КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Ахмет Байтұрсынұлы — Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
    Өмірбаяны
Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
1882—84 жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
1918-19 жж. Алашорда қатарында болады.
1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған.
1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Өзекті мақалалары
"Қазақтың бас ақыны" (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/q/1/id/756)
"Көшпелі һәм отырықшы норма" (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/757/q/3)
"Аз уақытта көп білу жолының басы" (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/q/1/id/758)
"Қазақ һәм түрлі мәселелер" (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/759/q/1)
"Оқу жайы" (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/760/q/1)
"Қазақ өкпесі" (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/761/q/3)
Ол туралы
"Ұлт ұстазы" (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/762/q/3)
"Ұлтым деп өткен ұлы тұлға" (https://mtdi.kz/main/akparat/id/763)
"Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды" (https://mtdi.kz/main/akparat/id/764)
"Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы" (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/q/1/id/765)
 Еңбектері
І. Ғалымның жарық көрген еңбектері
1. Қырық мысал. Крылов мысалдарының аудармалар жинағы. Санк- Петербор, 1909.-116 б.; Қазан, 1913.-96 б., Орынбор,1922.-96 б. – 3 рет;
2. Маса. Өлеңдер және аудармалар жинағы. Орынбор, 1911.-46 б.; Қазан, 1914.-94 б.; 1922.-95 б., Қолжазба. (Шыққан жылы белгісіз) – 3 рет;
3. Оқу құралы. Бірінші кітап: Балаларға арналған әліппе. Орынбор, 1912.-40 б.; О., 1913.-40 б.; О., 1914.-96 б.; О., 1916.-98 б.; О., 1921.-90 б.; О., 1922.-70 б.; Ташкент, 1922.-95 б.; О., 1923.-126 б.; О., 1925.-72 б.– 9 рет;
4. Оқу құралы. Екінші кітап: Алифбаға жалғасты. Орынбор, 1913.- 54 б.; Қазан, 1913.-52 б.; О., 1923.-73 б.; О., 1924.-72 б. – 4 рет;
5. Оқу құралы. Усул сотие жолымен, қазақша әліпбиге байаншы. Қазан, 1913.-15 б.; Ташкент, 1921.-14 б. – 2 рет;
6. Оқу құралы. Бірінші кітап: Үлкендер үшін. Семей, 1921.-30 б. – 1 рет;
7. Тіл – құрал. 1-нші жылдық: Грамматика (Дыбыс жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1914.-53 б.; Ташкент, 1918.-32 б.; Т., 1922.-90 б; О., 1924.-48 б.; Қызыл-Орда, 1925.-39 б.; Семей, 1927.-38 б.; Қ-О, 1927.-39 б.– 7 рет;
8. Тіл – құрал. 2-нші жылдық: Этимология (Сөздің жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1914.-120 б.; Ташкент, 1920.-96.; Қазан, 1920.-104 б.; Т., 1922.-96 б.; О., 1923.-128 б.; О., 1924.-128 б.; Қызыл-Орда, 1925.-122 б.; Қ-О., 1927.-122 б.– 8 рет;
9. Тіл – құрал. 3-нші жылдық: Синтаксис (Сөйлем жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1923.-68 б.; О., 1924. 67 б.; Қызыл-Орда, 1925.-73 б.; Қ-О., 1926.-73 б.; Қ-О., 1927.-73 б.; Қ-О., 1928.-72 б.– 6 рет;
10. Байаншы. Әдістемелік құрал. Қазан, 1920.-15 б.– 1 рет;
11. Уголовный кодекс РСФСР. (Табылмады. Баспаға 1921-ші жылы дайындалып, өндіріске жіберілгені туралы мұрағаттық мәлімет бар).
12. Ер Сайын. Мәскеу, 1923.-95 б.– 1 рет;
13. Мәдениет тарихы. Қызыл-Орда, 1923.-беті белгісіз. (Табылмады. 1923-ші жылы басылғандығы туралы М.Әуезовтың мәліметі бар, 1929-шы жылы түрмеден жазған мәлімдемесінде өзі айтады).
14. Әліпби. Жаңа құрал. Қызыл-Орда, 1926.-116 б.; Қ-О/Ташкент, 1927.-116 б.; Қ-О, 1928.-116 б. – 3 рет;
15. Әліппе – астары. Әліппеге жетекші құрал. Орынбор, 1924.-26 б. – 1 рет;
16. Сауат ашқыш. Ересектерге арналған әліппе. Орынбор, 1924.-114 б.; Семей, 1926.-83 б.– 2 рет;
17. 23 жоқтау. Мәскеу, 1926.-155 б. – 1 рет;
18. Әдебиет танытқыш әдебиеттануға кіріспе. Қызыл-Орда, 1926.- 286 б.; Ташкент, 1926.-286 б. – 2 рет;
19. Оқу құралы. Хрестоматия (Т.Шонанұлымен бірге, Қызыл-Орда, 1926.-412 б., Қ-О, 1927.-412 б.– 2 рет;
20. Тіл – жұмсар. 1- бөлім: Практикалық грамматика. Қызыл-Орда, 1928.-46 б. – 1 рет;
21. Тіл – жұмсар. 2-бөлімі: Практикалық грамматика. Қызыл-Орда, 1929.-90 б. – 1 рет.
22. Практическая грамматика. 2-ое стреотипное издание. Второе книга. – Кзыл-Орда, 1929.
23. Шарушылық өзгеріс. /Қолжазба/. Әңгіме №4., Жылы белгісіз, беті белгісіз.
(Мәлімет Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар қорынан алынды).

ІІ. Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары

1. Киргизские приметы и пословицы // «Тургайская газета» №39, 24 сентября 1895.
2. Кітаптар жайынан (Қол қойған: Маса) // «Айқап» №1, Б. 12-13,1911.
3. Қазақтың өкпесі //«Айқап» №2, Б. 12-14, 1911.
4. Жазу тәртібі // «Айқап» № 4, Б. 84-86, 1911.
5. Тағы да жер жайынан // «Айқап» №4, Б. 1-4, 1911.
6. Аз уақытта көп білу жолының басы (Қол қ.: А.Б.Б.) // «Айқап» №4, Б. 82-83, 1911.
7. Жазу тәртібі (Жалғасы, басы №4) // «Айқап» № 5, Б. 104-107.
8. Тағы да народный сот хақында // «Айқап» №6, Б. 6-10, 1911.
9. Бастауыш мектеп // «Айқап» №6, 1911.
10. Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар, бұйрықтар // «Айқап» №9, Б. 9-13, 1911.
11. Қазақ жерін алу турасындағы низам (Жалғасы, басы №9) // «Айқап» №10, Б. 14-16, 1912.
12. Шәйзіман мырзаға (Ш.Жияшевтің 1912-ші жылы №6-7-ғы «Бірге қозғалайық» мақаласына жауабы) // «Айқап» № 9, Б. 212-214, 1912.
13. Шәйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен санда) // «Айқап» №10, Б. 229-233.
14. Қазақ һәм төртінші Дума // «Айқап» №12, Б. 259-262, 1912.
15. Құрметті оқушылар! // «Қазақ» №1, 2 ақпан 1913.
16. Жақын арада басылып шыққан кітаптар әм шығатын кітаптар («Оқу құралы» кітабы туралы хабар) // «Қазақ» №1, 3, 1913.
17. Қазақтың тарихы (Түрік баласы) // «Қазақ» №4, 10 ақпан 1913.
18. Қазақша сөз жазушыларға // «Шора» №4, Б. 110-113, 1913.
19. Бес мың десетина жер // «Қазақ» №6, 1913.
20. Бас қосу турасында // «Қазақ» № 8, 1913.
21. Тағы да народный сот хақында // «Қазақ» №8-9, 1913.
22. Оқу жайы // «Қазақ» №11, 21 сәуір, 1913.
23. Шәйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен сандарда) // «Айқап» №11, Б. 251-254.
24. Қазақша оқу жайынан // «Қазақ» №14, 16 мамыр 1913.
25. Орыс «мейірманшылығы» // «Қазақ», 1913.
26. Білім жарысы // «Қазақ» №16, 31 мамыр 1913.
27. Білім жарысы хақында // «Қазақ», 1913.
28. Бас қосу турасында // «Қазақ» №18, 16 маусым 1913.
29. Қырық мысал (Аударма өлең туралы) // «Қазақ» №18, 19, маусым 1913.
30. Көшпелі һәм отырықшы норма // «Қазақ» №20, 29 маусым, 1913.
31. Шаруа жайынан // «Қазақ» №24, 31 шілде 1913.
32. Земство // «Қазақ» №25, тамыз 1913.
33. Орысша оқушылар // «Қазақ» № 26, 15 тамыз 1913.
34. Қазақ жерін алу турасындағы низам // «Қазақ» №29-30, 1913.
35. Ауру жайынан. // «Қазақ» №27, 25 тамыз 1913.
36. Оқыту жайынан // «Қазақ» №29, 7 қыркүйек 1913.
37. Қазақ жерін алу тураасындағы низам // «Қазақ» №29, 30. 1913.
38. Жауап хат (Қол қ.: Ахмет) (Сейдалин Жиһаншаның сиез туралы мақаласына жауап) // «Қазақ» №30, 14 қыркүйек 1913.
39. Жауап хат (Қол қ.: Ахмет) // «Қазақ» №31, (Жалғасы, басы өткен санда), 21 қыркүйек 1913.
40. Уақ қарыз // «Қазақ» №32, қазан 1913.
41. Егін егу // «Қазақ» №33, 9 қазан 1913.
42. Жер жалдау жайынан // «Қазақ» №34, 1913.
43. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №34, 16 қазан 1913.
44. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №35, (Жалғасы, басы №34-те), 24 қазан 1913.
45. Бас қосуға рұқсат берілмеді // «Қазақ» №35, 24 қазан 1913.
46. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №36, (Соңы, басы өткен сандарда), 31 қазан 1913.
47. Орынбор әм 13 октиабір // «Қазақ» №36, 31 қазан 1913.
48. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №39, 23 қараша 1913.
49. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №40, (Жалғасы, басы өткен сан- да), 30 қараша 1913.
50. Алаш азаматтарына (М.Дулатовпен бірге) // «Қазақ» №42, 15 желтоқсан 1913.
51. Бас қосу турасынан // «Қазақ» №42, 15 желтоқсан 1913.
52. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №43, (Соңы, басы өткен сандарда), 22 желтоқсан 1913.
53. Мұсылмандар үшін Петерборда болатын кеңес жиылысы (Қол қ.: А.Б.) // «Айқап» №7, Б. 112-114, 1914.
54. Жаңа кітаптар («Оқу құралы» кітабының 2-рет басылуы туралы) // «Айқап» №9, Б. 153-154, 1914.
55. Ғұлама // «Қазақ», 20 қаңтар 1914.
56. Роман не нәрсе? // «Қазақ» №48, 31 қаңтар 1914.
57. «Аңдаспаған мәселе» турасында (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №48, 31 қаңтар 1914.
58. Қазақ оқырмандарына арнау сөз // «Қазақ» №49, 2 ақпан 1914.
59. Қазақ әм түрлі мәселелер // «Қазақ» №49, 1914.
60. Губернатордың өзгертілулері (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №50, 14 ақпан 1914.
61. Досмайыл қажыға ашық хат (М.Дулатовпен бірге) // «Қазақ» №52, 28 ақпан 1914.
62. Наурыз құтты болсын! // «Қазақ» №53, 9 наурыз 1914.
63. Қазақ һәм түрлі мәселелер // «Қазақ» №59, 23 сәуір 1914.
64. Бастауыш мектеп // «Қазақ» № 61, 9 мамыр 1914.
65. Мектеп керектері // «Қазақ» №62, 17 мамыр 1914.
66. Ән, өлең һәм оның құралы // «Қазақ» №67, 23 маусым 1914.
67. Соғысушы патшалар (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №72, 31 шілде 1914.
68. Бұ заманның соғысы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №73, 8 тамыз 1914.
69. Алашқа (Қол қ.: Ахмет, Міржақып, Қыр баласы) // «Қазақ» №78, 16 қыркүйек 1914.
70. Закон жобасының байандамасы (Жалғасты материал) // «Қазақ» № 79-80, 1914.
71. «Тіл – құрал» (Оқулық туралы) // «Қазақ» №87, 1914.
72. Б.Л.Бурцев // «Қазақ», 1915.
73. Бұ қалай? // «Қазақ» № 91, 13 қаңтар 1915.
74. Қазаққа ашық хат // «Қазақ» №100, 1915.
75. «ов» туралы // «Қазақ» №102, 8 ақпан 1915.
76. Жәрдем комитеті // «Қазақ» №107, 25 ақпан 1915.
77. Жәрдем комитеті (Жалғасы, басы өткен санда) // «Қазақ» №108, 28 ақпан1915.
78. Газетімізге штраф // «Қазақ» №115, 31 наурыз 1915.
79. Ержан Айманұлы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №129, 23 мамыр 1915.
80. Екі қажы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №139, 30 маусым, 1915.
81. Ауқатты Алаш азаматтарына // «Қазақ» №151, 30 қыркүйек 1915.
82. Дағдарыс (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №161, 16 желтоқсан 1915.
83. Қойан (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №163, 31 желтоқсан 1915.
84. Туған тілім (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №167, 31 қаңтар 1916.
85. Шекіспей бекіспейді // «Қазақ» №167, 31 қаңтар 1916.
86. Қазаққа ашық хат (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №174, 23 наурыз 1916.
87. Әліппе басылып шықты («Оқу құралының» үшінші рет басылуы) // «Қазақ» №184, Наурыз 1916.
88. Қазақ жұртына (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №192, 11 тамыз 1916.
89. Алаш азаматтарына! Мұсылман фракциясына Петроград хаты. (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №192, 11 тамыз 1916.
90. Торғай һәм Ырғыз халқына (Міржақып, Сейітқазым, Мұхамедиярлармен бірге) // «Қазақ» №207, 1916.
91. Орынбор, 2-ші пеуірал // «Қазақ» № 216, 9 ақпан 1917.
92. Бостандық қарызы (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №227, 26 сәуір 1917.
93. Алаш азаматтарына (М.Дулатвпен бірге) // «Қазақ» №233, 11 маусым 1917.
94. Шорай ислам. Жалпы мұсылман сиезі (Ахмет, Әлихан, Міржақып, Кәдірбаев Сейдәзім, Омаров Елдес, Әлімбеков Имам, Бегіметов Нысанәлі. Ұжымдық мақала) // «Қазақ» №233, 11 маусым 1917.
95. Бұ заманның соғысы // «Қазақ», 1917.
96. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №244, 5 қазан 1917.
97. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №250, 14 қараша 1917.
98. «Алаш» партиясы проғырамасының жобасы // «Қазақ» №251, 21 қараша 1917.
99. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №253, 2 желтоқсан 1917.
100. Революция и киргизы // «Жизнь национальностей» №29, 3 августа 1919.
101. Заявление о вступлении в члены РКП (б) // Известия Киргизского края, 15 апреля 1920.
102. Лениннің елу жасы // «Ұшқын» №22, сәуір 1920.
103. Ұлы жиын // «Ұшқын» №7-8, 11 қазан 1920.
104. Ёще о голоде в Киргизии (Казахстан) // «Жизнь национальностей», 25 октября 1921.
105. Речь (Зам. наркомпроса КССР на І Всекиргизский съезде работников народного образования 18 мая 1922 года) // «Степная правда», 21 мая 1922.
106. Қалам қайраткерлері жайынан // «Еңбекші қазақ» №29, 8 шілде 1922.
107. Қазақты ағарту халімізден // «Ақжол», 14 шілде 1922.
108. Выступление к открытию «Дома печати» в Оренбурге 24 сентября 1922 года // Степная правда, 26 сентября 1922.
109. Просвещение и голод // «Степная правда», 28 сентября 1922.
110. Тәні саудың – жаны сау // Қазақ күнтізбесі, Орынбор 1922.
111. Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек // «Қызыл Қазақстан» №14, Б. 12-13, ақпан 1923.
112. Алты миллион қазаққа алты ат // «Қызыл Қазақстан» №14, Б. 12-13, ақпан 1923.
113. Қазақша жазу туралы жаңа ережелер (Е.Омаровпен бірге) // «Еңбекші қазақ», 19 ақпан – 22 наурыз 1923.
114. Қазақша жазу тақырыпты жаңа жазу ережелері (Е.Омаровпен бірге) // «Қазақ тілі», 22 наурыз 1923.
115. «Жаңа мектепті» шығару керек болды // «Жаңа мектеп» №1, Б. 3-6, 1925.
116. Баулу мектебі // «Жаңа мектеп» №1, Б. 22-27, 1925.
117. Енді «қазақ» демей болмайды // «Ақжол», 17 сәуір 1925.
118. Қазақстан мен Қазағыстан туралы // «Еңбекші қазақ», 19 мамыр 1925.
119. Қара-Өзек ауданында «Жетілік» базар болса екен (Қол қ.: «А.Б.») // «Еңбекші қазақ» №364, 7 қыркүйек 1925.
120. Жоқшыға дерек // «Еңбекші Қазақ», 14 желтоқсан 1925.
121. 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде емле жөнінде сөйлеген сөзі // Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. Орынбор, 1925.-118 б., Б. 27-31, 44; 47-48, 49; 53-55; 71-72.
122. 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде алфавит жөнінде жасаған байандамасы // Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. Орынбор, 1925.-118 б., Б. 55-65.
123. Әліп-би тақырыпты байандамасы: жобасы // Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. Орынбор, 1925.-118 б., Б. 55-65; 71-73.
124. Латын әліппесінің керексіздігі // «Еңбекші қазақ»,19 желтоқсан 1926.
125. Латын әліппесін алу туралы // «Еңбекші қазақ», 30 желтоқсан 1926.
126. Түрікшелер құрылтайы // «Жаңа мектеп» № 7-8, Б. 43-50, 1926.
127. Желкек // «Жаңа мектеп» № 7-8, 1926.
128. Тезисы о терминологии на тюркских языках // Бюллетень организационной комиссии по созыву І-го Всесоюзного тюркологического съезда №2, С. 20-22. – Баку, 1926.
129. Выступления в прениях: Об орфографии // Первый всесоюзный тюркологический съезд. Общество Обследования и Изучения Азербайджана, (стенографический отчет). – Баку, Б. 167-168; 286-289, 26 марта 1926.
130. Доклад о принципах казахской терминологии // Первый всесоюзный тюркологический съезд. Общество Обследования и Изучения Азербайджана, (стенографический отчет). – Баку, Б. 203-208, 26 марта 1926.
131. Заключительное слово как докладчика // Первый всесоюзный тюркологический съезд. Общество Обследования и Изучения Азербайджана, (стенографический отчет). – Баку, Б. 395-396, 26 марта 1926.
132. Қазақстан құрылысының жаңа дәуірі // «Еңбекші Қазақ» №225-226, 12-13 қазан 1926.
133. Араб әліп-биін жақтаған байандамасы [А.Байтұрсынұлы] // Әліппе айтысы. Б. 16-29., – Қызылорда, 1927.
134. Түзетілген әріп // «Жаңа мектеп» №1, Б. 32-36, 1927.
135. Дыбыстарды жіктеу туралы // «Жаңа мектеп» № 5, Б. 65-70, 1927.
136. Ана тілінің әдісі // «Жаңа мектеп» № 9, Б. 23-31, 1927.
137. Жалқылау (айырыңқы) әдіс // «Жаңа мектеп» № 11-12, Б. 45-49, 1927.
138. Ел мектебі // 29 желтоқсан 1927.
139. Жалқылаулы-жалпылау әдісі // «Жаңа мектеп» № 1, Б. 31-37, 1928.
140. Қай әдіс жақсы // «Жаңа мектеп» № 4, Б. 3-11, 1928.
141. Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізіу керек? // «Қызыл Қазақстан» №4, Б. 3-11, 1928.
142. Сәбитке жауап // «Еңбекші қазақ» №21, 26 қаңтар1928.
143. Тағы да жат сөздерді қолдану туралы // «Еңбекші қазақ» №109, 17 мамыр 1928.
144. Қазақ университетінің ашылуы (А.Байтұрсынұлының құттықтау сөзі) // «Еңбекші қазақ» №225, 4 қараша 1928.
145. Емле туралы // «Еңбекші қазақ», 27 наурыз 1929.
146. «Жауға түскен жан сөзі», «Қарқаралы қаласына», «Жұртыма» // «Сарыарқа самалы», 28 қаңтар 1933.

ІІІ. 1989-2009-шы жылдары қайта басылған туындылары

1. Байтұрсынов А. Шығармалары (Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер). – Алматы: Жазушы, 1989.-320 б.;1. Байтұрсынов А. Шығармалары (Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер). – Алматы: Жазушы, 1989.-320 б.;
2. Боздағым. (Қазақтың жоқтау жырлары). – Алматы: Жазушы,1990.-304 б.;
3. Байтұрсынов А. Ақ жол (Өлеңдер, тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу). – Алматы: Жалын, 1991.- 464 б.;
4. Байтұрсынов А. Оқу құралы. Қазақша алифба. – Бишкек: Периодика, 1991.-97 б.;
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992.-448 б.;
6. Байтұрсынұлы А. Жоқтау (Құраст.: А.Байтұрсынов атындағы қоғамдық қор). – Алматы: Қазақстан, 1993.-96 б.;
7. Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер?: Маса. Өлеңдер; Қырық мысал. Аудармалар. (Құраст.: А.Байтұрсынов атынд. ҚҚ). – Алматы: Қазақстан, 1993.-112 б.;
8. Байтұрсынұлы А. Жаңа низам. – Алматы: Жеті жарғы, 1996.- 128 б.;
9. Байтұрсынұлы А., Әліб-бій. Жаңа құрал. – Алматы: Рауан, 1998.-120 б.;
10. «Қазақ» газеті. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.-560 б.;
11. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. – Алматы: Жібек жолы, 2002.-208 б.;
12. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003.-208 б.;
13. Байтұрсынов А. Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2003.-224 б.;
14. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-т. (Өлеңдер, әдеби-ғылыми зерттеулер). – Алматы: Алаш, 2003.-408 б.;
15. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 2-т., (Оқу құралы, хрестоматия. Т.Шонановпен бірге). – Алматы: Алаш, 2004.-480 б.;
16. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-т., (Тіл – құралы: Қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Алаш, 2005.-352 б.;
17. Байтұрсынұлы А. Маса: Өлеңдер мен көсемсөздер. «Алтын қор» кітапханасы. – Алматы: Раритет, 2005.-208 б.;
18. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-т. (Әліппелер мен мақалалар жинағы). – Алматы: Алаш, 2006.-320 б.;
19. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-т., (Ер Сайын, 23 жоқтау, мақалалар). – Алматы: Алаш, 2006.-288 б.;
20. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – ҚХР, Үрімші: Шыңжаң халық баспасы, 2006.-272 б.;
21. Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. – Алматы: Сардар, 2009.-348 б. Тілтаным

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 489 0







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 912 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1095 0












31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49388 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47147 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44854 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика