КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

    Россия мемлекетінде болып жатқан бүліншілік, жүгенсіздік біздің қазақ ішіне де кіре бастады. Болшевиктер Орынборды алғанда, 200 болшевик ғаскеріне бастық болып Жалбағаев – Жангелдин – Степнов деген шоқыншақ Орынборға келіп, болшевиктер тарапынан Торғай облысына камисар болып тұр. Бұған помошник болып Орынборда тұратын Мұхамедияр Тұнғашин деген белгіленді. 
Енді бұлардың кім екендіктерін қысқаша айтып өтейін. Жалбағаев – Жангелдин – Степнов – түбі Торғай үйезінің қазағы, Николай заманында шоқынып, орыс арасында қаңғырып, басы ауған жаққа кетіп жүретін еді. Бұл күнде мұсылман дініне қайтыпты дегенді естиміз. Бұл бұрын орыстың поптарының христиан дінін үйрететін бастауыш мектебінде оқуын бітіре алмаған. Өзінің аз ғана өмірінің ішінде екі рет дінін айырбастап, иә орыс, иә қазақ бола алмай жүретін бұралқы еді.
    Мұхамедияр Тұңғашин – түбі төренің төлеңгіті. Ырғыз үйезінен. Кешегі Николай заманында губернаторға тілмаш болып, қазақтан көп пара алып, охраны отделениеде тыңшылық жұмысын атқарып, айына 20 сом алып тұрған адам. Бұның қазақтан пара алып, «тыңшы» болып тұрғаны мойнына қойылып, өткен жылғы апрель басында болған қазақ сиезінен қуылып шыққан еді.
    Бұл екі бұзық қосылып, Орынборда бірнеше жылдан бері шығып, қазақ халқына бас-көз болып отырған «Қазақ» газетасын жапты. Алаш автономиясына қарсы болып, автономияға керекті істерді Торғай облысында істететін емес. Торғай облысында һәм үйездерде земство әзір ашылған жоқ еді. Енді бұлар бұл күнде облосной земствоны аштыратын емес һәм Торғай облысында учредителни сабрание байлауы да біткен жоқ еді. Мұның да сайлауын істететін түрлері көрінбейді. Бұлардың ғұмыры көпке бармас. Бірақ аз ғана күннің ішінде былтырғы хан болып, ел шапқан бұзықтарды сүйеп, Торғай облысының қазағын бүлдіре ме деген қорқыныш бар. Заман ол қулардың дегенінше тұрмас. Ол аузы алты қарыс Николайды да тақтан тайдырған заман ғой. Қазақ халқы да жоқ болып құрып қалмас. Көп кешікпей бұл бұзықтар қазақ сотының алдында жауап берер һәм тиісті жазасын тартар.
    Россия мемлекеті бұзылып, орыс халқы бірі-бірін талап, өзді-өзіне қасқырша шауып жатқанда. Алаш автономиясының туын тігіп, бүліншілікке ұшыратпай, алаш балаларының аман қалуын көздеп тұрғанда, автономия ісін тоқтатуы земство, учредителни сабрание сайлау жұмыстарына кесе түсуі, бұның үстіне бүтін алашты тегіс аралап, бас-көз болып тұрған «Қазақ» газетасын жауып қоюы бұл қуларға аз іс емес. Бұл сықылды қазақ халқына зиян келтірген осы екі бұзықтан жаман қазақ халқының дұшпандары бар ма?

Арғын баласы 
«Бірлік туы». 1918 ж. № 24.
Міржақып Дулатовтың мақаласы
"Ақиқат" журналы

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз