қажет-ақ! Қандай мазмұнда? «Алдағы бес жылдан соң, Мемлекеттік Тіл алдындағы отандық міндет әр азаматтан қатаң талап етіледі!». Ғасырдан ғасырға өткен қазақы төзімнен кейінгі ондай әділетті талапқа (тіл үйрену үшін, бес жылдың өзі өте көп уақыт!) бір қарсы шықса, барып тұрған арсыздар мен шовинистер ғана қарсы шықпақ. Енді ондайлар қарсы шығады екен деп қорқақтап немесе Ресейден де үнемі қалтырай берсек, ешқандай да «қара аспан төндіргендік» емес, өзіміз армандап жүрген «2050»-ге таман баршамыздың «орыстілді қазақстандық ұлт» болуға біржолата бет бұрып кетуіміз де әбден мүмкін. Аталмыш «қаулының» кезек күттірмейтін басты мәселе екендігі де содан. Тіл Заңына арнайы түзетулер енгізілуіне де сеп боларлық ондай қаулының сөзсіз қабылдануына әуелде кімдердің бастамашы болмағы орынды? Әрине, Ел мен Жердің бірден-бір заңды Ійесі ретіндегі Қазақтан күні бүгінге дейін еш алалық көрмей, өз тілдерінде емін-еркін тірлік етіп жатқан қазақстандық диаспоралар; Парламентімізде депутаттары қасқайып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы; әне, ең әуелі солардың бастамашы болмағы орынды. Орынды ғана емес, міндетті!
    Қош, енді, Тілге қатысты барша сұрақтарының жауабы бір ғана мәніске тоғысатын басты проблемаға келейік. Мысалы, еліміздегі орыс диаспорасы басым бөлігінің де, барынша орыстанғандардың (олардың «нағыз орыс» екендігінің мәнісі жоғарыда айтылды) басым бөлігінің де мемлекеттік Тілді менсінбеуі олардың бойында бұрыннан қалған «ұлыорыстық» амбицияға ғана байланысты ма? Олай болса, славяндықтардан өзге ұлт өкілдері басым бөлігінің де ресми қарым-қатынаста тек орыс тілін қолданатындығының себебі неде, орыс тілінің ерекше статусында ғана ма? Ең масқарасы, орыстілді өз қандастарымыздың айтарлықтай бөлігінің де (үрім-бұтағымен қоса!) шүлдірлеуден бір танбайтындығы ше, кешегі қызылорыс патшалығы қасақана мәжбүрлеген «коммунизм тіліне» әбден құлданып алғандық қана ма?.. Осындай көптеген сұрақтардың бәрінің орыстық, орыс­тілділік ең басты жауабы: «орыс тілі – қазақ тілінен артық тіл!». Неге? «Себебі, қазақ – өзіндік төл жазу-сызуы да, тұрақты атамекені де болмаған; теоло­гия­лық тұрғыда «тәңір» деген сөзден басқа ештеңе білмеген, яғни, өзіндік төл діні де, дүниетанымы да жоқ; «шежіре» деген шатпақтарынан өзге «тарихы» да жоқ; әншейін бір, әлемдік өркениеттен тысқары кеңістікте мал соңынан салпаңдап жүре берген; кейін, ақпатшалық-қызылпатшалық орысқа малай болғандығының арқасында ғана бірдемелерді үйреніп, жұрт бола бастаған жабайы-көшпелі». Міне, қысқа қайырғанда, орыс тілін «өркениет тілі» деп білетін «отандастарымыздың» Қазақ Еліне деген көзқарасы да, пиғылы да шамамен әлі күнге дейін осындай. «Тіл = Ел» қағидаты бойынша, қазақ тілінің «көшпелі надандардың мешел тілі» саналатындығы да сондықтан. Ол мазақты жасырғаннан не пайда? Ал, орыстар ше? «Ой-хой, ежелден отырық­шы орыс халқы керемет қой, өйткені,..». Он­дай шұбыртпа мадақтың тоқ етері белгілі: «Әлемде отырықшы орысқа тең келер дегдар ел кемде-кем! Ондай елдің тілі неге бекзат болмасын!». Оның үстіне, биліктегілеріміздің ұдайы сар­нап ба­ға­тын саясатының жалпы пошы­мы­ның мынандай екендігі және бар: «біз – кешегі көшпелі қазақ елі – бәрінен артта қалған сорлы елміз; өркениеттілікті ежелгі отырықшы елдерден үйренуіміз керек!..». Ұдайы даурықпаланатын сондай-сондай қызыл сөз алапатындағы толқын-толқын өз ұрпағымыздың «өркениетсіз қазақтықтан» әбден қорланып, бірыңғай орыс­шылданып, батысшылданып, ағыл­шыншылданып бара жатқанына енді несіне таң қаламыз? Әділетінде, жоғарыдағыдай түсініктердің бәрі де – ақымақтық пайымдар. Ақиқат-тың мүлде керісінше екендігі жөнінде біз «Ұлттық Йс пен «көптілділік» һәм ұлт­тық идеология» атты мақаламызда да (ҚӘ. №№ 47-50. 2012) бірталай сөз айтқанбыз. Мәселен, өз қаракөз жастарымызға да «мал бағуды ғана білген» өз ұлтынан (сәйкесінше, өз Тілінен) гөрі, техникасы дамыған өзгелердің (өзге тілдердің) қасиетті көрінбегіндегі басты себеп: «ғылыми-техникалық прогресс – өркениеттіліктің басты сипаты» деген жаңсақ пайым. Өркениет ғылыми-техникалық даму емес, – адамдық кемелдену. Адамдық кемелдену Ілімі о бастан-ақ, – жасампаз Табиғатпен ұдайы бірге тыныстаған көшпелілердің Ілімі. «Көшпелі мен Отырықшы болмыстарындағы табиғи қарама-қарсылық заңдылықтары» ғылымы жолында жүрген азаматтар оны жақсы біледі. «Орыс тілі – қазақ тілінен артық тіл!» деген түсініктің на­ғыз қиянат екендігі де сол ғылымның қағидаттары бойынша дөп айқындалмақ. Яғни, мыңдағанжылдық табиғи-тарихи фактілер халықтардың нәсілі мен ұлтына қарамайды, ақиқатты ғана айтады. Төмендегі бес тұжырымның орыс пен орыстілділерді жек көрушілікпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығы да сондықтан.
    «Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың законына ер­ген; сондықтан, тілі азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған» (Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы. «Ана тілі», 1992. 396-б.). Осы аксиоманы қысқа да нұсқа түсіндіре кетсек. Әуелі, мұндағы «қазақ» – көшпелі ел. Көшпелінің басты ұстанымы ежелден – рухани-парасаттылық даму. Жазу-сызудан туындайтын ырғын дүниені ұлан-ғайыр ұлы Түзде үнемі азаптана арлы-берлі «арқалап» жүру – Көшпеліге мүлде тиімсіз шаруа. Оның жазуды қажетсінбегендігі де содан. Ал, жазуды қолданбау – жад мықтылығына кепіл. Жад мықтылығы – тіл мықтылығы мен тіл тазалығының кепілі. Өзгелермен салыстырғанда, күні кеше ғана отырықшыланған Қазақ Тілінің мықтылығы да; мыңдаған жылдық руханияты басым бөлігінің ешқандай жазусыз, сызусыз, нотасыз-ақ таза сақталып қалғандығы да сол себепті. Керісінше, «табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған өзгелер» – материалдық-техникалық дамуды басты ұстаным еткен, ежелден жазу-сызуы бар отырықшы жұрттар. Солардың бірі – орыс. Демек, тіл ғылымы бойынша, орыс тілі – «азған» тіл. Бұл – бірінші тұжырым. Ал, мәнісі «жазуға сенген – жаңылшақ, оқуға сенген – ұмытшақ» (дұрысы: «жазуға сенген – ұмытшақ, оқуға сенген – жаңылшақ») нақылымен анықталатын жадсыздық қасіретін ойлай бастасақ, тарих пен дүниетанымның ұмытылуынан (соның кесірінен жалған тарих құрастыру мен жалған дүниетаным қалыптастырудан) басталатын талай-талай опасыз дүниелер көз алдыңызға келеді. Жадқа сенбей, жазуға сенген отырықшы жұрттардың бәрі дерлік сондай тақсыретке тап болғандар. Сондағы, жадсыздануға себепкер басты бір зұлматты былайша мантықтамақ жөн:отырықшылардың мыңдаған жылдар бойы басқыншылық пиғылдан бір айнымай, өзара ұдайы кескілесулері кесірінен, олардың жадқа сенбей, жазу-сызуға сенгендегі рухани барша құндылықтары да үнемі жойылып кетіп, ол құндылықтарға жетік әулие-абыздары да ұдайы қырылып қалып отырады. Сондай зобалаңдарды басынан талай өткерген отырықшы орыс та, логика бойынша, – «тарихы мен дүниетанымы жалғанданған жадсыз халық» сипатында. Бұл – екінші тұжырым. Орыстың тіпті бертінгі өз елдік атауын да ұмытып қалғандығы сондықтан: Ырыс – Арыс («Орыс») – Русь (Росс) – Рус(ский). Ұлттың олайша «ский» аталуының өзі де өрескел.Әрине, орыстағыдай сұрапыл болмаса да, жадсыздану құбылысы Қазаққа да тән.
    Орыстың «жадсыздығы мен тілінің азғандығына» мың сан дәлел келтіруге болады. Біз әдеттегідей бір ғана мысалмен шектелейік. Мәселен, «Тіл = Ел» ақиқатына орай, ел болмысын қашан да Тіл айқындап тұрады. «Тіл»деген сөздің айырықша қастерлі саналатындығы да содан. Ендеше, басқаны былай қоя тұрып, орыс бауырымыздың «Тіл» деген мәндегі ең аяулы «Язык» сөзін бағамдап көрейікші. Алдымен, «Йазык» түрінде болуы тиіс осы «Язык» сөзін «язычник (йазык–нікі) – «степняк» пайымы [О.Сүлейменов. «Аз и Я». стр. 497.] негізінде саралауға әсте болмайтындығын ескерейік. Себебі, «Йазық» (Тіл.,) пен «Йазық» (равнина, «степь») – омоним сөздер.
    Орыс түсінігіндегі «Йазык» (Тіл.,) сөзінің мағыналары қазақтың «Тіл» деген сөзінің етістіктік мәнінен өзге мағыналарымен толық сәйкес келеді. Алайда, көп мағыналы «йаз» (жаз; күнәлі бол;.,) сөзінен өркендейтін «Йазык» (Жазық») сөзі қазақ тілінде «кінә», «күнә», «қылмыс» деген мағыналарды да білдіреді. Солардың бәрін біріктіре қа­рас­тырғандарға «Йазық» (Язык) яки «Жазық» Сөзінің «кінәлі-күнәлі Тіл» деген жұмбақ мәні айқындалмақ. Оның мәнісін «адам Тілінен ж а з а д ы , сиыр – мүйізінен» деп басталатын көптеген мақал-мәтелдер ұғындырмақ. Соған орай, төмендегі ғылыми б е с фактіге мұқият ден қоялық.
    Бағзы бабаларымыз кемел түзген Б е с­ т а н ы м (Адамтану, Табиғаттану, Күнтану, Ғарыштану, Тәңіртану) Ілімі бойынша, «Естің он екі мүшесінің бірі – Тіл». Ол туралы біз «Ұлттық Йс пен «көптілділік» һәм ұлттық идеология» атты мақаламызда баян еткенбіз. Ал, Тілдің көнедегі көптеген атауларының бірі – көпмағыналы«Өт» (қылшылда, өткір Тіл.,) Сөзі. Етістіктік мәніс жағынан да: Тіл (өткірдің жүзімен ес.,) = Өт (қылшылда.,).Демек, «ЕСтің он екі мүшесінің бірі – ӨТ». «Азған» жұрттар («азған» тілдер) сөздерінің де, дүние­танымдарының да «азбақтығына» сай, осындағы «ЕС» пен «ӨТ» Сөздерінің де «и+ИС(ус)», «и+УД»+а» түрінде бүліне тірлік етпегі заңды. Яғни, б і р і н ш і д е н, бүлінгі «и+ИС+ус»-тың таза нұсқасы – басты мәндері «өткір Рух», «өткір Сана» дегенді білдіретін көпмағыналы «ЕС» Сөзі. Е к і н ш і д е н, бүлінгі «и+УД»+а»-ның таза нұсқасы – «өткір Тіл» дегенді білдіретін көне «ӨТ» Сөзі. 
    Ү ш і н ш і д е н, «Естің он екі мүшесінің бірі – Өт (Тіл)» нақылы. «Басқа пәле – Тілден» мәтелі бойынша, «Естің он екі мүшесінің пәлелі бірі – «Өт (Тіл)» қағидасына айналатын ол нақылдың христиандық жалған түрі –«Иисустың он екі шәкіртінің сатқын бірі – Иуда» түсінігі. Т ө р т і н ш і д е н, «Өт («Иуда»-Тіл) айналасындағы отыз (екі) тіс» ұғымының христиандық жалған түрі – «Иуданың отыз сөлкебайы». 
Б е с і н ш і д е н, бағзы «Өт (Тіл) – Ес Қаруы» нақылының христиандық жалған түрі – «и+Уд+а Ис Кари+(о)т» (евр. «Иуда – муж из Кариота»). Ал, Тіл Естің «қаруы» ғана емес, «құралы» болып та табылады.
    Мыңдаған жылдық догматизмнен санасы әбден «сарсып» кеткендер ғана мойындамайтын осы бес дәлелдің өзі-ақ христиандықтың идеялық біртұтас жүйесін талқандап жіберетіндігін тәптіштеп жатудың өзі артық. Әне, Қазақ Тілі (Дүниетанымы) арқылы қарастырғанда, «Йазық» (грешный Язык) пен «Өт» («Иуда»-Язык) сөздерінің астарынан «азған» тіл («азған» дүниетаным) кесірінен өрескел бұзылған, көнедегі сондай кемел таным қағидалары қайыра жайнап-жайнап шыға келеді! Алайда, әділін айту керек, орыс бауырымыз «Йа­зық» (Язык) сөзінің «кінәлі-күнәлі Тіл» деген бағзы мағынасынан бейхабар болса да, Тіл «дұшпандығын» жақсы біледі:«Язык мой – враг мой».
    «Йазық» («Язык») – өте киелі көне сөз. Оның көпмағыналы «Йаз» (Жаз) түбірінен бастап, бәр мағынасын Сөзтаным мен Бестаным арқылы тұтастыра зерделей білгендерге, бір сипаты Жазмыш бол-ып та табылатын Тілдің әрі жасампаз, әрі жойымпаз болмысы хақындағы қ а з а қ ы көне концепция анықталады. Тіл («Иуда») жасампаздығы жөніндегі бағзы кемел таным жүйесінің апокрифтік «Иуда Інжілінен» анық байқалатындығы да содан. Өйткені, Тіл мен адамды өлтіруге де, өлген адамды қайта тірілтуге де болады. Соңғысы Қазақ Дүниетанымында «Дем салу» (Жан салу) деп аталады.
    Сонымен, «жаңаөсиеттік» біртұтас доктрина жүйесін «ЕС» («Иисус») пен «ӨТ» («Иуда») терминдерінің өзі-ақ жоққа шығаратындығы айтылды. Ол ол ма, мұқым діндердің жалғандығы да Қазақтың асыл Тілі мен кемел Дүниетанымы арқылы дәл солайша тұтас әшкереленеді! Ертеңдері бүкіл адасқақ әлемді де ойландырмай қоймайтын мұндай алабөтен мәлімдеме ешқандай ғылым-білімсіз, зерттеп-зерделеусіз, жайдан-жай айтыла салмайды. Ондай ақиқат талай жылғы азапты еңбектің арқасында ғана ашылады. «Ұлттық Йс пен «көптілділік» һәм ұлттық идеология» атты мақаламызда біз ол жөнінде де біраз әңгіме өрбіткенбіз. Яғни, аталмыш христиандық та, оның ішінде православие де – біздің арғы көшпелі бабаларымыздың кемел дүниетанымы (Бестанымы) негізінде қалыптасқан миф. Бұл – үшінші тұжырым.
    Бестаным бойынша: Тәңір – Құдырет Рух (Құдырет Қош Еге). Адам – «Құдырет Рухқа тартып туған» Кіші Рух. Ал, Рух атаулының басты бір сипаты – жасампаз да жойымпаз Тіл. Құдыретті Құдай да күллі шексіздікті «қаріпсіз, дауыссыз Сөз» (Абай), яғни, «Тіл» арқылы жаратуда. Сол себепті, Рух культінің Тіл культі болып табылатындығы да; ежелгі сол Тіл культінің, орыс қолданысында «Тіл» дегенді білдіретін «Йазық» (Язык) сөзі негізінде, орысша «язычество» аталуы да заңдылық. Бірақ, бір өзі тұтас бір концепцияға ие көп мағыналы сол көне «Йазық» («Язык») термині мен одан туындаған «язычество», «язычник» сөздерінің түпкі бестанымдық мәністерінің ұмытылып, орыс санасында жағымсыз сипат алуы – орыстың «жадсызданғандығынан», тілінің «азғандығынан» һәм шоқынғандығынан.
    Қалай десек те, әңгіме барысында баяндалған жағдаяттардан «Ұлттық Йс...» атты бұрынғы мақаламызда 
А.Айзахметов еңбегінен («Колыбель царей человечества») келтірілген тұжырымның да ақиқат екендігі «тайға таңба басқандай» анық көрінеді. Яғни, әлемдік барша көне о т ы р ы қ ш ы жұрттардың да Түп Тегі болып табылатын ықылымдағы бір протоелдің Ата Тілі мен Дүниетанымын сан мыңдаған жылдар бойы, мәнісі «а ғ ы н с у арам болмайды» нақылы бойынша анықталатын Р у х а н и А ғ ы н түріндегі өзінің к ө ш п е л і өмір сүру салты (КӨСС) арқасында өзінше көркем дамытып, көсем сақтап қалған бірден-бір елдің Қазақ (Қас Сақ)Елі екендігіне енді күмәндануға болмайды. Қазақтың «Ел-Елдің Түбі – бір (Ер-Ердің тілегі – бір)» нақылы да әуелгі сол протоелді меңзейді. Демек, Қазақ Тілі – түпкі т у м а Т і л кейпіндегі өте көне асыл Тіл. Сан тармақ славяндық тілдердің басты бірі ретіндегі орыс тілінің ең жас туынды тіл екендігінің Қазақ Тілі мен Дүниетанымы арқылы бек айқындалатындығы да содан. Талай жылғы зерттеп-зерделеу барысында, біз оған да анық көз жеткізіп отырмыз. Бұл – төртінші тұжырым. Мысалы, өзіміз талдаған «Йазық» (Язык) Сөзі де – орыстың арғы бабаларының туынды тіл түзбей тұрған замандарындағы т у м а т і л д і к сансыз таза Сөздерінің бірі. «Түркизм» я басқа «изм»-дер санатына қосуға болмайтын ондай культтік сипаттағы көне Сөздердің қатары әдетте «Құдай», «Аспан», «Жер», «Патша», «Ел», «Әке», «Шеше», т.с.с. ең қасиетті Сөздерден басталады. Әр халықтағы ондай культтік көне Сөздердің өзге халық (я өзге халықтар) тілінен жаппай енуі де мүмкін емес. Ен­деше, біз орыс тілінің сондай төл Сөздер қатарындағы ең басты, ең қастерлі, бір қ ы р ы қ Сөзін бажайлап көрейікші: 
    1. Господь. 2. Бог (Бох). 3. Небо. 4. Звезда. 5. Солнце. 6. Луч. 7. Луна. 8. Земля. 9. Дажд. 10. Сварог. 11. Перун. 12. Утро. 13. Вечер. 14. Огонь. 15. Вода. 16. Голова (глава). 17. Мысль. 18. Вера. 19. Нрав (норов). 20. Люб(овь). 21. Отче. 22. Мать. 23. Муж. 24. Жена. 25. Сын. 26. Народ. 27. Страна. 28. Государь. 29. Царь. 30. Жрец. 31. Гость. 32. Весть. 33. Престол. 34. Корона. 35. Колыбель. 36. Костер. 37. Кострома. 38. Ярила. 39. Стрела. 40. Покой.
    Орыстың осы төл Сөздерінің байырғы таза түпнұсқалары сәйкесінше мынадай: 1. Қош Біт. 2. Бақ. 3. Өн. 4. Жау-Өс. 5. Жалыншы. 6. Ал Өс. 7. Ал Өн. 8. Жам Ұл. 9. Шаш. 10. Жарық. 11. Мар Өн. 12. Атар. 13. Өшер. 14. Ақ Өн. 15. Өт. 16. Ал. 17. Мұш Ұл. 18. Үр. 19. Ұнар. 20. Леб. 21. Отшы. 22. Біт. 23. Мұш. 24. Жан. 25. Өс-Өн. 26. Өнер. 27. Өсір-Өн. 28. Қош Жар. 29. Жар. 30. Жаршы. 31. Қош. 32. Ес. 33. Ырыс Ұл. 34. Жар-Өн. 35. Күл Ұл. 36. Қош Ыра. 37. Қош Ыра-Ұмай. 38. Жар Ұл. 39. Өсір Ұл. 40. Бақый.
    Өздерінің т у м а т і л д і к ұлан-ғайыр кеңістігінен бөлінбей, яғни, туынды тіл түзбей тұрғандағы бағзы бабаларының культтік бұл түпнұсқа Сөздерінен де; құпия сыры мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақ Тілі арқылы ғана ашылатын бұлардағы ежелгі с ө з т а н ы м д ы қ һәм б е с т а н ы м д ы қ ғылымдардан да орыс халқы мүлде хабарсыз. Соған бір мысал ретінде осындағы «Жам Ұл (Йам Ұл) – Земля» трансформациясын қарастырайық. Көне «Йам Ұл» Сөзі – Күн мен Күн Ійесінің атамзамандағы ұ л д ы қ ипостасының көптеген атауларының бірі. Яғни, Күн (кәдімгі Күннің «Ортаңғы Күн» екендігі «Ұлттық Йс»...» мақаласында айтылған) культіне орай, бұрынғы бір замандарда Күн де, Күннің Рух-Құдайы да, Ол Құдайдың «Жердегі елші-патша»-өкілі де, ондай патшалықтың тәңірлік өзге атрибуттары да «Йам Ұл» аталған. Тіл тірлігіндегі «Й~Ж құбылы арқылы, «Йам Ұл» атауы «Жам Ұл» (Жамұл) түріне өзгеріп, «М+б» симбиозы кесірінен, «Жам+б+ұл» кейпіне енеді. Қазақ түсінігінде, «Жам(б)ұл – тау басындағы қамал-мекен». Культтік ол түсінік бағзы бабаларымыздың көркемтанымдық мына ұғымынан: «ЖАЛҒАН-ДҮНИЕ – «ғаламат биік Тау», КҮН – сол «Таудың» басындағы жұмақ мекен». Бұдан, Күннің «Жамұл» (Жам Ұл) атауына орай, «Жамұл (Күн) – жұмақ мекен» ұғымы пайда болады. Бірақ, славян түсінігінде «Жамұл» (Күн) термині, өзінің «жұмақ мекен» деген анықтамасына орай, «Жер» деген мәндегі «Земля» кейпіне енеді: «Йам Ұл – Жамұл – Замұл – Земыл – Земыла – Землйа». Ал, «Йамұл»-дың «Й~Г» құбылы арқылы түзілетін «Гамұл» (метатезалық түрі: «Гұмал») үлгісінің «Гймал(ай)» түрі мен бүлінгі «Жам+б Ұл» үлгісінің «Шам+б Ал+а» түрінен буддизмдік «Шамбала+Гималай» ертегісінің де түп төркіні анықталмақ. «Күн + «Тау»-Әлем» культі негізінде қалыптасқан ондай сансыз атаулардың бірі: «Йарық + «Тау»-Жалған» (Күн; Күн Құдайы + Бұ Дүние). Оның да христиандық өтірік үлгісі: дағыстандық «Георгий + «Жалған» тау». Яғни, көпмағыналы «Йар» сөзінен туындаған «Йарық» (светозарный; Солнце) термині «паразит» «г» дыбысы кесірінен былайша бүлінеді: «Йарық – Йорық – гЙорг – Георг(ий)». Орыстың жауынгерлік рухының да символына айналған «жеңімпаз Георгий» жайы осы. Қалған отыз тоғызын да дәл осылайша талдауға болатын (бірақ, оны мақала көлемі көтермейді) жоғарыдағы түпнұсқа қырық Сөздің әрқайсысынан орыстың көптеген туынды сөздері және өрбіп шығады. Мысалы, ондағы «Ал Өс» (Алөс) Сөзінің бір өзінен туындаған сансыз орыс сөздерін дұрыс танып-біліп, санамалап шығудың өзі де оңай шаруа емес. Яғни, славяндық тілдер де, сол секілді, әлемдік өзге тілдік топтар да – тума Тілден тараған т у ы н д ы т і л д е р. Сонда былай: өздерінің әубастағы біртілді, күнтекті орасан-зор протоелінен «Күннің толқын-толқын нұры» сипатында заманалар бойы шартарапқа лек-лек ауа көшкен топ-топ туыс жұрттар бір-бірінен ұзақ уақыт бойы оқшауланады; соның кесірінен, тілдері мейлінше жұтаңданады; сол жұтаң-жұтаң қорлар негізінде, «Сөз Сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады» әмбебап заңдылығы бойынша, әрқайсысының өртеңде қаулап өскен өлең-шөптей өзіндік туынды сөз байлығы қалыптасады. Мысалы, көп мағыналы «андро гиниялық» БІТ Сөзінен орыс ағайындардың будь, буди, быть, быт, пята, беда, под, пять, т.т. сөздері тарамдалып шығады. Мұндағы БІТ –«пять» түзілімінің бестанымдық ғылымынан да орыс ағайын дым білмейді. Ондайда айтылатын «білмес» сөзін де олар «балбес» түрінде қолдануда.
    Тегінде, туынды тілдер «құбылғы» және «бүлінгі» болып екіге бөлінеді. Орыс тілі – «бүлінгілер» қатарында. Бұл – бесінші тұжырым. Бүлінгі туынды тілдің басты белгісі – әуелгі тума Тіл сөздерінің мағыналық жағынан да, дыбыстық құрылым жағынан да барынша бүлінуі. Олардан таралған туындытілдік барша сөздердің де сондай «бүлінгі» сипатта болуы заңдылық. Осы айтылғандарға да бір дәлел. Мысалы, жоғарыдағы «Қош Жар», «Ырыс Ұл», «Ес» Сөздерін алайық. Бұл терминдер орыс тілінде бүлінгі «Гос+у Дарь» (государь), «п+Рес+т Ол» (престол), «в+Ес+ть» (весть) сөздеріне айналады. Мұндағы «у», «п», «т», «в» дыбыстары – Сөзді бүлдіретін «паразит» дыбыстар. Тілдегі ондай «паразит» дыбыстарға, ең алдымен, отырықшы тірлік ету салты (ОТЕС) кінәлі. Оны түсіндірудің өзі ұзақ әңгіме, пәлсапалық басты бір сипатын ғана бейнелеп айтайық. Отырықшының тілі – «бір жерден қозғалмайтын қара куб-тас» (отырықшылық символы). Уақыт өткен сайын, ол «мүктенеді», «өзегіне құрт түседі», «астында қырықаяқтар пайда болады», т.с.с. Сондағы «мүк», «құрт», «қырықаяқ» т.т. – «паразит» дыбыстар. Көшпелінің тілі – «домалай өңделумен болатын ақ шар-тас» (көшпелілік символы). Ондай тілде «паразит» дыбыстардың болмауы да сондықтан. Бірақ, қашан да әділін айту керек, қазақ тілінде, көп болмаса да, бүлінгі сөздер кездеседі. Оның да себебі – отырықшылық. Өйткені, негізгі алапат бөлігі КӨСС-ті ұстанған байырғы бабаларымыздың шағын бөлігі ұдайы ОТЕС-ті ұстанған. Сондағы көшпелілік – «еркек Ійе» кейпінде болса, «отырықшылық» – сол көшпелілікке бағына ү й л е с к е н «ұрғашы Кійе» сүгіретінде. Орыс жазмышындағы «үйлесім» керісінше – «қатыгез Қаланың Далаға үстемдігі» түрінде.
    Бүлінгі туынды тілдердегі көптеген ерекшеліктердің бірі – Сөздің (сөздердің) түбірсізденуі. Ол да орыс тіліне тән. Бұл – алтыншы тұжырым. Мысалы, жоғарыдағы Ал Өс (алөс) – луч, Ал Өн (алөн) – Луна (лун+а), Ұнар – норов (нор+ов), Арыс – Русь, т.с.с. Туматілдік сөздердің туынды тілдерде олайша түбірсіздене тірлік етуге көшуі – туындытілдік жұрттардың «тексізденуінің» де ишараты. Ол да – та­би­ғи фактор. Бірақ, ондағы көптеген өкініштердің бастысы: туындытілдік жұрттардың әуелгі бір Тектен өрбитіндігін өздерінің білмеуі, біле қалса, – қасарыса мойындамауы, туматектілерге деген бейсаналық өшпенділігі.
    Әңгімені қорыта келгенде айтарымыз: бір замандарда өзінен тараған бүлінгі туынды тілге бүгінгі күні тума Тіл тәуелді болып отыр. Өз Отанында! Парадокс? Десек те, «орыс тілі – қазақ тілінен артық тіл!» деп жүргендердің аптығын басуға біз келтірген бес дәлел мен алты тұжырымның өзі-ақ жетіп жатыр. Енді солар секілді өзге де сансыз мысалдардың барлығының концепциялық бүткіл көне қағидаларын барынша жан-жақты, түбегейлі талдап-дәлелдеп қана қоймай, оларды қайырлы Қазақ пен Оның қа­сиетті Тілін менсінбей жүрген отандас қалың Қараның (оның ішінде, әсіресе, орыстар пен орыстілділердің) санасына жақсылап орнықтыра білуіміз қажет. Тек сонда ғана Қазақ Тілі шын мәнісінде мемлекеттік Тілге айналады; тек сонда ғана қазақстандықтардың ешқандай дін де, саясат та ешуақытта біріктіре алмайтын алуан мүдделері бір тілек арнасында тоғысатын болады! Ал, Қазақ Тілінің (дүниетанымының) құпиялы қазынасын қазақстандық Қараның санасына орнықтыру – әлемет уақытты талап ететін ересен шаруа. Ол шаруаны әдеттегідей ырғатыла жүріп бастаймыз дегенше, еліміздегі бүгінгі «жалпақшешей» тіл саясаты жағдайды тіптен күрделендіріп жіберері хақ. Жоғарыда сөз болған «қаулының» кезек күттірмейтін аса маңыз­дылығы да сонда. Өкінішке қарай, еліміздегі әр диаспора өзін «кәдімгідей бір ұлтпын!» деп біледі; әрқайсысы – өзінше бір «Мен»! Дүниедегі барлық елдер де – дәл сондай, әсіреөзімшіл пенделік бір-бір «Мен»! Ұдайы «Мен! Мен!» деп менменсіне өрекпіген солардың барлығына аңырая қарап отырғаныңызда, әулие Шаһкерімнің «Адам немене?» өлеңіндегі «Біз!» дейтұғын бір елді таба алмайсың!» деген күйінішті сөзі ойға орала кетеді. Алайда, өркөкірек «Мен»-дерге толы осынау жабайы да қатыгез әлемде «Біз!» дейтұғын жалғыз мәрт Ел бар. Ол Ел – «мой дом – моя крепость!» десіп, жолаушы екеш жолаушыны да үйлеріне жолатпауға тырысатын сараң отырықшылардай емес; кең-байтақ Даласына тартып туғандықтан, толып жатқан ұлт өкілдерінің барлығын «үй іші – толған жансың, бір-біріңе мейман жансың!» деген асқан кеңпейілділікпен, меймандостықпен, мейіріммен бауырына баса, ерекше елжіреп отырған; Тілі де асыл, Дүниетанымы да кемел Қазақ Елі! Ол сол диаспоралардың баршасына «БІЗ!» деп, үнемі еміренген үстіне емірене түседі! «БІЗ! БІЗ! БІЗ!..». Енді сол, періштелік ғажап бауырмалдыққа «қазақстандық ұлттар» санатына кіріп үлгерген анау әлгі жалғыз ассириялық тарапынан болса да, таза қазақ тілінде «СІЗ!» деген бір жауап Сөз бір күні саңқ-қ етіп айтыла кетсе ғой, шіркін!.. Дейсің...

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Семей.
29. 04. 2014.
"Қазақ әдебиеті" газеті
Abai.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз