КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Қазақ тiлiндегi бiр де бiр сөз, не фраза кездейсоқ қалай болса, солай жасала салмаған. Бәрінің де жүйесi бар, түп негізі бар, себеп-салдары бар. Қоғам өміндегі, халық тарихындағы неше алуан әдеби, мәдени, рухани процестердің iзi көп жерлерде тiлден де орын тебедi. Мұның неше алуан дәлелін қайсыбір фразалардан да табамыз. Әрқилы әлеуметтiк факторларға байланысты туған көптеген фразалардың о бастағы мағынасы әлденеше жүздеген жылдарды артқа тастаған соң, көмескiлене бастайды. Тiптi, қайсыбiр компоненттерi өлi мүше ретінде ғана тiркесiп, тiрлiк кешедi. Бұлар қай кезде, қанлай жағдайға байланысты, қалай пайда болған деген мәселелердiң басын ашу оңай шаруа емес. Ал осылардын түп төркiнiн тексерiп, себеп-салдарын анықтаудың тiл тарихы мен мәдениеті үшiн маңызы ерекше.
    Мәселен, "бұл менің қолым емес, Бибіфатиманың қолы "деген фразаны бұрын белгiлi бiр жағдайға ғана байланысты, дiни, тиiстi адамдар ғана айта алады. Мұны ер кiсiлердiң сөз қолданысынан, әрине, таба алмайсыз. Босанғалы жатқан әйелдің белiн ұстаушы кici (эйел) осылай сөйлесе керек. Сондай-ақ ертеде жыныстық ерекшелiкке орай пайда болып, қалыптасқан фразалар қаншама. Тiптi, алғыс-қарғыc мәнді тіркестерін әйелдер қолданысындағы, ерлер қолданысындағы түрлерi бар. Табу, эвфемизмдерге айналған сөздерге барсаң, бұл тақылеттес тіркестердің қалың қатарын тiзiп шығар eдiк. Мысалы, aдыpa қал, көктемей, көктей солғыр, жүгермек келгiр, көк шұнақ қар, желкен қиылғыр, қараң қалғыр, қара басқыр, марту басқыр, төре бала, молда бала, мырза жiгiт, т. б. тек әйелдер лексиконында ұшырасады. Осылардың көбінің қайсыбiр сыңарлары, компоненттерi бастапқы мәнінен алыстап, көнере бастаған. Түбiн тексере келсек, небiр қызық жайттардың бетi ашылады.
    Алайда бiр ескере кететін нәрсе, көрінген сөздi көзiнен тiзiп, төркінін ашамын деп әлек болудың қажетi жоқ, өзiнен-өзi ұғынықты бар, кел, ал, бер, жал, қара, ақ т. т. тәрiздi сөздердің этимологиясын зерттеп жатпаймыз. Жоғарыда ескерiлген рухани, мәдени байланыс нәтижесiнде әр кезде тiлiмiзге енген шет сөздердi, сондай-ақ мағынасы ecкipe бастаған фразалардың сыңарларын таратып талдап беру тiл мәдениетi үшiн аса қажет. Мәселен, ауызекi тiлде жиi қолданылатын пәміл шай, мәміле (мәмілелі) шай тәрiздi варианттас фразеологизмдердің пайда болуы eкi түрлi құбылыспен ұштас. Бiрiнде – орыс тiлiндегi фамильный (чай) сөзiн қазақтар пәміл деп дыбыстық тұлғасын өзгертiп алған. Ал мәміле шай тек тiкелей дыбыс өзгертуден ғана емес, өзгеше мағына таңудан пайда болған. Бұл тіркестер мәміле құрып, әңгіме-дүкен құрып iшетiн шай деген ұғымда қолданылады.
    Ал Атымтайдай жомартқа қарама-қарсы мағынасындағы Қарынбайдай сараң тіркесі ecкi дiни әдебиеттердегі аңыз-әңгіме желісінде пайда болған. Аңызда былай делiнедi: Бұрынгы уақытта байлық Қарынбайдан аспаған, қайыр-садақа бермегенi үшiн оны жер жұтыпты-мыс, алдына салған қара құрым төрт түлiк малы құрт-құмырсқа, бақа-шаянға айналып кeтiптi-мiс. Мұндағы Қарынбай "iшекқарын" деген төл сөзiмiзге тек сырттай ұқсап тұр. Қарынбай – арабтың харун сөзiне қазақтың бай сөзi қосылып жасалған деген жорамалдың жаны бар тәрiздi. Түп төркiнi, тегі әр басқа тiлден құралған мұндай тіркестердің көптеген тiлдерде кездесетiнi белгiлi.
    Ал сырттай ұқсастық жетегінде кетсек, жалған этимология жасап, жаңылыс кету оңай. Мәселен, Л.Будагов сiле сөзiн (сiлейтпек тәрiздi) орыс тiлiндегi сила сөзiмен төркіндес деуi шүбе келтiредi. Ішек-сілесі қатты; тепсінген ердің, терлеген аттың сiлесiне қалма деген тiркестердегi сiле мен орыс тiлiндегi сила кездейсоқ сырттай ғана ұқсастық.
    Егінің өнімдi болсын, астығыңа береке құтайсын дегенді қазақ дихан дарысын дейді. Қазақ тiлiнде дихан егiншi деген мағынада жұмсалатыны белгiлi. Орта Азия халықтарында ертеде жерге бай ақсүйек, алпауытты дихан деп те атаған. Бертiнде бұл сөз "егiншi, қара шаруа" мағынасында қолданылып, семантикалық аясы кеңейе түскен. Ал қазақ тiлiндегi дихан дарысын деген бата-тілектің шығуы бұл сөздің парсы тiлiндегi "жер атасы" деген мифологиялық ұғыммен байланысты.
    Ер әбзелін түзедi деген тұрақты тіркес "ат жабдығын сайлады" деген мағынаны бiлдiредi. Мұндағы әбзел тiлiмiздегi басқа сөздермен де тiркеседi: үй әбзелі, дастархан әбзелі т.б. F. Мүсіреповтың "Ұлпанында" шай әбзелі деген тіркес бар. Әбзел парсы сөзi, "мүлiк", "құрал" деген матынада.
Тiлiмiзде жарамазан, жарапазан деген сөз бар. Осы сөз қашанғы жарамазан (жарапазан) айтамыз да жүремiз ("қашанғы қақсай беремiз") деген фразаға ұйытқы болған. Жарамазан сөзiн қазiргi кезде бүтiн сөз ретінде ұғамыз. Ал түптегiне қарасақ eкi түрлi сөзден құралған екен. Бұл сөз жалпы түркiлiк "жар" (жариялау, жар салу т.б.) сөзiне "рамазанның" (жылдың мұсылманша тоғызыншы айы) тіркесуі арқылы жасалып, дыбыстық өзгерiске ұшырағaн. Тiлдегi көмескі сөздердің барлығы бiрдей шет тiлдiк сөз бола бермейтiнi де белгiлi. Ондай сөздердің бiр алуаны ежелден бар, бастау тiлден қалған белгi. Оларды туыстас тiлдердегi факт айқындай түседi.
    Қазiргi тiлiмiзде мағынасы көмескiленiп, күңгірт тартқан сөздер, әсіресе, тұрақты тіркестер тобынан жиi ұшырайды. Өйткенi олар плеоназм, қос сөз түрiнде консервацияланып, басқа сөздермен серiктесiп жұмсалына бередi. Олардың бiрсыпырасын туыстас тiлдермен салыстыра қарағанда "көне" сыры ашыла түседi. Мәселен, мына бiр өленін оқып қараңыз:
Майда жал, қаз мойынды тобым қайда?
Бәрінен сыпырылдым бiр-екi айда.
Үстіне жел шықпаса адам шықпай,
Бұла өскен Аягөзiм қандай жайда?
Осы өлеңдегі бұла өскен тұрақты тіркесінің "eмiн-epкiн; өмірдің ыстық-суығын көрмеген деген ұғымы түсінікті. Ал бұла сөзi жеке тұрғанда қандай мән-мағына білдіреді. Туыстас қырғыз тілінің материалына үңілсек, бұла дегенннің о бастағы мағынасы "жібек, биязы жүн" екен. Қырғыз фольклорында бұла менен жiбектi ... деп келетін қалыптасқан тіркес бар. Туыстас тілдердің бiрiнде кейбiр сөздер, лексика-грамматикалық формалар, дыбыс құбылыстарыы көне тұрқын сақтап қалса, бiрiнде ішкі, сыртқы факторлардың әсерінен жаңа сипат алып, өзгерiске түсiп жатады. Сондықтан тарихшы-этимолог туыстас тілдердің фактiсiне жиiрек жүгiнедi.
    Тіл қолданысымызда қайым болды; тұрмыс қайым болды тәрізді тіркестер бар. Мағынасы – "өмірдің тетігін білді, өмірге бейімделді". Мұндағы қайым сөзі қырғыздың "кайым айтышуу", қазақтың "қайым өлең" дегендегі "қайым" сөзіменбайланысты болуы мүмкін. Eкi не бiрнеше кici өлең айтысқанда, бiрi бастап, екіншісі қостап, аяғын жалғастыра ұйқастырып әкетудi қырғыздар "кайым айтышуу" дейді. Қазақтың қайым өлені көбiне той-томалақта айтылады. Қайым айтушылардың жұрт таныған акын болуы шарт емес. Кез келген қазақ қайым өлең құрастыруға икемді болады. Қайсыбір қаламгерлеріміз күйсiз күлiк (бәйгеден бапсыз келген ат) тіркесін кейде "күйсiз көлiк" деп көне тұрқын бұзып қолданады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Жүйрік атты қазақтың сайгүлік, сайгүдiк дейтiнi белгiлi. Сайгүлік, сайгүдік дегендегі сай-дың мағынасы - "аты шулы, атақты". Қырғыз тіліндегі сай сөзі күлікке де (сай күлiк), тұлпарға да (сай тұлпар), буданға да (сай будан) тіркесе береді. Бұл үшеуі де "асқан жүйрiк" мағынасында қолданылады.
    Сөз арасында айта кететін бiр жайт: дағдылы тiл құбылысын қажет-мұқтатсыз тайғанақтатпау керек. Мұндагы бір қауіп: көрінген кici өз ырқымен құбыла берсе, қадірі болмайды. Бір жас автор ("Социалистік Қазақстан" газетінің бұрынғы бiр санында) жаңылыс айтты ма, жаңсақ айтты ма, оны "құдай бiлсiн", қызғыштай қорыды дегенді "қырғидай қорыды" дептi. О заман да бұ заман қырғидың қорығанын естіген адамның құлағы керең болар; қырғидың кәсiбi – қыру. Мұндай бойлауық мінезге, әрине тыйым салу керек. Сол тәрiздi бармаған жерім, баспаған тауым жоқ дегенді бармаған тауым, баспаған жерiм жоқ" деп "редакциялаудан" ұтылмасақ, ұтарымыз шамалы көрiнедi. Осындай әуенмен кете берсек, жата қалып төбелестіні де қайыра редакциялау керек. Өйткенi "жатқаны" қалай, жатса төбелескенi қалай деген ой тумай ма?
    Туыстас тiл материалдары мен ана тiл фактiсiн ұштастыра зерттеу, iшкi реконструкция тәсілін қолдану – этимологиялық ізденістің өнiмдi бiр түpi. Тiлiмiзде көбеңді көр де қой деген мақал бар. Ат көбен тартты (ат ұзақ уақыт өткiзiп барып семірді деген мағынада), көбең ат (жедел, жiтi жүрмейтiн ат) тәрiздi тіркестермен салыстыpcaқ бұл мақалдың мәні айқындала түседi. Осылайша бiр сөзге бір сөз, бір тіркеске екiншi тіркес жарығын түсiрiп, мағына көмескiлiгiн ыдырата түседi. Тағы бiрер мысал: білеудей болып icтi, тұлыптай болып iсті, күптей болып істі тәрiздi фразалық тіркестердің құрамындағы алдыңғы сыңарлар екінің біріне түсінікті емес, мұндай сөздердің тiл дерегінен бастапқы мағынасын іздеу қажет. Бiлеу "қайрақ" деген мағынада. Осы күнri ұйғыр тілінде қайрақты "биләй" деп атайды. Жанымаға бiлеменi бiлеп-бiлеп алып кел " немесе "аузын айға бiледi" дегендегi бiлеме, бiле сөздерiнiң түбiрi бiр. Ал жаңа туған бұзаудың терісінен iстелген ыдысты қайсыбір кезде "тұлып" деп те атаған. Тiлiмiзде тұлып iшiк деген тіркес те бар. "Күптей" сөзi күпшек (жастықша), күпшек сан, тиірменнің күпшегi, доңғалақтың күпшегi тәрiздi сөздермен төркіндес. Қазақта "жаман-жәутік" деген қос сөз бар. Осындағы "жәутік" деген сөзге қандай мағына телінген? О баста бұл асық ұғымына орай пайда болған ба дейміз. Мүжiлген асықты бiр кезде "жәутiк асық" дейдi екен немесе құлағымызға баяғыдан сіңісті болып, жатталып кеткен "Шық бермес Шығайбайды" алайық. Сонда "шық" деген сөз нені аңғaртады? "Шық"деп бiр кезде түгi жоқ тұлдыр кедейді айтқан екен, Шығайбай қазақ ауыз әдебиетінде capaңдықтың символы ретiнде қалыптасып кеткен ұғым. Шегіне жеткен сараңдықты Шығайбай деген бiр сөзбен-ақ шенеуге болады. "Шар қой" дейміз. "Қойы" кәдiмгi қой. Ал "шар" дегенiмiз не? Бұл қартамыс, ipi, еттi қой деген ұғымды бiлдiредi.
    "Ұлың Ұрымға (Ypiмгe), қызың Қырымға" деген фразеологизм бағзы бiр уақыттарда әр алуан ұғынылатын сияқты. Мұның жағымды және жағымсыз мәні бар. Ең алдымен, "ұлы-қызын өсiрiп, орын-орнына жайғастырып, я жай тапқан кici" деген ұғымды бiлдiретiн тәрiздi. Сонымен бірге, бұл фраза басқа сөздер ауанына қарай өзге де мағынаны жетелей жүредi. Мәселен, осы тіркеске кетсін, шұбасын (шұбатылсын) сияқты етістіктер қосақталса, жағымсыз мағына жамалып, тіпті, қарғыс мәнге көшiп кететіндері бар.
    Мұның этимологиясы мынадай нәрселерден аңғартады. Ұрым, не Ypiм ecкi әдебиетте Византия (немесе Кiшi Азия) деген ұғымды бiлдiредi. Осы сөздің ауанына қарай Қырым (ұйқас қуудан туған болу керек) сөзi жарыса қолданылады. Ал Ұрым (Ypiм) сөзi қазақ тiптi, қыпшақ тiлдерiнде (қазақ осы күнгi қырғыз, т.б.) үрімбұтақ деген ұғымның бiр сыңарында кездеседi. Бұл - "ұрпақ, тұқым-тұяқ" деген сөз. Тiлiмiзде ұлың ұяғa, қызың қияға деген бата-тілек мағынасындағы фраза да осындай жағымды мәнге ие. Демек, осы тәрiздi сан алуан фразалардың түп төркiнiн ашып, қолданылу (стилистикалық) аясын анықтау игi міндет.
    Осыған орай ескерте кететін бiр мәселе, казіргі кезеңде фразеология деген саланың лексикологиядан бөлiнiп, дербес отау тiккен пәнге айналғаны. Мұны құптамасқа болмайды. Неге десеңіз, бұл пәннің өзге салалардан ерекше тұратын өзiндiк белгілері мен қасиеттері айқындалып бiттi. Сондай ерекшеліктің бiз мынадай басты-басты үш белгiсiн атап айтар eдiк. Ол, ең алдымен, тұлғалық әрі мағыналық тұрақтылық және өлеңдегi ылғи қайталанып келiп отыратын қайырма тәрiздi дайын материал екендігі. Айтылған ойдың бiразын айқындай түсе ме деп, жоғарыда тұрақты тіркес, бiрер сөздің түп төркiнiне шолу жасадық.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 609 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 844 0















31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 48470 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46393 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44139 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика